Материалдар / Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір студентке әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2021
477
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ:

Қазақ тілі

Күні:


Мұғалім


Сынып: 

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Қазақтың күй өнерінің құдіреті

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О7.1.Ғаламтор, энциклопедия, газет – журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторға сілтеме жасау

Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады;
Ғаламтор, энциклопедия, газет – журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолданады;

Көптеген оқушылар
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын мақала, нұсқаулық, әңгіменің стильдік ерекшеліктерін айырады;
Ғаламтор, энциклопедия, газет – журналдар, оқулықтардан алынған деректерге сипаттама береді

Кейбір оқушылар
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.
Ғаламтор, энциклопедия, газет – журналдар, оқулықтардан алынған деректерге сипаттама беріп, сілтеме жасай алады

Бағалау критерийлері

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.
Ғаламтор, энциклопедия, газет – журналдар, оқулықтардан алынған деректерге сипаттама береді

ұПәнаралық байланыс:

музыка

ғаліҰлттық құндылықтар

Өз халқының мәдениетіне, өнеріне деген құрмет

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.


Осыған дейін меңгерілген білім

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы










Жоспарланатын уақыт









Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер









Дереккөздер

Сабақтың басы
2минут






15минут


Қызығушылықты ояту, сабаққа болжам жасау.

«Ақсақ құлан» мультфильмінен үзінді көрсету.

Осы мультфильмнен кейін сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтап алу

Тақтаға сабақ мақсаты ілінеді.

Сұрақтар:
1. Адамның көңіл күйі дегеніміз не?

2. Өнердегі күйді қалай түсінеміз?

3. Құдіреттілік деген не?

Көңіл күй мен күйдің байланысы туралы айтады.

Мұғалім «Күй» туралы мәтінді таныстырады.

Кері байланыс:

Оқыған деректері бойынша ойлары мен көзқарастары тыңдалады.

Бағалау: Қол шапалақтау

«Ақсақ құлан» мультфильмі





Ғаламтор материялдары

Сабақтың ортасы













20 минут




























  1. Жарнама дегеніміз не?
    2. Мақала деген не, ол қалай жазылады?
    3. Хабарландыру деген не, ол қалай жазылады?
    Кері байланыс::
    * Мақала, жарнама,хабарландыру, әңгіме жанрлары туралы ойлары тыңдалады.

Үстелге тапсырмалар қойылады. Оқушылар өз қалауымен тапсырма таңдайды. Сол тапсырмалар түріне орай үш топқа топтасады. Топтарға тапсырма ұсынбас бұрын 1- топқа хабарландыру туралы, 2-топқа жарнама туралы, 3-топқа мақала туралы нұсқау-ережелер таратылады. Олар топта талқылай отырып, нұсқау-ережені түсінеді. Содан соң тапсырма беріледі:

1 топ-тапсырма. Хабарландыру жазу

Жуық арада «Күй өнері» оқу орталығы ашылғанын хабарлап, тіл үйренушілерді арнайы курстарға шақырыңыз. Хабарландыру жазыңыз.

  1. Курстың мақсатын, өту орнын, мекен-жайын, уақытын жазуды ескеріңіз.

  1. Хабарландыруды сенімді етіп жеткізіңіз


Бағалау критерийі

Дескриптор

1

Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру жазады

хабарландыру жазады;

хабарландырудың жанрлық ерекшелігін сақтайды.

2

Жазған хабарламаларын сенімді жеткізе білді

Жазғандары мен жеткізу әрекеттері жақсы шықты

Сенімділік танытты


2 – топ. Тапсырма «Күй үйренейік!» тақырыбында жарнама жасаңыздар.

Әр топ өздеріне түскен тілді өзге оқушылардың үйренуі үшін қызықты жарнама жасайды.

Бағалау:

  1. жарнама сәтті шықты деп ойлайсыз? Неліктен?

  2. Жарнама несімен қызықтырақ болды? Неліктен?

  3. Жарнамаға сенімділік танытпайтын тұсы? Неліктен?

3- топ. Мақала

Шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық өнерін таныстыру мақсатында және күйлерінің шығу тарихы туралы топта шағын мақала жазыңыздар.

Бағалау:

1.Мақала өз құрылымын сақтаған

2.Мақала өз деңгейінде (көтеріңеі үнмен, көркем тілмен) баяндалды



Тапсырмалар орныдауға арналған үлестірмелер







Сабақтың соңы Рефлексия
3 минут




Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1.Менің түсінгенім...

2.Менің үйренгенім...

3.Менің ұсыныстарым...
Бағалау. Топтар бір-біріне комментарий айтады, бағалау критерийіне сай бағалайды.

Бағалау критерийлеріне сай бағаланады.






Қосымша материялдар:

Күй — тарихтың өткені мен бүгінін көз алдына әкелетін ерекше қаcиеттерімен сипатталады. Бұл — өнерді өмір салты еткен елдің ортасында болатын табиғи жағдай. Ол сонымен бірге адалдар арасындағы карым — қатынасқа дәнекер болып, салт — дәстүрлерді орнықтырып, қоғамдык өмірді реттеп отыруға тікелей араласады. Күй өнері — шексіз өнер. Күйдің өз тыңдаушысы, оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер кауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде. Қазак күйлері казір өз отаны Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен Американың, шырайлы Шығыс елдерінің салтанатты сахналарынан да естілуде.

Қазақ күйінің тарихы әріде жатыр. Күйді ел тарихынан бөліп қарау мүмкін емес. Кешегі замандарда күйлерде халықтың қайғы-қасіреті, азат өмірге ұмтылысы, әділетсіздікке күресі өрнек тапты.
Күйді жай ғана музыкалық жанр десек қателесеміз. Ол сан қырлы, сан сырлы күрделі шығарма. Оның мазмұнына, сипатына қарай тарихи, лирикалық, аңыз, қаралы, арнау секілді тақырыптарға да бөлінетіні содан. Идеялық-көркемдік жағынан да сан алуан. Күйлерде тек көңіл-күй ғана емес, жер-су аттары, жануарлар, құстар, табиғат құбылыстары және басқалар суреттеледі. 

Нағыз қазақ күйсіз өмір сүре алмайды.
Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдыреті деген осы.








Ақсақ құлан“ күйін алғаш рет А.В.Затаевич жазғызып, „қазақ халқының 1000 әні“ жинағына енгізген. Күймен танысқан француздың ұлы ақыны Ромен Ролан Затаевичке жазған хатында былай деп жазған: „Мен де сіз сияқты „Ақсақ құлан“ аңызындағы көңіл-күйдің әсеріне таң қалдым“.

Ақсақ құлан“ күйі – лиро- эпикалық поэма, композиция жағынан өте күрделі. Күйдің бағдарламалы мазмұнын ашу үшін, автор әр түрлі әдістерді қолданады. Күйдің негізгі тақырыбы – эпикалық мінезде кең әуеннің болуы. Бұл тақырып әр түрлі тональдіктерде бірнеше рет үнделеді. Негізгі тональдік– ля минор,дорийск. Шығарма онымен басталып,аяқталады. Құландардың секірмелі ырғағы әуенде мәнерлі де маңызды рөл атқарады. Шағын кіріспеден кейін, негізгі тақырыптың мазмұндамасы басталады.

Тақырып ызалы құланды суреттейтін үрейлі мінезде үнделеді. Құланның бейнесі ырғақты үзіндімен құрылған.

Бұл эпизодтан кейін тақырып,бірінші кульминация сәтінде, жоғарғы регистрде жұмсақ әрі нәзік үнделеді.

Соңында тақырып ақырын, қайғылы үнделеді.

Күйдің мазмұны терең және алуан түрлі. Секірмелі ырғақ  Жошы ханның қайғы-мұңын көрсетеді. Бұл жерде „Ақсақ құлан“күйі мен Ф.Шуберттің  „Лесной царь“ арасындағы сәйкестікті байқауға болады. Осы екі шығармада да негізгі кейіпкерлердің қайғы- қасіретін секірмелі ырғақ әсерлі етеді. Күйдің әуені хан баласының бейнесін, өлімге әкелген сәтсіз аңшылықты суреттейді. Күйдің түп негізінде Жошы ханның қатыгез мінезін өз өнерімен саябырлатқан,қайғылы оқиғаны баяндаған  даналы күйші бейнесі тұр.

Ақсақ құлан“ күйі халық аспаптық музыкада қайталанбас шығармалардың бірі. Шығарманы  Е.Брусиловский „Қыз Жібек“ операсында бас кейіпкер Төлегеннің қайғылы қаза тапқанын көрсету үшін,сондай-ақ „Сары-Арқа“ симфониясында қолданды, ал Ғ.Жұбанова  „Ақсақ құлан“ симфониясында күй мазмұнын негізге алды.




Аңызда Жошы ханның баласы құлан аулауға шығып,құландардың көсемін жаралайды. Жараланған құлан аңшыны қос өкпеден қос аяқпен теуіп,айдалада өлтіреді.

Ұлы хабар- ошақсыз кеткен соң, бір сұмдықты сезген хан жаман атты естуге дәті бармай былай деп жар салады: „Кімде кім баламның өлгенін естірер болса, аузына қорғасын ерітіп құямын “. Мұндай сөзді естіген соң жаман хабарды барып айтуға кімнің батылы жетсін?! Ешкім тіс жармайды.

Бір күні тақта отырған ханның алдына қызметшісі жүгіріп келеді:„Алдияр тақсыр,ханзаданыңм хабарын білем деп есік алдына бір кісі келіп тұр“ дейді ол. Хан „кірсін“ деп әмір етеді. Ішке қолында домбырасы бар бір кісі кіреді. Хан: „Жолаушым,білгеніңді жасырмай түгел айт“,- дейді. Сонда күйші олына домбырасын алып:„Менің білгенімді екі шек пен бір тиек айтып береді“,-деп күмбірлетіп жөнеледі.

Хан ұлының қаза тапқанын түсінеді. Сөзіне берік хан, домбыраның көмейіне қорғасынның ерітіндісін құяды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!