400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың күй өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мұғаліміне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күй өнері - халық қазынасы.

Күй өнері - халық қазынасы, мұрасы. Күй - домбыраның үні мен жан дауысы болса, домбыра - қазақ халқының жан сезімі мен жан серігі. Адам жанының ішкі толқынысын таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білген қазақтың қоңыр домбырасы арқылы пайда болған күйлерді халқымыздың киелі мұрасы деуге болады. Ұлттың рухани әлемі мен жан сұлулығын, ерлігі мен өрлігін, даралығы мен дарындылығын, дархандығы мен даналығын домбыраның үн төкпесінен танып, сезінуге болады. Аққудың сұңқылы, қаздың қаңқылы, бұлбұлдың сайрағаны, желдің гуілі, ат тұяғының дүбірі, қасқырдың ұлығаны бәрі – бәрі күй әлемінен тыс қалмаған. А.Жұбанов күйлердің шығу тарихы жайлы көптеген деректер қалдырды. Күйді үйретпес бұрын оның шығу тари-хына баса назар аударған дұрыс.
Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың күйші композиторы,қазіргі Орал облысы,Жаңақала ауданында туған.Алғашқы ұстазы Хан Базар (Орда) күйшісі – Ұзақ. Құрманғазының күйлерінде аса жүрдек екпін, шамадан тыс шабыт, асқақ рух бар.Құрманғазы жолаушылап жүріп бір ауылға түсіп,оны танымаса да, «құда-йы қонақ» деп үйге кіргізіп күтіп алуы халқымыздың қонақжайлығын білдіреді. Қазіргі таңда ең танымал күйлердің бірі болған,«Адай» күйі осы сапарда, адай руынан шыққан Ақмаңдай атты күйші қызына арналған екен. Күйдің жігерлі де шабытты көңілде орындалуына қарағанда, Құрманғазыдан қалыспай күй тартыс-қан Ақмаңдай қыздың өр мінезін бейнелеп тұрғандай әсер қалдырады. Сонымен бірге күйді тыңдағанда қазақ даласының еркін де жалынды мінезін бейнелегендей немесе кең даладағы аттың шабысы, жауынгерлік рух та аңғарылады. Дина Нұрпейісова - Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Күйшінің « Қара қасқа ат» күйіне келер болсақ, Динаның ұзатылу тойында әкесі: «Қызым – ау, менің қолымнан кетіп барасың, жасауыңа не қалайсың, ала ғой қалағаныңды» -дейді. Сонда Дина : « Әкешім, осы уақытқа дейін бетімнен қақпай еркелетіп өсірдіңіз. Егер қисаңыз жас кезімді, бақытты балалық шағымды еске алып жүрейін, маған Қара қасқа атты сыйлаңыз. Сіздерді ,елді сағынғанда мауқымды басайын», - дейді.Сонда әкесі:« үш болысқа аты шыққан атымды сенен неге аяп қаламын» - деп ақ батасын берген. Күй маз-мұны, жылқы малының жүрісі; аяң, желіс, шабыс т.б. бейнеленген.
Дәулеткерей Шығайұлының ата-бабасы орыс ханынан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген төре тұқымы. Алайда, Дәулеткерей биліктен гөрі күйшілік өнердің жолына түскен және домбыра күйлеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Жанға жайлы лирикалық сипаттағы Дәулеткерей мектебі, төкпе күй табиғатын кеңейте түсумен бірге, тақырыптық аясын кеңейтті. Ол өзінің әрбір күйін айрықша талғаммен, ерекше сұлулықпен сомдаған. Оның кез – келген күйі табиғаттың өзіндей табиғи қалпымен, әсем сазымен, ойлы да сыршыл сезіммен қайран қалдырады. «Қос алқа» күйі – халыққа кеңінен танымал күйлердің бірі. Дәулеткерей бұл күйінде сұлу қыздың бейнесін, оның әдемі жүрісін, алқаның сылдырын бейнелеген.
Қазанғап Тілепбергенұлы - Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туып өскен. Оның күйлері домбырадағы сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыр-уымен ерекшеленеді. Шығармалары негізінен жекелеген кісілерге, жан – жануар-ларға құрылған. Жан – жануарларға арналған күйлерінің ішінде жылқы малына арналған күйлері өте көп. Қазанғаптың « Торы жорғаның бөгелек қағуы» күйінде жылқының музыкалық бейнесі басқа қырынан көрінеді. Динаның «Қара қасқа ат» күйінде жылқының жүрісі берілсе, Қазанғаптың « Торы жорғаның бөгелек қағуы» күйінде жорғаның бөгелек қағып тұрғаны, басын шұлғығаны суреттеледі.

Тәттімбет Қазанғапұлы - Қарқаралы өңірінің Мыржық тауы етегіндегі Қызылжар қыстауында дүниеге келген. Күйші шығармаларының өзегінде - өмір шындығы, сұлулыққа құмарлық, үміт пен арман, сағыныш пен ойшылдық, терең толғаныс, сырлы сезім мол. Терең ойға, философиялық талғамға толы шертпе күйлердің үздік үлгісі Тәттімбет болып саналады. Оның шығармалары домбырада оң бұрауда да,терең бұрауда да кезігіп отырады.Күйлерінің ішінде-«Сылқылдақ»- шертілетін күйдің үздік үлгісі. Тәттімбет ауылы көршілес елден қыстап шығуға жер сұрап алады да, сол маңға қоныстанады. Осы елде күйші бір қызбен домбыра тартысына түседі. Тәттімбет осы күйін сол бір естен кетпес қызығы мол күй сайы-сына арнап, соның естелігі ретінде тартқан. Бұл күй – Тәттімбет күйлерінің ішін-дегі шертпе күйге ғана тән қос ішікті алма – кезек қағып орындау арқылы шертіл-тін күй.Күйден қыздың нәзік күлкісі,сылқым жүрісі,кербез қимылы байқалады.
Халық күйлері – бұл халықтың тұрмыс тіршілігін, адам тағдырын, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп баяндайтын күй. Халық күйлері ұрпақтан – ұрпаққа жеткенімен, шығарған кісілердің есімдері ұмыт болған соң, халық күйі атанып кеткен. Халық күйлері әр түрлі тақырыптарды қамтитын тарихе ерекшелігімен құнды. Аңыз – әңгімелер желісінде туындаған деуге болатын күйдің бірі - « Нар идірген». Ел аузында қалған әңгімелерге қарағанда бұл күй - тартыс үстінде туған. Ертеде қазақ халқы айтысқа түскенде тек ән түрінде сөз жарыстыру арқылы ғана емес, сонымен қатар аспаптық музыка арқылы күй тартысқа да түскен екен. Күйдің мазмұны бойынша, бір шалдың маясы болады. Оның ботасы өліп қалып , мая иімей боздап ботасын іздейді. Шал, кімде – кім нарымды иітсе сол адамға жалғыз қызымды беремін деп жар салады. Осыны есітіп үш (шал, жігіт, бала) күйші келеді.Алдымен бірінші кезекті жасы үлкен шалға береді.Мая иіп бастаған-да,қыз шалға барғысы келмей қулық жасап келесі күйші ойнасын дейді.Екінші кезекте жас жігіт ойнайды.Күйшілер маяны иіту мақсатында бар күш – жігерін, шеберлігін салып,әрқайсысы өз бетінше көркем бейнені күй арқылы беру үшін барын салады. Шал мен жігіттің орындаған күйі бір – біріне әуені жағынан жа-қындау.Ал үшінші домбырашы балаға кезек жетпейді.Бұған қатты қапаланған бала «Күйдім – жандым» деген күй тартыпты. Бұл күй алдыңғы екеуіне ұқсамай-ды. Екпіні тез, қалып қойып, қапаланған, күйінген ырғақ бар.
А. Жұбанов, « Домбыра - қазақ халқының музыка аспабы» атты баяндамасында: «Көшпелі жұрттың өмір серіг болған осы , көзге қораш көрінетін шағын аспап – домбыра қазақ халқының хатқа түспеген тарихының талай беттерін паш етеді. Халық өзінің ата мұрасынан қалған осы «кітабын» қастерлеп, артықша бағалайды» - деген. 







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
981
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі