400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстаным-болашағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал шығармашылық жұмысты байытады.Өсіп келе жатқан ұрпаққа пайдасын тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстаным - болашағым

Жұлдызымсың көгімде жарқылдаған!
Саған деген сезімім сарқылмаған.
Қасиетті далаңның бейнесіне
Жыр арнауға ешқашан тартынбағам.

Көркіңе жетері жоқ келбетінен,
Жəннəтымсың жай алған жер бетінен,
Дархан далаң самалы соғар гулеп,
Бесігіндей анамның тербетілген.

Отаным, мұнша асыл қасиетің,
Қасиетіңе жайым бар бас иетін.
Өзің жайлы жыр жазсам тебіреніп,
Келеді тасый кеткім, тасый кеткім!

Жырақтасам, жетпейді тағат маған
Өзіңсіз күн батпаған, таң атпаған,
Қыран болсам көгіңде қалықтаған
Саған деген махаббат - қанат маған.

Астанам еліміздің төріндесің,
Киелі қазағымның жеріндесің.
Берік боп бекінген соң бас қаламыз,
Кəміл ғой шегінбесім, жеңілмесім.

Елтаңбам - еншілесі елдігімнің,
Туым менің тірегі теңдігімнің.
Ұлтымды ұлықтатқан ұлтқа өзге
Əнұраным - əуені кеңдігімнің.

Бақыт тамған, бал тамған бұлағымсың,
Сөнбейтұғын жанатын шырағымсың.
Өзіңде туып өскен мен бақытты
Басқа біткен байлығым - тұрағымсың.

Тарихтан сыр шертеді болашағы,
Болашағым бақытқа жол ашады.
Мəңгіге созылса екен Алла жазып,
Елімнің бақытына тола шағы!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.01.2019
415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі