Қазақтың жұлдызы - Әлия
Сабақтың мақсаты: окушы бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында қазақтың батыр кызы Әлия ерлігін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру, Отанын сүйетін адал азамат болуға баулу.
Түрі: әдеби монтаж, сахналық көрініс.
Жоспар: I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім.
1.Отан, ерлік, туралы өлең жыр.
2.«Өшпес ерлік — ұрпаққа мұра» сахналык көрініс.
III. Корытынды.
Сабақтың барысы.
ҚР әнұраны орындалады.
Кіріспе.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Отан үшін ерлік көрсеткен батырларымызды, қайраткерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Олардығ еңбегі, ерлігі болашақ ұрпакка жылдар. ғасырлар бойы үлгі-өнеге болып кала береді. Бүгінгі «Өшпес ерлік —ұрпаққа мұра» атты сабағымыз қазақтын батыр қызы Әлия Молдағұлова ерлігіне арналады. Тарихымызға үңілсек еліміз, жеріміз үшін қаншама аталарымыз бен аналарымыздын енбегін, ерлігін көреміз. Әрбір өзін үлгі тұтар түұғаның өмір жолына назар аударсаң, олардың үлкеннің сөзін тындап, аз сөйлеп, көп тыңдағанын, көп окығанын, айналадағы тыныс-тіршілікті аңғарып белсене араласып, еңбек етіп, елінің болашағына ккөіл бөліп, өз орнын табуға, өз үлесінқкосуға жастайынан ұмтылғанын көреміз. Сонымен, сіздер өз елінің нағыз патриоты дегенді калай түсінесіздер?
Окушылар «Патриот» сөзіне түсінік береді.
1-окушы: «Патриотизм» - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік. жеке адамның аман-саулығы, коғамдык, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту.
2-окушы: Патриотизм — өз елінің нағыз азаматы болуға лайықты адамның сезімі.
3-окушы: Патриот — дегеніміз мемлекет деген ұғымды,
онын жеке адам мен барлык жағынан өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен карым-катынасын білдіреді.
Әлия Молдағұлова туралы не білесіздер?
1-жүргізуші. Әлия есімі — біз үшін өнеге, біз мақтанышпен айта алатын, тарихта алтын әріптермен жазылған есім. Отан үшін отка түскен батырдың есімі, өз елінің нағыз патриот қызы Әлия есімі мәңгілік жүрегімізде сақталады.
2-жүргізуші. Қайсар қызы қазақтың нағыз ер.
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел,
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ.
Қайраттанған жүзіңе қарап білер.
Бұл өлең жолдары Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлия Молдағұловаға арналған. Ерлікпен қаза тапқан жеріне ескерткіш қойылған. Санкт-Петербург қаласындағы Әлия тәрбиеленген балалар үйі бүгінде Әлия есімімен аталады. Әлия ерлігі туралы кинофильм, өлең, жыр-дастандар, кітаптар жазылды. Әлияның туған ауылы Актөбе қаласында батыр кызға ескерткіш қойылған, үлкен мұражай ашылып, онда сирек экспонаттар, Әлияның жас кезіндегі суреттері мен майданнан жазған хаттары сакталған.
1-жүргізуші. Ал, ҚР Мемлекеттік архивінде жеке іс-қағазы мен әпкесіне, достарына жазған хаттары сақтаулы. І9 жас ғұмыр кешкен қазақ қызының Отан алдындағы ерлігін әлем мойындады. Өз еркімен Отанын қорғауға қайсарлықпен аттанған Әлия ерлігі — болашақ ұрпаққа мәңгі үлгі болып кала бермек. Енді келесі кезекте Әлия өмірінен сыр шертетін көріністі қабыл алыңыздар.
1-көрініс көрсетіледі.
Автор: Соғыс кезі, Ленинград көшесі. Бір топ жастарға Әлия тапсырма беріп жатыр.
Әлия: Бүгін комсомол қатарына қабылданғандар түнгі кезекке шығады. Әрбір топ бөлінген үйлердің шатырларына шығып, жанған өртті сөндіріп, жарылғыштарды алып тастауға тиіс. Екінші кезектегілер жинап, жарылғыш дайындау керек.
— Біз жауды Ленинградка жібермейміз. Революция астанасын жау ала алмайды. (үнтаспадан Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі оқылып жатады)
Автор: Осы кезде касында Сапура бар, колында жас баласы бар жеңгесі Әлияны танып кұшактай алады.
Жеңгесі: Әлия, жаным....(жылайды) Ағаң тапсырып еді. Осы көліктен қалмайық. Біз сені іздеп келдік. Ауылға қайтайық.
Әлия: Қаланы кімге тастаймыз? Жас бөбегің бар, жеңеше, сіздер жүре беріңіздер. Менің осында достарым бар. Олардың басына күн туғанда тастай алмаймын.
Жеңгесі: Ағаңнын қай жұмыста екенін кім білсін? Бірге жүр. Бауырын кім жолда тастар дейсің. Соғыс кыздардың ісі емес. Жүр! Сен бармасаң не айтамын мен.
Әлия: Кете алмаймын, жеңеше. Бізде жұмыс көп. Қасыңда Сапура бар. Балаларды елге жеткіз, жұмысқа тұр. Жау әлі-ак женіледі. Сен соған сенші женеше, кәне, алдымен жас балалылар, жасы үлкен кариялар мінсін көлікке. Қош, женеше. Бұлаққа менен сәлем айта бар. Хатты өзім жазып тұрам. Қош, қош...
1-жүргізуші. Ты звездой сияешь-блес неугасим,
Мы гордимся,память о тебе храним.
Словно вновь к родной земле вернулась ты,
Хоть лежишь за сотни верст от нас вдали.
2-жүргізуші. Сол бір қиын, тым сұра пыл шақта ол кеудесіне ерлік отын жақты .
Отан ушін опат болған қызғалдақ,
Есіміңді мәңгі сақтар жас ұрпақ.
1-жүргізуші. Ты застыла в белом мраморе навек,
Ты в истории оставила свои след.
В песнях,книгах,кинофильмах ты живешь,
Призывая к героизму молодежь.
2-жүргізуші. : Кеңге сілтеп қулашты, өрісті біз
Ғарышқа да аудардық қонысты біз
Бейбіт куннің әр таңғы тынысы ушін.
Біз солардың алдында борыштымыз.
2-көрініс:
Диктор дауысы: Мерген кыздар қорғаныста ерлік үлгісін көрсетті. Әлия Молдағұлова жалғыз өзі бүгінге дейін қырық немістің көзін жойды. Оның майдандағы ерлігі туралы аныздар тарап жатыр. Бұл шабуыл Ленинград коршауын бұзудың басы болады.
Автор: Дұшпан жакка «Уралап лап койған жауынгерлердің алдын «дзоттан» минометтен, автоматтан жауған оқ бөгеп калды.
Әлия: (қасында жерге басын тығып жатқан солдаттарға ымдап) Олар бізден қоркады,қара да тұр, — деп қайрап жатыр. Жау солдаттарын жалпағынан түсіріп Әлия «Отан үшін алға!» деп жүгіре жөнелді. Жанындағы жас жауынгерлер де қалыспай сонынан ілеседі Осы тұста Әлияның алдынан неміс офицері шығып калады.
Неміс офицері: Гитлер капут. Нихт шиссен. Дружба — деп сарнайды.
Әлия: Алға түс. Шнель. шнель!
Автор: Қолын көтерген немісті жанына жіберіп жатқанда, бағанағы жас жауынгерлерге қараса екі жақтан неміс автоматшылары жакындап калған екен. Әлия оларға оқ жаудырып сала бергенде колын көтеріп тұрған неміс офииері жеңінен пистолетін шығарып Әлияны атып жібереді. (Әлияға оқ тисе де автоматымен немістерге оқ жаудырып, аяғы бугіліп, қулап бара жатқан мерген қызды жауынгерлер денесін жерге тигізбей алып кетеді).
Жас жауынгерлер: «Әлия үшін, Отан үшін алға! Ура» деп алға жүгіреді, немістер кашып барады, біздің жауынгерлер оларды қуып барады.
Автор: 1944 жыл 14 кантар Псков облысынын Казачиха деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. Каһарман кыз Новосокольники ауданынын Монакова ауылында жерленген.
СССР Жоғары Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 4-маусымда Әлия Молдағұловаға "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді.
Ән: «Әлия».
Қорытынды: Әлия есімі мәңгі біздін жүрегімізде. Әлия есімімен аталатын Актөбе, Мәскеу, Санкт- Петербург, Тараз калаларында көшелер бар. Бірнеше атақты суретшілер “Әлия" (С.Әлімбетов), “Мәнгілікке сапар” (А.Ануфриев), “Ауыл Бұлакқ (А.Корват), “Мерген Әлия Молдағұлова” (А.Сапугов), “Бұлақтағы Әлияның үйі” (Н.Өтегенов), “Соңғы көктем” (Т.Телеушев) өз туындыларын Әлияға арнады.
Отанымыз үшін отка түскен аға-әпкелеріміздің ерлігін ұмытпай үлгі тұтып, тәуелсіз еліміздің адал азаматы болыңыздар!
Туымыз әрдайымда биікте желбірей берсін!
№7 Т.Әкімов атындағы орта мектеп
Сыныптан тыс сағат
Тақырыбы:
Қазақтың жұлдызы – Әлия
Дайындаған: Көрпебаева А.
Бейсенбаева Ә.
Кәріқорған 2022 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақтың жұлдызы - Әлия. Сыныптан тыс сабақ. Әдеби-сазды кеш.

шағым қалдыра аласыз