400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Тексерілді»

Мектеп директоры: А.М.Қырықбай МДОӘЖО: А.Г.Абженбаева


Мектеп: «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» КММ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3 B Қазақстан Ресей империясының құрамында

Күні: 14.02

Сынып: 8 (7)

Мұғалімнің аты-жөні: Демеева.А.Б

Сабақ тақырыбы

Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.1.5 - қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

Зерттеу сұрағы

XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?


Сабақ мақсаты

Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің саяси, экономикалық, әлеуметтік себеп – салдары мен аталған көтерілістердегі халық талаптарының ұқсастығын анықтайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  1. Орал, Торғай және Маңғыстау көтерілістеріндегі халық талаптарын анықтайды;

  2. Көтерілістің саяси себебі мен салдарын анықтайды;

  3. Көтерілістің экономикалық себебі мен салдарын анықтайды;

  4. Көтерілістің әлеуметтік себебі мен салдарын анықтайды;

  5. Көтерілістің тарихи маңызын анықтайды.

  6. Көтерілістердегі халық талаптарындағы сабақтастықты анықтайды.

Дескрипторлар











Тілдік мақсаттар


  1. Орал, Торғай және Маңғыстау көтерілістеріндегі 2- 3 халық талаптарын жазады.

  2. Көтерілістің 1 саяси себебі мен 1 саяси салдарын жазады;

  3. Көтерілістің 1 экономикалық себебі мен 1 экономикалық салдарын жазады;

  4. Көтерілістің 1 әлеуметтік себебі мен 1 әлеуметтік салдарын жазады;

  5. Көтерілістің тарихи маңызын жазады;

  6. Екі топтың спикерлері көп дерек келтіріп, әрі тарихи ұғымдарды қолданып, мазмұнды сөйлеп, қарсылас топтың мүшелерін өз жағына тарта алу керек.

Пәндік лексика мен терминология:

Реформа, қоныстанушы, десятина, шариғат, шоқындыру, миссионер, шіркеу, басыбайлы шаруа, жұмысшы табы, буржуазия, жатақ, жалдамалы жұмысшы, демократиялық зиялылар тобы, халық санағы, реформа, генерал – губернаторлық, әскери губернатор, губерния, уезд, округ, пристав, болыс.



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

1867-1868жж. реформалардың салдары...

Қоныстандыру саясатының мақсаты...

Отырықшыландыру саясатының қазақ халқының өміріне әкелген өзгерістері...

Мен келесі өзгерістерді байқадым....

Қазақ ауылы өзгерді/өзгермеді, себебі....

ХІХ ғ. 60-80 жж. ұлт-азаттық көтерілістерінің себептері...

ХІХ ғ. 60-80 жж. ұлт-азаттық көтерілістерінің ерекшелігі...

Менің ойымша ...

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды/айтарлықтай маңызды болды, өйткені…

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар:

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Пәнаралық

байланыстар

География, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет, бейне баян, аудио, презентация, т.б.

Алдыңғы меңгерілген білім


1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформалары және оның себеп-салдары, реформаның қазақ халқының өміріне ықпалы, Қазақстан Ресейдің экономикалық мүддесі үшін маңызды аймаққа айнала бастағаны, өлкеге капиталистік қатынастардың ене бастауы туралы біледі.


Сабақтың жоспарланғанкезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


































Сабақтың ортасы






«Фишбоун» әдісімен көтерілісті талдау.

























«Пирамида» әдісі




«Бірге ойлаймыз»

әдісі.











Сабақтың соңы













Рефлексия.

«Бір сөзбен» әдісі

Ортада шеңбер жасап, кез-келген оқушы бүгінгі көңіл-күйімізді ыммен білдірейік. Бүгінгі сабақта «Достық торын» құра отырып..., әркім өз білімін көрсете білулері керек.

Өткен тақырыпты (1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформалар) еске түсірту мақсатында оқушыларға сұрақтар қою:

  1. 1867-1868 жж реформалардың жүргізілу себебі неде болды?

  2. 1867-1868 жж реформалардың 1822-1824 жж реформалардан айырмашылығы қандай?

  3. 1867-1868 жж реформалар бойынша орнаған жаңа әкімшілік жүйені сипатта

  4. Реформаның отаршылдық сипаттары неден көрінді?

  5. Реформаның тарихи маңызы қандай?

Жаңа тақырып, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру

(Дискрипторларды оқушыларға таратып беру.)

Сыныпты екі топқа бөлу.

1-топ. Орал, Торғай көтерілісін қарастырады.

2-топ. Маңғыстау көтерілісін қарастырады.

  1. Тапсырма.

Әр топтан 2 оқушы балықтың басына көтеріліске шыққан халық талаптарын жазады (2-3 талап).

2 оқушы балықтың бірінші қабырғасының жоғарғы бөлігіне көтерілістің бір саяси себебі мен төменгі қабырғасына бір саяси салдарын жазады.

2 оқушы балықтың екінші қабырғасының жоғарғы бөлігіне көтерілістің бір экономикалық себебі мен төменгі қабырғасына бір экономикалық салдарын жазады.

2 оқушы балықтың үшінші қабырғасының жоғарғы бөлігіне көтерілістің бір әлеуметтік себебі мен төменгі қабырғасына бір әлеуметтік салдарын жазады.

2 оқушы балықтың құйрығына көтерілістің тарихи маңызын жазады.


Бір оқушы кез келген сөз ұсынады,сөзден сөз тіркесін, сөйлем, мәтін, әңгіме құрастырады

Әрбір оқушыға берілген тапсырмаларды біріктіре отырып, топпен жауап ұсынулары тиіс.

1867-1868жж. реформалардың салдары...

Қоныстандыру саясатының мақсаты...

Отырықшыландыру саясатының қазақ халқының өміріне әкелген өзгерістері...

Мен келесі өзгерістерді байқадым....

Қазақ ауылы өзгерді/өзгермеді, себебі....

ХІХ ғ. 60-80 жж. ұлт-азаттық көтерілістерінің себептері...

ХІХ ғ. 60-80 жж. ұлт-азаттық көтерілістерінің ерекшелігі...

Менің ойымша ...

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды/айтарлықтай маңызды болды, өйткені…


Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттеріне БЕСТІК талдау жүргізеді:

1-Ұнаған тапсырма

2-Орындауға жеңіл болған тапсырма

3-Нені түсінбедім

4-Нені жақсы меңгердім

5-Өзіңді бағала

№1 – слайд.


8сынып. Қазақстан тарихы.


8 сынып. Хрестоматия.







№2-3 –слайдтар.











№4 – слайд.















№5-6-слайдтар.

























№7-слайд.


№8-слайд.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
2490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі