"Қазақстаным менің"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстаным менің"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың отан,туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге. Еліміздің рәміздерін қәстерлеуге үйрету. Адамгершілікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа патриот азамат болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сабақтың тақырыбы: «Қазақстаным менің».
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік
. Оқушылардың отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге. Еліміздің рәміздерін қәстерлеуге үйрету. .
2.Дамытушылық.
Сөз қорын, ақыл ойын молайту.
3.Тәрбиелік.
Адамгершілікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: мақал мәтелдер , слайд, жалау, әнұран музыкасы, суреттер салынған буклеттер.
Сабақтың
әдісі: сұрақ - жауап, сайыс, түсіндіру
Сабақтың
жүрісі: І . Ұйымдастыру.
Оқушылар
назарын сабаққа аударту, екі топқа бөліп отырғызу.
мойындарында
көгілдір галстук тағылған.
ІІ.Негізгі
бөлім.
Мұғалім:
Балалар бүгін сыныбымызда думанды күн. Қәне, бәріміз бірге «Қазақстаным менің» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастайық. Бастамас бұрын айта кететінім әр топ өз тобының атын, ұранын дайындап отырады, ал мен көмекшілерім Айдана мен Ғалымжанды ортаға шақырамын. Айдана 1-жүргізуші, Ғалымжан 2-жүргізуші болып сабағымызды алып барады


1-жүргізуші; Қазақстан Республикам менің.

Әйнегі - күн, шатыры аспан .

Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын.

Әнұран – Мемлекеттік халықтық ән.

2 - -жүргізуші; Сынып қатар түзеп, тік тұрайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын!
Оқушылар
хор мен музыканың сүйемелдеуімен әнұранды шырқайды. Әнұран айтылғанда интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының туы, елбасы суреті, Ата заң, Астана қаласы , ондағы ескерткіштер, қазақ ғарышкерлерінің суреттері көрсетіледі. (Әнұран айтылып болған соң)

1-жүргізуші: топ басшыларыөзін таныстырып тобының атын ұранын топ пен айтады.

1-топ басшысы: Біздің тобымыз

«Атамекен» тобы

Ұранымыз: Атамекен анаң екен,

Қысылғанда панаң екен.

2 топ басшысы: Біздің тобымыз «Туған жер» тобы

Ұранымыз: Туған жердей, жер болмас

Туған елдей, ел болмас.
1 – жүргізуші; Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт-санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата бабаларымыз қалай аңсады десеңізші!
2 – жүргізуші; Ия, Айдана біз ата - бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған, көршілерімен тату –тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық айтпаймыз.
1 – жүргізуші;: Рас, сұлу табиғат, бай өлке бізде. Оны ақын жырлары да растай түскендей.
Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін..
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.
2 – жүргізуші; Ата бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біздер, бүгінгі ұрпақ қадірлеп, осы күн үшін күрескен азаматтарымызды еске алып, ертеңгі күніміз бүгінгіден де жарқын болатынына сенімдіміз.


1 – жүргізуші;

:Ел болдың ерік алдың астаналы.

Енді кімнен қазағым, жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі.

Нұрсұлтанның атымен басталады.

2 – жүргізуші; Мәңгі толы қазағымның ғұмыры.
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз қып тастаған.

Ғажап екен әдеті мен ғұрыпы.
1 – жүргізуші; Біздің тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:
1-ші бөлім -
Әдеби сазды монтаж
2-ші бөлім -
Топтар арасындағы сайыс
2 –жүргізуші;: Ендеше кезекті Отан, туған жер, туған тіл туралы жырлаған ақындарымыздың өлеңдеріне берейік. Тақтаға 1-«Атамекен» тобы оқушыларын шақырамыз.
Мұқағали Мақатаев. «
Елім барда» Ходжабаева Жанаргүл.
Әбу Сарсенбаев «Туған жер» Құралбекова Лаура.
Ілияс Жансұгіров «Анам тілі» Адилханова Тоғжан.
Мағжан Жұмабаев. «Қазақ тілі» Даулетова Жансеп.
.
1 – жүргізуші; Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік.
2 - жүргізуші: Ендеше Адилханова Ұлжан, Құралбекова Лаура, Кидирбаев Асылбектің орындауында «Жаса,Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Енді 2-«Туған жер» тобының оқушылары,
М.Мақатаев
«Үш бақытым» Аметов Адайбек.
Д.Әбілев
«Туған тілім» Сәндібаев Елдос.
Мұқағали Мақатаев. "Туған елге" Оспанова Индира
Сұлтанмақмұт Торайғыров «Мен қазақ» Аманқош Шынар әдеби сазды монтажды жалғастырады.
1 - жүргізуші: Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері - ұлан – байтақ жерімен, халқымен, ынтымағымен бүкіл әлемді таң қалдырды. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.
2 – жүргізуші: Әбу Сәрсенбаев өз өлеңінде
Мен
қатерге қарсы бардым сен үшін,
Көкірегімнен
қан төгілді сен үшін
Саған
жетер қасиет бар ма жаһанда,
Сен –
ұлысың, адам - сенің жемісің.
1 - жүргізуші: Рас, шынында да біз ХХІ ғасыр ұрпақтары өз еліміздің жемісіміз. Отанымыз бізді өсірді, жеткізді және алдымызға таудай талаптар қойды. Біз Отанымыз үшін қандай жақсылықтар жасаймыз? Оның сенімін қалай ақтаймыз?
2 - жүргізуші: Осы сұрақтарға сыныбымыздың белсенді оқушысы Алуадин Ақжүніс былайша жауап береді.
(Ақжүніс Отан туралы жазған шығармасын оқиды).
1 - жүргізуші: Отан ата - бабаларымыздан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жеріміз.
2 - жүргізуші: Ендеше келесі кезекті Отан, туған жер туралы ұлағатты сөздерге берейік. Ортаға «Атамекен» тобынан.
Ақмұрат Дариға. "Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы . Көре біліп, жүре-жүре Отаңына қайтқан бәрінен де жақсы."
М. Әуезов
Реймова Мөлдір. " Егемен елдің еңсесі биік."
Б. Момышұлы
Қуванов Қосай. " Елің үшін аянба - ерлігіңе сын
Жұртың үшін аянба – жігіттігіңе сын. " Б.Момышұлы

Адилханова Тоғжан. «Алтын анам Отаным, сеннен аяр жаным жоқ, сеннен іркер күшім жоқ-деп ер -қайратыңа міндағы, өрге бас» М. Әуезов.


2-жүргізуші: Ортаға «Туған жер» тобынан.
Сүлеймен Тәттімбет. « Туған жердің намысы, бөтен қолда кетпесін."
Қ. Рысқұлбеков Ибилиева Айсұлу. «Туған ел дүниеде сен болмасаң,
Өзімді отқа атар едім әлдеқашан."
Қ.Аманжолов.
Төребекова Айдана. « Күн көреді әкесіз де, анасыз да,
Өмір сүрер әйелсіз де, баласыз да,
Ал, Отансыз нағыз сорлы – панасыз.»
М. Мақатаев
Мұғалім:
Балалар кезек топтар арасындағы сайысқа да келіп жетті. Сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1." Білгенге маржан", яғни сұрақтарға жауап беру.
2. «Мақал – сөздің атасы» деп аталады. Мұнда берілген мақалды жалғастыру. Әр дұрыс жауап бір жалаумен белгіленеді.
1-шарт бойынша сұрақтарға жауап беру. Мұнда 16 сұрақ берілген соның 1 - 8 сұрағына « Атамекен» тобы,қалған 8 сұраққа « Туған жер» тобы жауап береді.
1.Желтоқсан
оқиғасы қай жылы болды?
1986
- жылы 16 - желтоқсанда
2.
Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991
- жылы 16 - желтоқсанда
3.Ұлттық
валютамыз қашан енгізілді?
1993
- жылы
4.Қазақстан
Республикасының елтаңбасының авторы?
Жандарбек
Мәлібеков, Шота Уәлиханов
5.Қазақстан Республика
сының туының авторы?
Ш.Ниязбеков
6. Қазақстан
Республикасының әнұранының авторы?
Сөзі:
Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов
Әні:
Ш.Қалдаяқов
7. Астанамыз
Астана қаласы болып қай жылы аталды?
1997
жылы.

8.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?

Тоқтар Әубакіров
9.Қазақстан
жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр?
9
- шы орында
10. Қазақстан
Республикасы қай елдермен көршілес?
Ресей,
Түркіменстан, Әзірбайжан, Қытай
11. Қазақтың үш биін ата?
Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би.
12. Ақ күрішті аймақ?
Қызылорда
13. Мұнайлы өлкелерді ата?
Маңғыстау, Атырау
14. Қазақстан Республикасында неше облыс, неше қала бар?
14 облыс, 85 қала бар.
15.Бәйтерек ескерткішінің биіктігі неше метр?
97м

16.«.Алтын киімді адам» жәдігері қай жерден табылды.

Есік қорғанынан.
Мұғалім
; Балалар келесі кезекті «Мақал –сөздің атасы » деп аталатын бөлімге береміз. Сіздерге туған жер, Отан туралы мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, сіздер соның жалғасың табасыздар. Енді 1-«Туған жер» тобы алдыңғы үш мақалды толықтырсын, «Атамекен» тобы 2-үш мақалды толықтырсын келістікпе.
1
.Отан- елдің анасы,
Ел -елдің анасы

2.
Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл

3.
Отанды сүю-
Отбасыдан басталады

4
. Аққу көлін аңсайды
Адам туған жерін аңсайды

5.
Ит- тойған жеріне
Ер -туған жеріне.

6.
Отаным- алтын бесігім.
Балалар қай топта жалау көбін анықтау үшін көмекшілерім Айдана 1-топтың, Ғалымжан 2-топтың жалауларын жинап шығады.
Қай
топта жалау көбін, анықтау. Ұпай саны көп топты марапаттау . Мақтау қағазын беру.
1-жүргізуші: Келген қонақтарға қонақкәде салты бойынша сыныбымыздың бишілері Адилханова Ұлжан мен Құралбекова Лаура мың бұралып билейді. Қарсы алыңыздар азағым "би
Мұғалім:
Балалар сабағымыз соңында. Еліміз тыныш, басымыз аман болсын! деп Кезекті «Қазақстаным менің» әніне берейік.
Хор: музыканың сүйемелдеуімен «
Қазақстаным менің» әні. Әнді айтқанда оқушылар қолдарындағы жалауды желбіретеді.


Қорытынды

,

«№10 жалпы білім беру орта мекткбі» КММ-сі.









АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ



Тақырыбы: «Қазақстаным менің»

Сыныбы: 6 «А»
















Музыка пәні мұғалімі: Ержанова . Л . У.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі