жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҚЫЗДАРЫ тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Сабақтың мақсаты: Қазіргі замандағы қыз бала тәрбиесін жандандыру. Қыздарға өздерін өзгелердің көзқарасымен таныту. Этнопедагогикалық білім беру. Эстетикалық тәрбие беру. Ойды ашық жеткізе білуді дамыту.
Сабақтың түрі: Дебат сабақ,сахна сабақ.
Сабақтың әдісі: Мақсатты әдіс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сахна жабдықтары.
Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Сендерге бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін, қуанышқа толы күн болсын деп тілеймін.
Сабақ барысы
Мұғалім: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жазы жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам –
деп ақын жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше болғалы тұр.
Оның ерекшелігі сабақтың тізгінін сыныптағы ер балалар ұстағысы келіп отыр. Ендеше сөзді ортамыздан Әлібекке берейік.
Әлібек: Қыз бала біздің болашағымыз. Сондақтан да олардың тәрбиесі бізді бей –жай қалдырмайды. Біз бүгін сыныптағы ер балалар екіге бөлініп «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген тақырыпта дебат өткізбекшіміз.
Ақтаушы жақ:
Спикерлері: Нұрбек, Айдос, Қазбек, Даурен, Мадияр
Даттаушы жақ:
Спикерлері. Әлібек, Бекайдар, Бағдаулет, Қазбек, Даурен, Мадияр
Даттаушы жақ
1-спикер: Осы мен қыздарға қайран қалам. Үнемі өз айтқандарының болуын талап етеді. Айтқаны бола қалмаса жылап- сықтап мазаны кетіреді.
Ақтаушы жақ
1-спикер: Оның несіне қайран қаласың. Олар нәзік жаралған. Ата- бабаларымыз да оларды еркелетіп, тілектерін орындаған. Оларға осы қылық жарасады.
Даттаушы жақ
2-спикер: Осы мен қыздарға қайран қалам! Соңғы кездері олар кіндіктерін ашып жүреді. Ол денсаулыққа зиян. Олар болашақ ана. Өздерін еш күтпейді.
Ақтаушы жақ
2-спикер: «Заманың түлкі болса тазы боп шал» деген сөз бар. әр заманның өзінің өзіндік сән үлгісі бар. Талғаммен, сәнді киіну қыздарға жарасады. Олар үнемі кіндігі ашық киім кимейді. Олардың кейбір киімдері ғана сондай. Аттың үстінде жаумен күресіп жүріп те біздің аналарымыз бірнеше баланы дүниеге әкеліп, тәрбиеледі емес пе.
Даттаушы жақ
3-спикер: «Қызға қырық үйден тыю» деген. Оларға қарқылдап күліп, тарсылдап жүрген жараспайды. Қазақ қызының бұрымына 7 жастан кейін шашбау тағып, артық сылдырап кеткен кезде ескерту жасап отырған.
Ақтаушы жақ
3-спикер: Ол заман мен бұл заманды салыстыруға болмайды. Қазір жаңа заман. Әйелдер отбасы, ошақ қасының адамы емес. Олардың қоғамда өз орны бар. Олар министрлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері. Сондықтан біз қыздарға қос етек көйлек ки деп айта алмаймыз. Шашбау тағу туралы тіпті сөз жоқ.. Оны әшекей бұйым ретінде тағып жатса әрине сөз жоқ. Қалаулары білсін.
Даттаушы жақ
4-спикер: Мен осы күнгі қыздарға қайран қалам. Ас даярлау туралы мүлде түсініктері жоқ.
Ақтаушы жақ
4-спикер: Несіне қайран қаламыз. Ас даярлауға сонша көп уақыттың да, таланттың да қажеті жоқ. Қазір дүкенде жартылай дайын тағамдар толып тұр. Одан да бос уақыттарын сабақ оқуға, ғылымға арнағаны дұрыс емес пе!
Мұғалім: Өте тамаша! Құрметті жігіттер. Айтылған пікірлер өте тамаша. Енді осының қорытындысын пікірталасты көріп отырған қыздарымыз берсе.
1-қыз. Біз өзімізді даттаушыларды да, ақтаушыларды да тыңдадық. Ақтаушы спикерлердің сөзі нанымдырақ, қазіргі заман талабына сай деп ойлаймыз.
2-қыз. Құрметті біздің сыныптың ұлдары. Сендер бізге бір жарты ғана баға берген сияқтысыңдар. Бірақ біздің ішімізде қандай өнердің тұнып жатқанын білмейсіңдер ғой.
3-қыз. Олай болса қыздар, қане, ортаға шығыңдар.
Қыздар театрланған көрініс көрсетеді. «Еңлік – Кебек» трагедиясындағы Еңліктің қоштасу монологын, Қаракөздің аруақ бейнесін сомдайды. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романындағы Ұлпанның өмірмен қоштасу монологын оқып береді.
4-қыз. Біз қыздар қауымы «Қыз – елдің көркі» бағдарламасының шыққанына қуаныштымыз. Бойымыздағы өзіміз байқамайтын кемшіліктерді көріп қынжылып отырған жайымыз бар. Сондықтан біздің жасымыздағы құрбыларымызға мынандай үндеу тастағымыз келіп тұр.
Үндеу интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Сұлу да, кербез құрбылар!
Әрқашан да иманды, инабатты болайық. Өзіміздің табиғат берген сұлулығымызды басқа нәрсемен былғамайық. Ел сенімін ақтап, елімізге көрік берейік.
Қорытынды: Барлық қыздар қосылып М.Омаровтың «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін орындайды.
Сайф Сараи
Осы дәйексөздердің мазмұнын оқушылар өздері ашады.
Сабақтың тақырыбы:
Қылмыстық құқық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қылмыстық құқық, оның
құрылымы,ұстанымдары,функциялары туралы кеңінен
түсіндіру.Оқушылардың ойлау қабілетін қабілеттерін
дамыту,Конституцияны,құқықтық нормативтік актілердіорындай,
құрметтей білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
Сабақтың түрі:
лекция
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Қылмыстық кодексі
Сабақтың
барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды
түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй жұмысын сұрау,бекіту
Үй жұмысына байланысты қойылатын сұрақтар
1.Еңбек құқығы дегенді қалай түсінесің?
2.Жұмысшының міндеттері қандай?
3.16 жастағы бала түнгі жұмысқа қабылдана ала ма?
4.Еңбек кодексі қашан қабылданды?
5.Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылы 16 шілдеде
қабылданып, 1998 жылы 1қаңтарында күшіне енді. Қылмыстық кодекс
Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.Жалпы бөлімінде қылмыс пен жаза
туралы ұғым,жазаның түсінігі,жазадан босату жағдайлары
қарастырылады.Ерекше бөлімінде нақты қылмысы үшін жәнесол үшін
белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.Қылмыс дегеніміз қоғамға
қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет деп қылмыскердің адамға
жасаған зиянды әрекеті.Әрекетсіздік деп белгілі бір тұлғаның
қылмысқа дайындалып жатқанын біле тұра әрекет жасамауы.Ал қылмыстық
құқық дегеніміз адамның құқықтары мен бостандықтарын,қоғамды және
мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық
қатынастарды реттейді.Қылмыстық құқық құқық жүйесінің негізгі
саласы.Себебі:қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатуды
белгілейтін нормалардың жиынтығы.Қылмыстық құқықтың негізгі
заңдылық базасы- ҚР Конституциясы.
Қылмыс көбінесе жеке адамға жасалады.Қоғамның өзі жеке адамдардан
құралғандықтан, нақты бір адамға жасалған қылмыс, қоғамға да қарсы
жасалған қылмыс деп саналады.Егер 14- 16 жасқа толған азаматтар
қылмыс жасаған жағдайда. қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қылмыс әдейі, қасақана, байқаусызда жасалуы мүмкін. Мысалы:
қылмыскер адамды атарда,оның өмірі мен қиылатынын біле тұрып, оны
өлтіру үшін атады.Бұл тікелей жасалған қылмыс.Ал жанама түрде
жасалған қылмыс, егер қылмыскер өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті
екенін сезе тұрып, оның артындағы зардабын біле тұрып, бұлай
жасағысы келмей тұрсада қасақана қылмысқа барады.Мысалы:Болат ішіп
алған жағдайында өзен жағасында демалып жатқандарға тиіседі де,
бұзақылық жасап, Саматты суға итеріп жібереді. Бұл адам малту
білмегендіктен, суға кетіп өледі.Бұл жерде қасақана өлтіру ниеті
болмасада, адамды өлтіріп алады.
Қылмыстық құқықтың: қорғаушылық, сақтандырушылық, тәрбиелік функциялары
болады.Қылмыстық құқықтың негізгі функцияларына: қоғамдық тәртіпті
қорғау, қоршаған ортаны бүлінуінен сақтау, азаматтардың
қауіпсіздігін қорғау жатады.
ІY. Сабақты бекіту
сұрақтары
1.Қылмыс дегеніміз не?
2.Қылмыстың жасалу себебі неде?
3.Қылмыстық құқықтың функцияларын атаңдар
4.Құқық жүйесіне қандай салалар жатады?
5.ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?
Y. Оқушыларды бағалау
YІ.Үйге тапсырма:Қылмыстық құқық, қылмыс қайдан шығады тақырыбында
реферат жазып келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген