Материалдар / Қазақстаным менің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстаным менің

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Отан ,атамекен,еліміздің тарихымен,Қазақстан Республикасының заңымен,20 жылдық шежіремізбен таныстыру. Дамытушылығы:Оқушылардың өздерін қатыстырып,іздестіру жұмысын жүргізе білуге төселдіру. Тәрбиелігі:Оқушыларды Отанын сүюге,елін қадірлеуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
367
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Тәуелсіз Қазақстан « Бейбітшіліктің келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы »

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Отан ,атамекен,еліміздің тарихымен,Қазақстан Республикасының заңымен,20 жылдық шежіремізбен таныстыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың өздерін қатыстырып,іздестіру жұмысын жүргізе білуге төселдіру.

Тәрбиелігі:Оқушыларды Отанын сүюге,елін қадірлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:Еліміздің тарихы(слайд),буклет.

Түрі:сұрақ-жауап,баяндау,тіл дамыту.

Әдісі: танымдық сабақ

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.

Сынып үш топқа бөлінеді.Әрбір топқа ат қойылады.

І топ – Шежіре

ІІ топ – Атамекен

ІІІ топ – Астана

-Балалар бүгінгі сабағымыз ізденіс сабағы.Бұл сабақта Отан,туған жеріміз туралы білетінімізді жинақтап,тұжырымдап еліміздің 20 жылдық тарихымызбен танысамыз.

Жаңа материалмен жұмыс.

-Бүгінгі сабақта біз туған жеріміз, атамекеніміз туралы ой бөлісеміз.

-Балалар,Отан дегенде есімізге не түседі?Соны мына күннің әр шапағатына жазып көрсетейік.

(Тақтадағы күннің суреті салынған плакатқа оқушылар өз ойларын жазады)

Бүгінгі сабағымыз ізденіс сабағы,себебі әр топқа Абай туралы материалдар жинақтау тапсырылған.Қазір әр топ өзінің ізденіс жұмысын көрсетеді.

Шежіре тобына туған жеріміздің қысқаша тарихы берілген.

1-оқушы:Біздің «Шежіре тобы»туған жеріміздің тарихын бейнелейтін суреттер салып,материалдар жинақтады.

2-оқушы:1919-1925жж.Қазақ АКСР-нің астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929жж.Қызылорда облысы,

1929-1997жж.Алматы қаласы,

1997ж.Ақмола қаласы астана атанды,

1998ж.Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.Бұл атауда батылдық,мығымдық,айқындық ренк бар.Әрі қысқа да нұсқа.Барлық тілде бірдей естіледі.

3-оқушы:Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан-сенің туған жерің,ата-анаң,туған-туыстарың,дос-жарандарың мен өзің тұрып жатқан елің.Біздің Отанымыз-Қазақстан.

4-оқушы:Біздің еліміз-жерінің кеңдігімен қатар,табиғи байлығы да мол мемлекет.Өріс толы малы,жайқалған егіні,таусылмас кен байлығы,адал еңбегімен елінің даңқын,дәулетін арттырған аяулы азаматтары көп.

5- оқушы: Өткен жылдар жемісі

*1991 жыл 1 желтоқсан Н.Ә.Назарбаев ҚР Призеденті болып сайланды.

*1992 жыл қазан ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

*4 маусымда Призедент ҚР-ның мемлекеттік жалауы,елтаңбасы,желтоқсанда әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.

*1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

*1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Т.Мұсабаев аспан кегіне айлық сапарға аттанды.

6- оқушы:

*1995 қабылданды.жылы 30 тамызда Тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш «Ата Заңы»

*1996 жылы 30 тамызда«Қазақстан Конституциясына» 1 жыл толды.

*17 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді.Бұл күні Алматының Орталық алаңында «Тәуелсіздік ескерткіші» ашылды.

*1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу»жылы болып белгіленді.

*1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

*1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болды.

Атамекен тобына«Бақытты ел-Қазақстан» атты бүктеме дайындау.

1-оқушы:Орындалып көптен күткен арманы,

Ел қыраны биіктерге самғады.

Елу елдің қатарына қосылу-

Осы емес пе еліміздің арманы.

2-оқушы:Биылғы жыл Азиаданы сәтті ұйымдастырып өткізді.Бұл –елімізге абырой әперді.Шілде айында Астанада шанхай ынтымақтастық ұйымының(ШЫҰ)саммиті өтті.Ислам Ынтымақтастық Ұйымына жетекшілік ету де осы жылы біздің үлесімізге тиді.

3-оқушы:Осы жылы басты мерейтойымыз-Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы,ұранымыз – «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы болмақ.

-Балалар, сендер өз ізденістеріңді сабақ барысында көрсете білдіңдер.

-Енді Астана тобынан еліміздің бас қаласы Астана туралы білгендерін сұрайық.

«Астана көрінісін »тамашалайық.Ал енді сұрағандай не деп жауап қайтарамыз.

Ж айнаған гүлге толы сұлу қала

Ұ рпақтан ұрпаққа аңыз болып айтылар Ардақты Астана

Л ебі ескен Есіл бойында бой көтерген ару қала

Д аму қарқыны бойынша Іорында тұр.

Ы нтымағы мен достығы жарасқан қала

З аманауи ғимараттары бой көтеріп,қаланың көркімен тамсандырады.

Д үниежүзілік байланыс орнатып отыр.

Ы сқырған аязы мен суық қысы бар

Қ ысқы олимпиада өткен алғашқы қала

А стана өмірі,тарихы жайлы Елбасының «Евразия жүрегінде»атты кітабы бар.

Л егімен толассыз жүретін автомобиль,әуе,темір жолдар торабы.

А лтыншы шілде Елордамыз-Астананың туған күні.



А лғашқы адамдар ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған.

С имволы-Бәйтерек.

Т әуелсіздігімізді асқақтатып, егемендігімізді көрсететін бас қала.

А стана-жастардың,болашақтың қаласы.

Н ұр-Астана зәулім күмбезді мешіті Астананың дәл кіре берісінде тұрғызылған

А рман қала

-Енді танымдық сұрақтарға жауап берейік.

І топ.-Қазақстан қандай мемлекет?

ІІ топ-Еліміз Тәуелсіздігін қашан алды?

ІІІ топ-Еліңнің қандай болғанын қалайсың?

Қорытынды:-Иә, балалар тәуелсіздік бізге онай келген жоқ.«Ұрпағымыз тәуелсіз болса екен »деп бостандық үшін ата-бабаларымыз қанын төгіп,жанын берді.300 жылдай аңсаған бостандық пен Тәуелсіздік қолымызға тиді.

Елдің елдігін,мемлекеттің мәртебесін айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақытқа төтеп беретін дәрежеге көтерілу қалыптасады.Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендеп,шарықтап өсе берсін.

Сабақ соңынан Әнұран орындалады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!