жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақтың байырғы қара есептері
Ғылыми жұмыс: Қазақтың байырғы қара есептері
©go.mail.ru
Бұл
жоба Қазақ халқының байырғы қара
есептерін, олардың шешу жолдарын
зерттеуге арналған. Қазақ халқының
ауызша тараған математикалық есептері
ауыз әдебиетінде де, математикада да
жинақталып, бір жүйеге түсірілмеген.
Бұл әлі астары ашылып, түбегейлі
зерттелмеген сала. Бұл ұсынылып отырған
еңбек осы бағытта жасалған алғашқы
қадам деуге болады.
Мұнда байырға
есептерді үш топқа бөліп қарастырған.
Атап айтсақ, «Алтын
қазына», «Ертегілер
елінде» және «Теңдеу
құрып шығаруға арналған есептер».
Берілген жұмыста әр бөлімге сипаттама
беріліп, есептер жүйесінің шешу жолдары
көрсетілген.
Пікір: Бұл
жұмыста оқушы қазақтың байырғы қара
есептеріне және олардың шешу жолдарына
тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза
отырып өзінің қазақтың байырғы өміріне
аса қызығушылықпен қарайтынын, замана
талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі
қалған, атадан балаға мұраға қалған,
жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған
математикалық есептерді жинап, оларға
сипаттама берген. Қазақтың байырғы қара
есептерінің әдебиетпен байланысын
көрсете білген. Бұл берілген жұмысты
математикадан қосымша сабақтарда
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын
арттыра отырып, логикалық ойлау
қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға
болады деген ұсыныс жасаймын.
Жоспары:
1.Кіріспе
бөлім
2.Негізгі бөлім
2.1 Алтын
қазына
2.2 Ертегілер елінде
2.3 Теңдеу
құру, графтар әдісін қолдану арқылы
шығарылатын есептер 3.Қосымша
4.Қорытынды
бөлім
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Жұмыстың
мақсаты: Логикалық
ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы
сезімге, өз бетінше еңбектенуге
тәрбиелеу.
Зерттеу
міндеттері: Ізденімпаздық
қасиеттерге жетелеу, ойы орамды,
шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі
мол тұлға қалыптастыру. Байырғы қара
есептердің математика курсында алатын
орнын анықтау. Тақырыпқа сәйкес есептерді
іріктеу және оларды шешу әдістерін
қарастыру. Қосымша мағлұмат
қарастыру.
Күтілетін
нәтиже: Осы
жобада анықталған зерттеулер мен
жинақтар математикадан қосымша сабақтарда
кеңінен қолданылса, оқушыларды логикалық
ой-өрістері кеңінен дамыған, шыдамдылыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиеленген тұлға
қалыптасады.
Кіріспе:
Замана
талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі
қалған, көк шыбықтай майысқақ, атадан
балаға мұраға қалған, жүрек қылының
пернесі - ауызекі тараған математикалық
есептерді жинап, ұсынып отырмыз. Оның
өз қыры мен сыры бар. Әр ғасырда өмірге
келіп, Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін,
әл-ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа
жету ізін, философиялық күрмеуін, Қазақ
халқының тәлімінің сыр-сипатын бейнелейді.
Осыдан да оның өз үні, өз лебі, өз көзжасы,
өз лебі бар. Қалай болғанда да екшеліп,
бізге жеткен. Бүгінгі күннің ой-өрісін
де көрсетіп, қысқа орам, иіріммен
қайыратын қағидалар келешекте де кәдеге
жарайтын асыл тас. Керек тастың ауырлығы
жоқ дейді халық. Тоғыз тарау иірімдерінің
бүге-шегесін меңгеріп, зерде тезіне
салып, керегенің көгіндей атқаратын
қызметін түсіну, көген түймесін
табу-есепті шешудің алтын балдағы. Алтын
балдақ-қарашық біреу емес. Ол көп. Із
кессең табасың. Есеп осыдан да сан қилы
жауап табады. Ол Қазақ халқының ауызекі
тараған есебінің кемшілігі емес -
артықшылығы. Қазақ халқының математикалық
білімінің қолданыс жағы басымдау. Ол
осынысымен құнды. Осылай десек те
қазақтың білімінің тамыры терең. Олар
қазіргі тілмен алғанда санаудың әр
түрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық,
тоғыздық пайдаланған. Бұрынғы қара
есептерді қазіргі есептеу құралдарымен
де шешуге болады. Зекет есебі, құмалақ
есебі-өз алдына әңгіме. Ол туралы
қосымшада мәлімет береміз. Алдағы
уақытта қазақтың байырғы есептерін
қарастыра отырып, олардың кейбіреулеріне
сипаттама береміз.
Зерттеу
жұмыстың мақсаты:
Логикалық ойлау қабілетін арттыру,
оқуға саналы сезімге, өз бетінше
еңбектенуге тәрбиелеу.
Қазіргі
заман өзектілігі: Оқушыларды
ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу. Зерттеу барысында мынадай
гипотеза ұсынылды: оқу процесінде
қазақтың байырғы математикасын, есептер
жүйесін қолдану математикаға оқып
үйренудің тиімділігін арттырады.
Зерттеу
обьектісі:
байырғы қара есептердің қолданымдары.
Жоғарыдағы гипотезаны дәлелдеу үшін
жекелеген бірқатар мәселелерді тұжырымдау
қажет: Қазақтың байырғы қара есептері.
Алтынның сыры кетпес, Сыры кетсе де сыны
кетпес. Алтын қазына. Бұл бөлімде оқушының
ой-өрісін, ізденімпаздығын дамытуға
арналған логикалық есептер қарастырылған.
Логикалық есептер оқушының тереңнен
ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытып,
пәнге деген қызығушылықтарын
арттырады. «Ескісіз
жаңа болмайды» есебі. Екі
сегіз - он алты. Және сегіз және алты.
Жандап жүрген бір алты. Барлығы қанша?
Ескісіз жаңа болмайды, Есепсіз дана
болмайды. Бүл есептің ауызша айтқанда
жауабы түрліше болады, себебі екпінді
түрліше түсіруге болады. Жазбаша
келтірілген есеп соның бір жағдайы
ғана, яғни 1) 2*8+8+6+6 =36. Бұдан басқа есептің
бірінші буынында мынандай жағдай болуы
мүмкін: 2) 2+8+10+6= 26, демек 26+8+6+6= 46; 3) 2+8+16=
26, демек 26+8+6+6 =46; 4) 2*8+10+6= 32, демек 32+8+6+6=
52; 5) 2*8+16 =32, демек 32+8+6+6= 52; 6) 2+80+6 =88, демек
88+8+6+6= 108. Бүл қарастырғанымыз есептің
бірінші буыны өзгеріп, екінші және
үшінші буыны өзгермегендегі жағдайлар.
Есептің бірінші және үшінші буыны
өзгеретін болса не болады? Үшінші буында
екі жағдай болады: 7) бір алты, демек 6,
мұны талдадық. 8) Бір және алты, демек 7.
Сегізінші жағдайды бірінші буыннан
шыққан алты жағдаймен әрекеттестіреміз.
Сөйтіп мына жауаптарды аламыз: 1) 2*8+8+6+7
=37, 2) 26+8+6+7 =47, 3) 32+8+6+7 =53, 4) 88+8+6+7 =109. Сонымен,
есептің бірінші және үшінші буындарының
өзгерісіне сай мына жауаптарды аламыз:
36, 46, 52, 108, 37, 47, 53, 109.
«Үнді
шәйі» есебі. Сәске
кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып
қоя салды. Кенже інім қолындағы қантын
сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант
құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп
ойлайсың? Бұта түбі кеуегі, Кеуегінде
көжегі. Бұлай деп айтуы есепті шешуге
болатындығын, әрі ол өзіне таныс нәрседен
басталады дегенге тіреледі. Жауабы:
қант құрғақ шай үстіне түсті.
«Бәрін
бірге ойлап қой» есебі. Түйе,
бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос-қос лақты қос
ешкі, Төрт қозылы екі қой, Бәрін бірге
ойлап қой. Бұл есеп Қырық бір түйір
құмалақ, өтірік айтпай, шынын айт, -
түйіндеуімен бітеді де Қазақ даласында
да құмалақшының да өз есебі бар екендігі,
оның құрмет пен сенімге ие болғанына
құмалақшы да бірлікке шақырғанына
күмәнданбаймыз. Жауабы: 19 бас мал.
«Нар
түйеден жүк ауыспас» есебі. Әр
түйе төрт қанар жүк көтерсе, жиырма екі
қанар жүкті Шалқардан Жармолға дейін
жеткізу үшін, Ыбырай оқушысы Медресінге
неше түйе керек болар еді?- дейді баласы
Емберген Тереков. Нар түйеден жүк
ауыспас. Жауабы. 6 түйе.
«Жыл
қайыру» есебі. -
Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы
. -4 жылқы, тоқтымын, - деді Тәттімбет
күйші. Тәттімбет неше жаста? Дананың
сөзі асыл тас. Жауабы.Тәттімбет 4 жылқы
деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын
айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос
деді, яғни 49+2=51.
«Бес
жиырма мен бес жақсы» есебі. Ең
бай Қазақ баласының қалыңына шектен
шықпай бес жиырма мен бес жақсы берді.
Бір жылқысы орта есеппен 20 сом тұрса,
бай баласының қалыңына қанша жылқы
берді деп ойлайсың? Бес жақсы, бес жиырма
деген не? Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақжаулық. Жауабы.бес
жиырманың мағынасы 50 жылқы. Бұл жерде
50 жылқы ішімен есептеліп отырғандықтан,
небәрі 100 бас болады. Бес жиырма да 100
деген сөз. Ал бес жиырма қалыңдық
сәукелесіне арнап, күйеу беретін кәде.
Бес жақсы үшін 500-600 сом береді. Есепте
«шектен шықпас» деген тіркеске жүгінсек
600 сом берген болады. Бір жылқы 20 сом
тұратындықтан бесжақсы үшін 30 жылқы
бергені. Сонда небәрі 80 жылқы қалыңмалға
берілген.
«Қораға
қамалған қой» есебі. 99
қой 15 қораға қамалған. Неліктен ең
болмағанда қораның біреуінде қойдың
саны тақ болады? Ақ сандығым ашылды,
ішінен жібек шашылды. Жауабы. Егер әрбір
қорада жұтан қой қамалса, онда олардың
қосындысы жүл сан болады. Ал 99-тақ сан.
Демек, ең болмағанда қораның біреуіне
тақ санды қой қамасақ, қана, тақ сан
шығады.
Ертегілер елінде. Ендігі
кезекте ертегі есептерді баяндайық.
Ертегі есептер десек те олардың ой
орамы, түйіні - шындыққа жүгінеді. Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дегенді
ескерсек, ертегі есептердің көбінің
бір-ақ жауабы бар. Есеп шығарғанда бірден
осыған көңіл аударып, басты мәселені
ажыратып алған жөн. Ертегі есептерге
мысалдар қарастырайық.
«Жүз
қаз» есебі. Келеді
үшып бір топ қаз, Суалып көлі болып саз.
Ескі жерге оралмақ, Мүны білмей жалғыз
қаз. Есенсіз бе, жүз қаз, Деді келіп бір
қаз. Мойнын бұрып бастаушы, Білдірді
оған былай наз. - Топқа тағы осындай
Жетпей түр ғой қосылмай. Оның және
ширегі, Болсын жарты керегі. Өзің жалғыз
кезіккен, Қосыларын сезіп пе ем?! Бәрін
бірге жинайық, «Жүз» атауын сайлайық,
Қанша едік баста біз? Деп Сізді де
қинайық. Жауабы: 36 қаз.
Қорытынды: Қазақ
педагогикасының математикалық астарлары
да түрліше. Олар біресе жұмбақ, біресе
өлең, біресе қарасөз, біресе ертек,
біресе ілмек, біресе дұзақ, біресе
сиқырлы ой айту тағы басқа түрде
кездеседі. Халық есептерінің өзімен
туыстас, жалғас, көршілес елдердің
салт-санасымен астарласып, үндесіп,
қабысып жататындығы бар. Барған жерін
Балқан тау, О да біздің көрген тау,
-демекші, қытайдың буы, орыстың ну-фуы,
қазақтың түуі түп тамырлас. Қазақтың
байырғы математикасында пәнаралық
байланыс өте кең дамыған. Соның ішінде
әдебиет пәнімен байланысты байқауға
болады. Қандай есепті алсақ та, мақал
немесе нақыл сөзбен түйінделген. Бұл
түйіндеулерге зер салсақ, әрқайсысының
тәрбиелік мәні зор. Тәрбие - сан қырлы.
Ата-тегінің табысын айту, халқыңның
дәстүрін сақтау, оны өз заманыңның
қағидаларымен шендестіру тәрбиенің
бір көзі.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
С.Елубаев «Қазақтың байырғы қара
есептері» Алматы Қазақстан 1996ж.
2.
Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы
1997
3. Қазақ халқының салт-дәстүрі.С.Қалие,
М.Оразаев-Алматы 1994
4. Интернет
желісі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген