400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстың ұлттық оюлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстың оюлары туралы оқушыларға түсінік беру. Оюлардың түрлерімен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»

Мақсаты: Балаларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, есте сақтау қабілеттерін шындау, ой-өрісін, сөз байлығын, тілін дамыту, қазақ тілінде айтылатын ою-өрнектердің түрлерін жаттатқызу. Қазақ халқының асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: суреттер, тақта, үлестірмелі материалдар, көрме.

Сөздік жұмысы: ою-өрнек, қошқар мүйіз, сынық мүйіз, итқұйрық, қос дөңгелек, ботакөз, таңдай.

Полилингвалды компонент: ою-өрнек – орнамент - .

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, дидактикалық ойын, сұрақ-жауап.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық.

Меірімділік шоған біз,

Қонақтарға шашайық.

Педагог: -Жарайсыңдар, балалар! Орындарына отырыңдар.


ІІ. Негізгі бөлім:

Педагог: -Балалар, айтыңдаршы, біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

-Қазақстан еліндегі ұлттар қалай тұрады?

-Әр ұлттың өз мәдениеті мен салт-дәстүрі бар. Бүгін біз қазақтың ұлттық ою-өрнектер түрлерімен танысамыз. Ою-өрнектер латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері бар. Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған. Ою-өрнектерді – жануарлар, өсімдіктер, геометриялық пішіндерге ұқсап келеді. Бүгін біз ою-өрнектің осындай түрлерін өтеміз: «Қошқар мүйіз», «Сынық мүйіз», «Итқұйрық», «Ботакөз», «Таңдай», «Қос дөңгелек». Осы ою-өрнектермен біз бүгін жұмыс істейміз.


«Суреттерді екі топқа бөл» дидактикалық ойын.

Ойын шарты: Балалар суреттерге қарап, ою-өрнегі бар және ою-өрнегі жоө суреттерді бөліп, қалташаларға салады.


Сергіту сәті:

Бас бармақты бассам егер,

«Ботакөз» боп шығады.

Алақанды ашсам егер,

«Бестаңба боп шығады.

Егер жұмсам алақанды,

«Тарақ» оюы шығады.

Оюларды білетін,

Біз ақылды баламыз.


«Кесенің оюын тап» дидактикалық ойын.

Ойынның шарты: Балалар берілген ою-өрнегі бар кеселерге түріне және түсіне ұқсас ою-өрнектерді табады.

Педагог: Келесі ойынды біз үстелдің басында ойнаймыз.


«Кілемшені ою-өрнекпен безендір» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарты: Балалар суретке қарап немесе өз ойымен, кілемшені ою-өрнектермен безендіреді.


ІІІ. Қорытынды:

Педагог: -Балалар, біз бүгін сендермен не туралы өттік?

-Қандай ою-өрнектер естеріңде бар?

-Бүгінгі сабақта қандай ойындар ұнады?

-Балалар, бүгін сабақта қатысқандарын үшін мен сендерге сыйлық жасап әкелдім, бояу-кітапшалары. Бұл бояу-кітапшасында, ою-өрнектер салынған, оны бояп, атауы жаттауға болады. Және де сандық, кілемше, киім-кешек, ыдыс-аяқта ою-өрнегі бар суреттер де бар. Рахмет сендерге балалар. Сау болыңдар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
19.09.2023
974
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі