400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы" тақырыбында Қазақстан тарихы пәнінен 9 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізгенде бөлімдерін әдістемелік көмек ретінде тарих пәні мұғалімдеріне пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№2 Ақсуат орта мектебі» КММ












Ашық сабақ жоспары


9 «А» – сынып


Тақырыбы: Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы























Пән мұғалімі: С. Сырлыбаев




2017 – 2018 оқу жылы


____________________

11.12.2017 жыл

9 «А»-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың майдан даласындағы, тыл жұмыстарындағы ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, қазақ азаматтарының ҰОС қосқан үлестері мен қажырлы еңбектерін баяндау және оқушылардың ізденушілік жұмыстары арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды еске сақтау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытуға және қазіргі заман талабына сай көзқарас қалыптастыру.

Тәрбиелік: Елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауда, үлгі етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімді қалыптастыру және өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу, тарихты білуге, батылдыққа баулу.

Көрнекілік: Карта, видео материалдар, слайд

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

  • Оқушылармен амандасып, түгендеу;

  • Топқа бөлу (әр түрлі кәмпиттермен)

  • Топ ережесімен таныстыру (оқушылардың ұсыныстарымен қосымша ережелер қосу);

  • Топ жетекшісін сайлаймын.

  • Топқа атаулары: «Б. Момышұлы», «Т. Бигелдинов», «Ә. Молдағұлова», «Р. Қошқарбаев» топтары.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: (5 мин)

«Қойылмаған 3 сұрақ» стратегиясы

4 топ бір-біріне қарсы 3 сұрақ қояды. Әр топта оқушылар өз тобымен ақылдаса отырып қарсы топқа 3 қойылмаған сұрақтар қояды. Әр топқа бір сұрақтан қойылады. Сұрақтар қайталанбауы тиіс.

Үй тапсырмасына қорытынды қорытынды жасау сұрағы: Қазақтың 1900-1940 жж. аралығындағы көркемөнеріндегі ерекшеліктер қандай болды деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары: (20 мин)

11 желтоқсан

Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы

  • «Білемін, білдім, үйренгім келеді» кестесін таратып шығып кестедегі «БІЛЕМІН» бөлігін толтыртамын. Яғни, бұл тақырыпқа байланысты бұрыннан білетін білімдерін жазып шығады.

  • Жаңа тақырыпқа ой қозғау мақсатында Ю.Б. Левитанның «Ұлы Отан соғысының басталуы туралы» хабарламасын назарларына ұсынамын.

  • Оқушыларға өтілетін тақырыптың мәтінін таратып шығамын, мәтінмен танысып шығуға 3 минут уақыт беріледі;

  • Топ ішінде талқылауға 5 минут уақыт беріледі;

  • «Өкіл» стратегиясы

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады.

ІҮ. Сабақты бекіту: (6 мин)

Білемін (Бұрын білетін білім)

Білдім (Бүгінгі сабақта білгені)

Үйренгім келеді (Алдағы уақытта үйренгісі келетінім)




Бүгінгі өтілген тақырып бойынша қорытынды жасау (алдымен оқушы, одан соң мұғалім қорытындысы)

Ү. Бағалау: (4 мин)

Топ басшысы топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бағалайды.

ҮІ. Үйге тапсырма: (2 мин)

  • Тақырып бойынша сұрақ жауап құрастыру;

  • Әр топтың атауына берілген Ұлы Отан соғысының батырлары туралы хабарлама дайындау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі