|
Сәлемдесу
Психологиялық
ахуал орнату
Психологиялық ахуал
«Жылы лебіз» әдісі
ӨҚН

Тақырып
ашу.Жалаушадағы сөзерді құрастырып
оқиды.
«Миға шабуыл»
әдісі
«Батыр» деген сөзді
қалай түсінесің?
Қандай батырларды
білесіңдер?
1.Мұғалімнің
кіріспе сөзі:(слайд көрсету)
Әлия Молдағұлова Ұлы
Отан соғысында ерлік көрсетке қазақтың батыр
қызы
1925 жылы Ақтөбе
облысында дүниеге келген
1942 –жылы майданға
аттанып,54- атқыштар бригадасында мерген
болған.
1944 -жылы ерлікпен
қаза тапқан,Кеңес Одағының батыр атағы
берілді.
Бейнематериал немесе
суреттермен танысу
2.Бейнематериалдар немесе суреттермен
жұмыс
Әлия Молдағұлова
туралы қысқаша деректі фильм
көресету
3.Тақпақ
айту:
1-оқушы:
Даламыздың
даңқысың,
Балауса гүл-балғын
қыз.
Жанын қиып халқы
үшін,
Жанып түскен ақ
жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде
енді,
Биік бол деп
таулардан.
Сенің балғын
бейнеңді
Жасап қойдық
мәрмәрдан.
Бірге соқсын
дүрсілдеп,
Туған жермен
жүрегің
Ауасында жүрсің
сен-
Әнге қосып жүр
елің
2-оқушы:
Әлия аты – ардақты,
Ерлігі қалған жалғанда.
Жауға қарсы шапқан ол,
Қорықпастан майданда.
Жас болса да жүректі,
Елі үшін жан қиды.
Мерген қыздың даңқы боп,
Жарқырады аты ұлы.
Отан үшін от кешті,
Батыр қыздың ерлігі.
Ұмытпаймыз ешқашан,
Жасай берсін есімі!
4.Көрініс:Балалық
шақ
(Сахнада Әлия мен
анасы.Анасы қызының шашын тарап
отыр)
Анасы:
-Қызым, сен өскенде
кім боласың?
Әлия:
-Мен батыр
боламын,елімді қорғаймын!
Анасы:
-Батыр болу оңай
емес,қызым.Ол үшін жүрек керек,ерлік
керек.
Әлия:
-Мен
қорықпаймын,ана!Отанымды ешкімге
бермеймін!
5.Топтық
жұмыс:
1-топ:Мазайка құрастыру (Әлияның
фото суреті шығады)
2-
топ:Ерлік туралы мақал мәтелдің
жалғасын табу
Батыр туса -ел
........(ырысы)
Қорқақ мың
өледі,батыр.....(бір өледі)
Батыр майданда
......(сынады)
Отан үшін отқа
түс-.........(күймейсің)
3- топ: «Егер мен батыр
болсам...»
Қорытынды:«Кім жылдам?»Сұрақтар
қою,тақтада дұрыс жауапты таңдау
1.Әлия қай жылы дүниеге
келді?
2.Әлия анасынан неше жасында
айырылды?
3.Әлия өскенде кім болуды
армандады?
4. Оның мамандығы
кім?
5.Қай жылы қаза
тапты?
6.Әлияға ерлігі үшін қандай
атақ берілді?
«Әлия» әнін
тыңдату
Әдебиеттер
тізімі:
1.Жұмақанов,
Жекен
“
Ұлы Отан соғысының
батырлары”
2.Сағи
Жиенбаев
“Әлия”өлең
3.Тайны и
судьбы великих казахов" бағдарламасына берген
сұқбатында.
|