жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақтың дарындылары
Тагаев Закиржан Алибекович
тарих пәні мұғалімі
«В.Комаров атындағы №7» ЖОМ КММ
«ҚАЗАҚТЫҢ ДАРЫНДЫЛАРЫ»
таңдау курсының бағдарламасы
8-сынып оқушыларына арналған
Түсінік хат
«ХХ ғасырдың басында тарих сахынасына жаңа ұрпақ көтерілді, «ОЯН, ҚАЗАҚ» деп ұран тастаған, сан ауыртпалықтан қашпаған нартәуекелге бет бұрып, болашаққа аттаған буын еді олар»
М.Қозыбаев
Мемлекеттің жылдам дамуы оның азаматтарының белсенді көмегінсіз мүмкін емес. Ол тарих сабақтарының кең түрде, терең түсінуден ғана туады. Өйткені, бүгінгі болашақ тек өткеннің негізінде қаланады.
Қазақ даласында қай кезең болмасын ұлт қамын ойлаған қайраткерлер аз болған жоқ. Олар еліміздің дамуына өз үлестерін қосты. Тарихи тұлғалардың негізгі ортақ мақсаты – саяси күрес, яғни халықты қараңғылықтан алып шығу, отарлық езгіні жою болып табылады. Олардың қайсысы болсын, терең білімділігімен, сан қырлылығымен және елін сүйген ұлтжандылығымен бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай іс тындырып, артына бай мұра қалдырды. Тарихи тұлғалардың құнды мұраларын зерттеу, талдау және оны өсіп келе жатқан ұрпаққа насихаттау тарих пәні мұғалімдерінің алдында тұрған- үлкен міндеттерінің бірі.
Бағдарлама
оқушыларды тарихи тұлғалардың мемлекеттік
және ғылыми-шығармашылық қызметін білу
арқылы отаншылдық қабілетін арттыруға
бағытталған. Бағдарлама арқылы оқушылар
тарихи үдерістерді дербес талдай
білу, тарихи фактілер мен құбылыстар,
тарихи тұлғаларға дербес көзқарас
білдіру және тақырыпқа сай түйінді
тұжырымдар жасау меңгереді.
Курстың өзектілігі:
Оқу бағдарлама барысында оқушылардың өз елінің белгілі тұлғалары туралы білім алып олардың елі үшін жасаған еңбектері туралы құнды деректер алады.
Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Курстың теориялық бөлімінде оқушыларға тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектері туралы толық мәліметтер беріледі. Практикалық бөлімде оқушылардық білімдерін, танымдық деңгейлерін арттыратын шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Курстың мақсаты және міндеттері:
Мақсаты:
Қазақ зиялыларының ұлы мақсаты- ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқандығын қазақ елінің болашақ іргетасын қалаушы бүгінгі жас ұрпаққа түсіндіріп ұғындыра білу.
Міндеті:
Тарихи тұлғаларды зерттеп, біліп қана қоймай, мемлекет тарихы ретінде жас ұрпаққа ұғындыру, үлгі ету;
Тарихи тұлғалардың өмірін үлгі ету;
Тарихи тұлғалардың өмірі мен олардың ұрпақтары туралы деректерді жинақтау;
Қазақ зиялылары туралы тарих- әлі де зерттеп, талдауды қажет ететін біздің өткеніміздің бір белесі, сондықтан жас ұрпақты осы тақырыптар бағытында шығармашылық ізденіске баулу, ғылыми- зерттеу жұмысына жол ашу;
Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.
Курстың практикалық маңыздылығы:
Практикалық жұмыс теориялық білімді одан әрі жетілдіреді. Оқушыларға жүйелі түрде ұйымшылдықпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Жүргізу әдістері:
Курс материалдары бойынша тест тапсырмаларын орындау, танымдық тапсырмалармен жұмыс жасау, рефераттар қорғау. Оқушылардың шығармашылық папкілерін жинақтау, шығармашылық жұмыстары бойынша көрме ұйымдастыру.
Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:
- Тарихи оқиғаларды, тұлғаларды білу, талдау;
- Тарихи оқиғаларлдың заңдылықтарын түсіну;
- Өз бетінше жұмыс жүргізуге жаттығу;
Болжам:
-
Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктері
мен оның әлемдік қауымдастықтағы рөлін
білу, талдап, жүйелеу;
- тарихи
мәліметтердегі фактілерді, пікірлерді,
құжаттарды және тарихи түсініктерді
айыра алу;
-
тарихи материалдармен өздігінен жұмыс
істеп, солардың негізінде рефераттар,
конспектілер, пікір жаза білу;
- қазіргі өмір жағдайына байланысты
тарихи құбылыстарды саралай отырып, өз
ұстанымын анықтау.
Оқушылардың білімін бағалау:
Таңдау курс бағдарламасы бойынша өтілген материалдарды терең түсінеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деп ойлаймын.
Курстың мазмұны
«Тарихи тұлғалар» таңдау курсы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат оқытылады.
І бөлім. Қазақтың ұлы хандары ( 8 сағат )
Қазақ жерінде хандық билік құрудың тарихы заңдылығы. Қазақтың ұлы хандарының өмір жолы. Ел билеудегі өзіндік ерекшелігі. Елінің азаттығы үшін істеген игі істерін, жеке ерлігіне баяндау. Ел басқарған хандардың ұрпақтары туралы деректерге тоқтару. Қазақ елінің дамуы жолындағы қазақ хандарының тарихтағы орнын көрсету.
ІІ бөлім. Қазақ билері ( 5 сағат )
Оқушыға қазақ хандығындағы билердің ролі, олардың қазақ мемлекеті мен ұлтын бірлікте ұстау үшін жүргізген саясатын түсіндіру. Тарихтағы билердің дауларға бітім айтудың маңызын айтып, қазақ қоғамы, тұрмысы, шаруашылығы және тәуелсіздік үшін жүргізілген күрестердегі билердің қызметінің маңызына тоқталу. Биелерден мұра болып қалған нақыл сөздерді баяндау. Қазақ хандарына кеңесші болған атақты билердің өмір жолын баяндау.
ІІІ бөлім. Ұлт – азаттық көтеріліс жетекшілері ( 7 сағат )
ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы ұлт қамын ойлаған қоғам қайраткерлері туралы деректер. Қоғам қайраткерлерінің өмір жолдары. Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт -азаттық көтеріліс жетекшілерінің еңбектері және олардың маңызы. Ұлт -азаттық көтеріліс жетекшілері туралы жазылған ғылыми еңбектер, дереккөздер және баспасөз мәліметтерімен таныстыру.
ІV бөлім. Қазақ зиялылары ( 9 сағат )
Қазақ халқының дамуы жолындағы қазақ даласындағы ұлт қамын ойлаған қоғам қайраткерлері туралы деректер қоры. Қазақ зиялылырының өмір жолдары. Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт зиялыларының халқы үшін атқарған игі істері. Қазақ зиялылары туралы жазылған ғылыми еңбектер, дереккөздері мен баспасөз мәліметтері.
V бөлім. Тарихта қалған адамдар ( 5 сағат )
Қазақ қоғамындағы ұлы тұлғалардың өзіндік алған орны. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолында еңбектері. Тарихи тұлғалардың өмір жолы. Қазақ халқының дамуы жолындағы қазақ даласындағы ұлт қамын ойлаған қоғам қайраткерлері туралы деректер қоры.
Оқу- тақырыптық жоспар
р\с |
мазмұны |
сағат саны |
оқыту әдіс-тәсілдері |
білімділік нәтижесі
|
мерзімі |
||
барлығы |
теория |
практика |
|||||
І тарау |
Қазақ хандары |
8 |
7 |
1 |
|
||
1.1 |
Керей мен Жәнібек |
1
|
1 |
|
ауызша түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
1.2 |
Қасым хан |
1 |
1 |
|
түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
1.3 |
Есім хан |
1 |
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
1.4 |
Тәуке хан |
1
|
1 |
|
түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
1.5 |
Абылай хан |
1 |
1 |
|
құжатты фильм көрсету |
теориялық білімін кеңейту |
|
1.6 |
Әбілқайыр хан |
1 |
1 |
|
ауызша түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
1.7 |
Кенесары хан |
1 |
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
1.8 |
Қортындылау |
1 |
|
1 |
талдау, жинақтау. |
танымдық қабілеті артады |
|
ІІ тарау |
Қазақ билері |
5 |
4 |
1 |
|
||
2.1 |
Төле би |
1 |
1 |
|
түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
2.2 |
Қазыбек би |
1 |
1 |
|
ауызша түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
2.3 |
Әйтеке би |
1
|
1 |
|
ауызша түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
2.4 |
Мөңке би |
1
|
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
2.5 |
Қортындылау |
1 |
|
1 |
семинар сабақ |
танымдық қабілеті артады |
|
ІІІ тарау |
Ұлт- азаттық көтеріліс жетекшілері |
7 |
6 |
1 |
|
||
3.1 |
Жанқожа |
1 |
1 |
|
ауызша түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
3.2 |
Амангелді |
1 |
1 |
|
құжатты фильм көрсету |
теориялық білімін кеңейту |
|
3.3 |
Кенесары |
1 |
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
3.4 |
Сырым Датұлы |
1 |
1 |
|
құжатты фильм көрсету |
теориялық білімін кеңейту |
|
3.5 |
Исатай |
1 |
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
3.6 |
Махамбет |
1 |
1 |
|
ауызша түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
3.7 |
Қорытындылау |
1 |
|
1 |
салыстыру, топтау |
танымдық қабілеті артады |
|
ІҮ тарау |
Алаш зиялылары
|
9 |
8 |
1 |
|
||
4.1 |
Мұхаметжан Тынышбаев |
1 |
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
4.2 |
Мұстафа Шоқай |
1 |
1 |
|
құжатты фильм көрсету |
теориялық білімін кеңейту |
|
4.3 |
Халел Досмұхамедұлы |
1 |
1 |
|
түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
4.4 |
1 |
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
|
4.5 |
Ахмет Байтұрсынұлы |
1 |
1 |
|
түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
4.6 |
Әлихан Бөкейханов |
1 |
1 |
|
құжатты фильм көрсету |
теориялық білімін кеңейту |
|
4.7 |
1 |
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
|
4.8 |
Міржақып Дулатұлы |
1 |
1 |
|
ауызша түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
4.9 |
Қорытындылау |
1 |
|
1 |
|
шығармашылыққа баулу |
|
Ү тарау |
Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған |
5 |
4 |
1 |
|
||
5.1 |
Д.Қонаев |
1 |
1 |
|
құжатты фильм көрсету |
теориялық білімін кеңейту |
|
5.2 |
Қ.Сәтбаев |
1 |
1 |
|
түсіндіру |
теориялық білімін кеңейту |
|
5.3 |
Ш.Уәлиханов |
1 |
1 |
|
лекция |
теориялық білімін кеңейту |
|
5.4 |
Ә.Марғұлан |
1 |
1 |
|
құжатты фильм көрсету |
теориялық білімін кеңейту |
|
5.5 |
Қорытынды |
1 |
|
1 |
жинақтау |
шығармашылыққа баулу |
|
Мұғалімге арналаған әдебиеттер:
1. М. Қозыбаев, т.б. Қазақстан тарихы. 9 сынып.Алматы «Мектеп»2005 ж, 248б.
2. Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003 ж, 256 бет.
3. Тұрлығұлов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984 ж.
4. Қазақ ССР энциклопедиясы Алматы. 1984 ж
5.Ұлы ұлға//Қазақ тарихы. Респ. ғылыми-әдістемелік журналы №12. 2004 ж,3-б.
6. Аманжалов Қ. «Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиет пайдалану», Алматы, 1971 ж. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, «Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1
7. Ч.Валиханов. Алматы. 2006 ж
8. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар, «Қазақстан мектебі», 1989 ж, 9 б, 40-43 б.
9. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі. 1991 ж. №6.
10. Қазақстан тарихындағы Ұлы тұлғалар: портреттер. Алматы.2003 ж
11. А. Смайыл Астана ғасырлары.Астана 2010 ж
12. Ж.Қасымбаев. Қазақстан тарихы.8- сынып.Алматы «Мектеп»,2004 ж,248 б.
13. І.Есенберлин. Көшпенділер. Алматы «Атамұра»,2003 ж.
14. Ә.Бокейхан .Астана. 2010 ж
15. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Оқу құралы. Астана. 2001 ж. 153 б.
16.Ақтөбе энциклопедиясы. Ақтөбе 2001 ж
17. С.Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? №5.2008 ж Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.
18. Т.Хазіретәлі Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары. №3.2007 ж Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.
19. Е.Қайкенов. Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие. № 8. 2007 ж Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 бб.
20. М.Қ Қозыбаев. Қазақстан тарихы. Алматы. 1993 ж
21 Шалқар энциклопедиясы. Шалқар .2009 ж.
22. М.Қозыбаев . Қазақстан тарихы.Алматы: мектеп. 2009 ж . 9-сынып
Оқушыға арналған әдебиеттер:
1. Қазақ ССР энциклопедиясы Алматы. 1984 ж
2 Ақтөбе энциклопедиясы. Ақтөбе 2001 ж
3. Шалқар энциклопедиясы. Шалқар .2009 ж.
4. Жаратылыстану . Есназарова Ұ.Ә, Бекалай Н. Білім 2002 ж
5. Ұлы ұлға // Қазақ тарихы. Республиклық ғылыми- әдістемелік журналы №12.2004 ж, 3-б.
6. Қазақстан тарихындағы Ұлы тұлғалар: портреттер. Алматы.2003 ж
7. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Оқу құралы. Астана. 2001 ж. 153 б.
8. М.Қ Қозыбаев. Қазақстан тарихы. Алматы. 1993 ж
9. М.Қозыбаев . Қазақстан тарихы.Алматы: мектеп. 2009 ж .9-сынып
10. М. Қозыбаев, т.б. Қазақстан тарихы. 9 сынып. Алматы «Мектеп» 2005ж,-248 бет.
11. Ж.Қасымбаев. Қазақстан тарихы.8- сынып.Алматы «Мектеп», 2004ж, 248 бет.
12. І.Есенберлин. Көшпенділер. Алматы «Атамұра»,2003 ж.
13. Отан тарихы. Ғылыми журанл Алматы. 2011ж. №1. 59 б
14. Қазақ тарихы. Республикалық ғылыми- педагогикалық журанл. 2005 ж басылым
15. М.Жолдасбеков. Ел тағдыры – ел тағдыры. Алматы. Санат 1997 ж. 688 б
16. Н.Назарбаев. тарих толқынында Алматы. 1999 ж
17. К. Нұрпейісов Алаш һам Алашорда. Алматы. 1998 ж
18. Ақиқат . №4. 2001 ж .90 -б
19. Аңыз адам журналы 2012 ж. басылым
20. Ақтөбе газетінің жинағы
Қосымша:
Cөзжұмбақ: « Алаш »
Сызбалар нұсқасы
Сөзжұмбақ «Хандар»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген