400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Мектеп: Хлебодаровка ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Турмамбетова А.Т.

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар
саны:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы.

Зерттеу сұрағы: Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ш.Құдайбердіұлы, М-Ж.Көпейұлы, Қ.Халидтің еңбектеріне түсінік береді

Оқушылардың басым бөлігі:

Ш.Құдайбердіұлы, М-Ж.Көпейұлы, Қ.Халидтің еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығын бағалайды.

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану, талдау

Бағалау критерийлері:

1.Ш.Құдайбердіұлы, М-Ж.Көпейұлы, Қ.Халидтің еңбектерінің маңыздылығын анықтайды .

2.Ш.Құдайбердіұлы, М-Ж.Көпейұлы, Қ.Халидтің еңбектерін талдайды, бағалайды

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: тарихи хикая, мәшһүр, «Мәдени мұра»

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пәнаралық бай- байланыстар

Қазақ тілі, қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Абай Құнанбайұлының «Хәкім Абай» аталуын біледі.

Жоспар:

Жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы:

10 мин

Ұйымдастыру:

«Сиқырлы айна» тренингі арқылы оқушыларды сергітемін. Оқушыларға қобдишаның ішіндегі айна көрсетіледі. Оқушылар айнаға қарай отырып, өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді атайды.

«Тұлғаны таны» әдісі бойынша топқа бөлінеді. Оқушылар Ш.Құдайбердіұлының, М.Ж.Көпейұлының, Қ.Халидтың суреттерін тарату арқылы бөлінеді.


Ұ «Серпілген сауал» әдісі.

  • Абайдың өскен ортасы?

  • Абай мен Шәкәрімнің байланысы?

Бағалау. «Жетон» арқылы бағалау.

Жауап берген топтарға жетондар беріледі.








DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1

Ортасы:


22 мин

Бірінші бағалау критерийі: 1. Ш.Құдайбердіұлы, М-Ж.Көпейұлы, Қ.Халидтің еңбектерінің маңыздылығын анықтайды


Т. «Кластер» әдісі. Топта талқылай отырып, сызба құрастырады.

1-топ: Ш.Құдайбердіұлының еңбектерін құндылығы

2-топ. М.Ж.Көпейұлының еңбектеріндегі көзқарасы

3-топ. Қ.Халидтің еңбектерінің тарихи маңыздылығы


Дескриптор:

  • Сызба жасайды;

  • Еңбектерінің маңыздылығын түсіндіреді.


Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау


Мәтінмен жұмыс.

1-топқа:Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасынан үзінді

2-топқа:М.Ж.Көпеевтің «Бес қымбат» өлеңінен үзінді

3-топқа:Қ.Халидтің «Тауарих хамса» еңбегінен үзінді

Мәтіннен дәйексөз келтіру

Қандай сұрақтар туындады?

Көзқарасыңыз





Дескриптор:

  1. Ғұлама ғалымдардың еңбектерінің үзіндісін оқиды.

  2. Мәтіннен дәйексөз келтіреді.

  3. Мәтінен туындаған сұрақтарды жазады.

  4. Осы еңбекке қатысты көзқарасын айтады.


Саралау:

Барынша колдау: Қабілетті оқушылар топта көмектеседі,

Орташа қолдау: Қабілетті оқушылармен бірігіп жұмыс жасайды.

Аз қолдау: Мәтін бойынша өз көзқарастарын білдіреді.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі

Жасыл-түсіндім. Сары- әлі де сұрақтарым бар. Қызыл – түсінген жоқпын






А3 қағаздар, маркерлер, стикерлер









Қосымша әдебиет














Соңы. 8 мин









Рефлексия:





Үйге тапсырма:

«Сәлемдеме жіберу» әдісі.

Ш.Құдайбердіұлының “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” әнін қосамын. Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар жазылған шиыршық қағазды оқушылар бірінен екіншісіне жалғастырады. Ән тоқталғанда қағазы бар оқушы шиыршық қағазды ашып, сұраққа жауап береді. Осылай жалғасады.

1.М.Ж.Көпейұлын ағартушы деп бағалауға бола ма?

2. Шәкәрімнің саяси-азаматтық тұлғасының қалыптасуына не әсер етті?

3. Қ.Халид еңбектерінің құндылығы неде деп ойлайсың?

«Білім қоржыны».

-Мен бүгінгі сабақты өте жақсы түсіндім

- Мен бүгінгі сабақты жақсы түсіндім

-Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.- деп жазылған қоржындарға стикермен жазып салады.

Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпеев, Қ.Халидтің тарихи еңбектері туралы қосымша мәліметтер алып келу.












Қосымша ақпарат http:// www.e-history.kz

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушы- ларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс

1.Барынша қолдау көрсету

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай алға ілгерілетіп отыратын кесте тапсырмалар бердім. Диалог және қолдау көрсету мақсатында ойлантатын ауызша сұрақтар қойдым. Саралау бойынша қолдауды қажет еткен оқушыларға үлгі берілді.Үлгіні басшылыққа алып толтырды.

Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға мәтінмен жұмыс және эссе жазу жұмысы берілді.

Оқушылардың білімін саралау мақсатында «Сиқырлы айна», «Мозайка», «Серпілген сауал», «Кластер», «Мәтінмен жұмыс», «Сәлемдеме» арқылы шығармашылығын дамытамын.

Қабілеті жоғары оқушылар күрделірек алға ілгерілеп отыратын уақыт сызығын сызуға беремін,топ басшы етіп сайлаймын.

Қабілеті орта оқушылар мұғаліммен байланыста тақырыпқа сай картамен жұмыс істеп, нақты дәлелдер келтіреді

Қабілеті төмен оқушылар қажеттіліктеріне қарай оқулықпен, таратпа материалдармен жұмыстануға тапсырмалар беремін. Деңгейлік тапсырмалар ұсынамын

«Жетон» арқылы бағалау.

Жауап берген топтарға жетондар беріледі.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

«Бағдаршам» әдісі

Жасыл-түсіндім. Сары- әлі де сұрақтарым бар. Қызыл – түсінген жоқпын

«Білім қоржыны».

-Мен бүгінгі сабақты өте жақсы түсіндім

- Мен бүгінгі сабақты жақсы түсіндім

-Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.- деп жазылған қоржындарға стикермен жазып салады.



Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәті «Сиқырлы айна» әдісі арқылы оқушыларды сергітемін.


Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылды.


Дәптермен жұмыс кезінде партаға дұрыс отырмау омыртқа жотасының қисаюына әкеліп соғатынын ескерту.

Қаламды дұрыс ұстау қажеттігі еске түсіріп отырамын.

Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған
саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген
уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
2305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі