Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сурет көмектесетіне сенімдімін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталғандығы барлығымызға аян. Елбасымыздың үшінші жаңғыруымен кеңірек таныспастан бұрын, бірінші және екінші жаңғыруларына кішігірім тоқталып, еске түсіре кеткеніміз жөн.

Қазақстанның Бірінші жаңғыруы - 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.

Ал, Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан күннен-күнге алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыртуға да табан тіреді.

«Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - деген еді Мемлекет басшысы осы Жолдауында. Осы жаңғырудың аясында бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, əлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты белгілегендігі мәлім. Сонымен қандай басымдықтар?

- Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, яғни, бұл тұрғыдағы басты міндет - цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету.

- Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Мұндағы көзделген стратегиялық мақсат - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

- Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық. Бірден-бір басты міндет - ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.

- Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бұл ретте біріншіден, əлемдік деңгейдегі білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, яғни, білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау және де қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады, ал, бұл жоба қарсаңында тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Екіншіден, денсаулық сақтау жүйесіне байланысты, яғни, 2017 жылғы 1 шілде айынан бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайтындығы қарастырылуда. Үшіншіден, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға дейін арттырылатынын, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылатындығын, сонымен қатар, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20 пайызға өсірілетіндігін атап көрсетті. Бұдан бөлек, Елбасы осы ретте ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастырып, оны қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келтіру қажеттігін тапсырды.

- Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Бұл ретте Елбасы өз кезегінде, жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру керектігін айтып, Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді міндеттеді. Бұдан бөлек, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс екендігін, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу маңызды екендігін басты назарда ұстады. Ал, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытына тоқталған Елбасы оның шығу себептері мен алғышарттарын анықтап, әлі де болса толыққанды түрде аса назар аударылмай тұрғандығын ескеріп, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін атап көрсетті.

Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға толастар емес, керісінше, артуда. Бұл дегеніміз, бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, тек ол үшін Елбасымыз жариялаған жаңа стратегиялық реформаларды жүзеге асыруға баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде ғана алдағы асулар мен белестерді бағындыратындығымыз, алдымызға қойған межеге жететіндігіміз сөзсіз.

  Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі  іргелі негізі патриотизм болып табылатын өзіндік ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау екендігін атап өтті.

 Білім беру ұйымдарында білім берудің мазмұнын жүйелі жаңарту және тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша барлық білім деңгейлерінің алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындау жолдары Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» республикалық тамыз кеңесінің барысында талқыланды.

 Конференция жұмысына депутаттар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармаларының басшылары, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, жоғары оқу орындарының  ректорлары, колледж директорлары, білім саласын бақылау бойынша өңірлік департаменттердің және пилоттық мектептердің директорлары, мектеп мұғалімдері, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, ҚР БҒМ-нің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның, «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес АҚ-ның қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдарының, қамқоршылық кеңестерінің және ата-аналар қауымдастығының, БАҚ-тың, Үкіметтік емес ұйымдардың және баспалардың өкілдері қатысты.

 Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы жұмысының қорытындылары бойынша келесі  ҰСЫНЫМДАР қабылданды:

Білім және ғылым министрлігінің департаменттері мен комитеттеріне: 

- білім берудің барлық деңгейлерінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындау, барлық білім беру деңгейлерінде сапалы білім беруді қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау бойынша жүйелі шаралар қабылдау;

- «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыру;

- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу;

- білім берудің мазмұнын жаңарту мәселелері бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсініктеме жұмысын жүргізу;

- білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігіне мониторингтік тексеру ұйымдастыру, қорытындыларын жариялау және ашық талқылау;

- үш тілде оқыту жағдайында жұмыс істеу үшін пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша тілдік курстар өткізу жұмысын жалғастыру;

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасының енгізілу барысын бақылау және мониторинг жүргізу;

- Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қайтадан қарастырып және өзгертулер енгізу.

  •  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарына:

  • - жаңартылған білім беруді енгізуде әдістемелік көмек көрсету жұмысын жалғастыру;

  • - 5, 7 - сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерді критериалды бағалау бойынша қосымша оқыту курстарын ұйымдастыру;

  • - 2, 5, 7 - сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді іске асыру барысын талқылау үшін жергілікті, өңірлік және республикалық деңгейдегі мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының жұмысын жандандыру;

  • - менеджмент сапасының жүйесінде (МСЖ) орналастырылған оқу-әдістемелік материалдарға қол жеткізуді барынша жеңілдету.

  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына:

  • - жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде барлық білім беру деңгейлерінің қызметін, оның ішінде инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және әдістемелік қолдауды жетілдіру;

  • - білім берудің мазмұнын жаңарту аясында 30 пилоттық мектепте оқу бағдарламаларын, оқу әдебиетін апробациялауды және сапасын мониторингтеуді өткізу жұмысын жалғастыру;

  • - 2, 5, 7 - сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингін жүргізу;

  • - 5, 7 - сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу процесін әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

  • «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына:

  • - дарынды балаларды анықтауға, сүйемелдеуге және қолдауға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру;

  • - «Математикалық білім берудің сапасын арттыру», «Барлық білім беру сатыларында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру», «STEM» жобаларын іске асыруды жалғастыру;

  • - инклюзивті, біріктірілген білім беруді дамыту мақсатында білім алуға ерекше мұқтаждықтары бар балаларды ерте анықтау бойынша өзара әрекеттесу жүйесін құру.

  • Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына:

  • - қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін әдістемелік қолдаумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру; 

  • - туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық және әскери-патриоттық бағыттары бойынша тұрақты түрде республикалық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;

  • - қосымша білім беру ұйымдары қызметінің нәтижелілігін және қызмет көрсету сапасын бағалау мониторингін жүргізу (мерзімі: 2018 жылғы қаңтар);

- «Білім туралы» ҚР Заңының 5-бабына балаларға қосымша білім берудің түрлі бағыттағы үлгілік білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту туралы толықтыру енгізу.

  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ: 

  • -  қызқа мерзімді білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмысты, оның ішінде мазмұнда, оқытудың  әдістері және тәсілдерінде, білім беру  ұйымдарының қызметін бағалау өлшемдерінде инновациялық амалдарды ескере отырып педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстарын жалғастыру;

  • - орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету бойынша облыстық (қалалық) білім беру басқармалары (бөлімдер) мен әдістемелік кабинеттермен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты күшейту;

  • - педагогтер қызметінің тиімділігін мониторингілік зерттеу процесінде мастер-кластардың, вебинарлардың және тәжірибені таратудың басқа түрлерінің көмегімен педагогикалық ұжымдарды кәсіби дамыту мақсатында кәсіби өзара әрекеттесуді, өзара алмасуды ұйымдастыру үшін өңірлерде үздік педагогтердің тәжірибесін анықтау.

  •  «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ:

  • - модульді-құзыреттілік тәсіл негізінде үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын  өзектендіру;

  • - шетел оқулықтары мен оқу-әдістемелік әдебиеттерін мемлекеттік тілге аударуды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру.

  • Жоғары оқу орындарының басшылары:

  • - «Модернизация 3.0» жобаларын есепке ала отырып, жоғары оқу орындарының стратегиялық бағдарламалық құжаттарын өзектендіру;

  • - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жол картасын әзірлеу;

  • - Жастарда кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру мақсатында Жұмыс берушілер қауымдастықтарымен бірлесіп, жүйелі негізде бизнес-мектептерді дамыту және студенттік стартап жобаларды жылжыту бойынша жұмыс жүргізу.

  • Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына: 

  • - балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтуды арттыру бойынша жұмысты, оның ішінде жеке инвестицияларды белсенді тарту арқылы жалғастыру;

  • - оқу-тәрбие үрдісіне мазмұны жаңартылған мектепе дейінгі тәрбие мен оқытудың және бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын және оқулықтарды енгізуге жағдай жасау;

  • -  пилоттық режимде жаратылыстану-ғылыми пәндерді ағылшын тілінде жүргізуді бастау;

  • - білім саласының кадрлық қамтамасыз етілу жағдайын мониторингілеу жүйесін қалыптастыру;

  • - мектепішілік сенім, корпоративтік өзара әрекеттестік және жауапкершілік кеңістігін құруды, кәсіби құзыреттілікті дамытуды басқару бойынша жұмыста педагогтердің кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейту үшін коучерлер мен менторлер жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тұжырымдамалық идеясының негізінде білім беру ұйымдарында қазақстандық отаншылдық тәрбие бойынша жұмысты белсендету;

  • өңірлік жоспарларға мемлекеттік-жеке серіктестік жағдайларында туристік-өлкетану бағыты білімдерін тарату орталықтарын, алаңдарын кеңейту үшін инвестициялар тарту бойынша іс-шаралар енгізу;

Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында,  балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталықтарын, сондай-ақ жас туристер, натуралистер және экологтар, техникалық шығармашылық  станцияларын ашуды;

  • балалар демалысын ұйымдастыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, орман шаруашылықтары және тағы басқа аумақтарда инфрақұрылымды дамытуды;

ЖОО-дары мен колледждерде студенттік өлкетану клубтарын, жастар туристтік және экологиялық базаларын ашуды қарастыру;

- балалардың, оның ішінде білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалардың қосымша білім берумен барынша қамтылуын кеңейту және ҚР БҒМ РҚББОӘО-ға статистикалық ақпаратты ұсыну (мерзімі: 2017 жылғы 1 қазан);

- жасөспірімдер арасында діни экстремизм, құқық бұзушылық, өзіне-өзі қол жұмсау, зорлық, жарақаттанушылықтың алдын-алу бойынша жұмыс жүргізу;

  • - білім беру ұйымдарын қазіргі заман жабдықтарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жалғастыру;

  • - апаттық және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін жеке инвестицияларды тарту бойынша шаралар қабылдау;

  • - «Жаңа экономика моделі 3.0. шеңберінде білікті мамандарды даярлау» жобасын жүзеге асыру бойынша уақтылы Меморандумға қол қоюды қамтамасыз ету;

  • - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік және модульдік технологияға кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
3187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12