400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

   Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігі

«Т.Бигелдинов атындағы №46 ЖББМ»КММ

Қысқа мерзімді сабақ (жоспар)

Бөлім:

6.4 XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет

Педагогтің аты-жөні

Отеуова Манзура Газакбаевна

Күні:

15.05.2026 жыл

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны: 12

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы.

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

XVI - XVII ғасырлардағы көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының даму ерекшеліктерін анықтау.

Құндылықтар:

Пәнге кіріктіретін құндылықтар: кәсіби біліктілік және еңбекқорлық,дәстүрді құрметтеу,жауапкершілік.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресу

рстар

Сабақтың басы 5 минут





5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.Оқушыларды түгелдеу.Алдыңғы үй тапсырмаларын сұрау.Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

«Тарихи тілек» әдісі бойынша психологиялық ахуал туғызу.

«Тарихи тілек» Әр оқушы көршісіне тарихи тұлғаларды байланыстырып тілек айтады.

«Саған Абылай хан сияқты батылдық тілеймін!»

«Әл-Фараби сияқты білімді бол!»

«Томирис сияқты қайсар бол!»

Төрт түлік малды атау

Жылқының адам өміріндегі маңызы туралы сұрақтар.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

мадақтау

Қазақтардың

Шаруашылығынын суреті

Мұғалім презентациясы


Жаңа сабақтың барысы

25 минут

1 тапсырма. Жеке жұмыс

Ой-шакыру әдісі.

1.Көшпелілердің негізгі кәсібі қандай болды?

2. Көшпелілер қандай мал түрлерін өсірді?

3. Дәстүрлі шаруашылықтың басты ерекшелігі неде?

4. Көшпелілердің өмірінде дәстүрлі рөлі қандай болды?

5.Көшпелілер тұрмысында жылқының маңызы қандай болды?

Сөз тіркесінің мағынасын табыңыздар:

«Адам жылқы –мінезді»деген сөз тіркесі арқылы адаммен жылқы арасындағы байланысты анықтаңыз.

Тай атқа, ат мұратқа жеткізер– ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қасиетті малы, «асыл текті жануар» деп атауының мәні.

КБ «Жұлдызшалар» әдісі

2.тапсырма (Дәптерге толтырады)

«Жылқы туралы» https://www.youtube.com/watch?v=DmxS1y_0hRs

бейнематериалдын негізінде ақпараттық органайзерді толтыр.

КБ «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісі

Ақпараттық органайзер

Жылқының атаулары

Жылқының түстері



Жылқыға қатысты мақал- мәтелдер

Жылқының пайдалануына қарай түрлері



Қорытынды ой түйінді жаса:

3 тапсырма (зерттеу мен талдау)

Берілген мәтінмен өз біліміңе сүйеніп, төмендегі тапсырмаға дәйектеме келтіріп, оны деректермен дәлелдеңіз.

1. Төрт түлікке қой, сиыр, қой, жылқы, түйе жатады. Олардың сүтін, етін, жүнін, терісін, күшін т.б. заттарын пайдаланатын болғандықтан төрт түлік деп атайды. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Жылқының басқа малдан ерекшелігі тазалығы, тебіндеп шөп жеуі, сезімталдығы, жүйріктігі.

2. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген: күшті аттар, жүрдек аттар, жүйрік аттар.

3. Дүние жүзінде ең алғаш рет жылқыны қолға үйреткен ел – Қазақстан болып табылады. Бұған дәлел Қазақстаның Солтүстігінде орналасқан Ботай мәдениетіне археологгиялық қазба жұмыстар дәлел болып отыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі.

4. Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар.

Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. Қазақтар қымызды торсықта және сабада дайындаған. Қымыздың 40-қа жуық түрі бар. Оны әртүрлі жолмен дайындайды.

5. Қымыздың емдік қасиеті – қан айналым жүйесін, жүрек соғысын, жалпы имунитетті жақсартады.  Қымыз д, е, f, а, в, витаминдеріне бай. Қазақ халқында қымызға байланысты ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады.

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбада аттың суреті белгіленген. Ат тәуелсіздіктің, бостандықтың, жеңістің, жүйріктіктің символы ретінде қарастырылған. Аттың қанаты – көп ұлтты білдіреді.

КБ «Бармақпен» әдісі

ЕББҚ оқушыға жеке жұмыс

Тапсырма: Бос орынды толтыр.

Қазақтар__________________мал бақты.

Көшпелілердің ең басты түлігі_______.

Мал өсіру олардың негізгі_________ түрі болды.

(сөздер: көшпелі)

КБ «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісі









Дескрипторлар:

-көшпелі дәстүрлі шаруашылығы мен адам арасында байланысыне анықтайды;

- Сақ заманының жылқыларының ерекшелігін ажыратады;Қымыздың, саумалдың қасиетін сипаттайды

-Тазалыққа бейімдігі,тебіндеп жайылуы

Оқушылар «Жылқы туралы» бейнематериалдын негізінде ақпараттық органайзерді толтырады







Оқушылар берілген мәтінмен өз біліміңе сүйеніп, төмендегі тапсырмаға дәйектеме келтіріп, оны деректермен келтіреді;














































Дескрипторлар:

Көшпелі дәстүрлі шаруашылығы мен адам арасында байланысын анықтайды

Бағалау критерилері:

-көшпелі дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтайды;

- Ежелгі заманнан сабақтасқан көшпелі мал шаруашылығының дамуын сипаттайды























«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Мұғaлімнің мадақтау сөздері

Тамаша! Жарайсың! Өте жақсы




«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»


«Жұлдызшалар»



«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»



«Бармақпен»




Жылқы туралы

https://www.youtube.com/watch?v=DmxS1y_0hRs


http://e-history.kz/kz/video/view/289#sconten

Презентация мен мәтін беріледі

Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970.



Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010





Презентация мен мәтін беріледі













Түрлі түсті қағаз, фломастер, стикерлер қолдану


Қорытынды

3 минут

Кері байланыс

« Білімді стикер» Оқушылар өз жауаптарын ауызша немесе стикерге жазып.Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

«Бүгін сабақта не үйрендім?»

«Қай жері қиын болды?»

«Қандай сұрағың бар?»

Мұғалім стикерлерді қарап: Қай тақырып қиын болғанын анықтайды.Келесі сабақта нені қайталау керектігін жоспарлайды.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау.

А4, конспект


Үй тапсырмасы

2 минут

«Жылқы-ер қанаты»сондай-ақ тірек сөздерді қолданып эссе жазу.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.05.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12