Бөлімі:Мүсіндеу
Тақырыбы: Ұлттық
ою-өрнек
Мақсаты:
Білімділігі:Ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін
тереңдету,балаларға ермексаздан ширату әдісін үйрету, ұлттық
ою-өрнектерді бүркелеп мүсіндеуді ұқыпты орындауға
дағдыландыру,саусақ икемділіктерін жетілдіру,мүсіндеу өнерінің жаңа
тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық:балалардың ұлттық өнердің сән және қол
өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін,көркемдік эстетикалық
талғамдарын дамыту,халықтың тұрмыс-салт дәстүріне қызығушылықтарын
ояту,шығармашылық ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелігі:оқушыларды ұқыптылыққа,жылдамдыққа
төзімділікке,батылдыққа,отансүйгіштікке,бір-біріне деген қамқорлық
жасау дағдыларына тәрбиелеу.
Көрнекілігі:қазақ халқының ұлттық
ою-өрнектері,сәнді қолданбалы бұйымдары,зергерлік бұйымдар т.б.
суреттері,ермексаз,тақтайша,таяқша,қол
орамал.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап. Ойын
әрекеті
Шаттық
шеңбер
Біз бақытты
баламыз
Өсті ақыл
санамыз
Қонақтармен ең
алғаш
Амандасып
аламыз
Сәлеметсіңдер ме
балалар
Сәлеметсіздер ме
қонақтар
Сұрақтар
Қазір жылдың қай
мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай
бар?
Атап
беріңдер
топта сандық
тұрады.
Сандықтың ішінен камзол
шығады.
Балалар сендер демалыстарда,
мерекелерде қайда, кімдерге қонаққа
барасыңдар?
Ауылға
-онда кімдер
тұрады?
Ата мен
әжеміз
Олай болса біз ауылға сапарға
шықсақ қалай қарайсыңдар? Менімен бірге ауылға баруға келісесіңдер
ме?
-әрине
Олай болса біз ауылға көлікпен
барайық жарай ма. Көлік есігі ашылмайды.
-
Апта күндерін
атаңдар
Көлік есігі ашылады. Көлікке
мінеді.
-
Тапсырма Құрастыру
«Пазл»
Берілген суретті дұрыс
құрастыру
-
Пішіндерді
орналастыр
-
Жолдармен
жүру
Ауылға жету. Үйге отыру.
Сұрақтар қою.
-қайда
келдік
Қандай заттар көріп
тұрсыңдар
-оюлардың аттарын айту.
Олармен таныстыру
Ұлттық қолөнер түрімен біз
күнделікті үйде,мектепте де танысып жүрміз.Әрқайсымыздың үйдегі
шебер әжелеріміз оюлап талай әдемі дүниелерді тігіп жасады.Ол
бұйымдарға көрпе,кілем,көйлек,шапан жатады.Бұрынғы
аталарымыз ағаштан,темірден бұйымдар жасаған.Ол
бұйымдар:сандық,бесік,қамшы,домбыра,ұршық.Зергерлік
бұйымдарға:сақина,сырға,алқа,
т.б.Енді есімізге ыдыс-аяқ
түрлерін түсіріп көрейік:ожау,кесе,табақ.Осының бәрі де ыдыс-аяқ
түрлері,осы ыдыс-аяқты салатын әжелер әдемілеп тіккен қапшық
болады.Оны аяққап деп
атайды.
-Осы бұйымдардың бәрін немен
әшекейлеп,өрнектеген?(оюлармен) Оюлардың түрлері өте
көп.Олар:қошқармүйіз,жұлдыз,гүл,омыртқа,балта,тарақ.Сонымен осы
бұйымдардың бәрін халқымыз бір
сөзбен қолөнер түрі деп
атайды.
Сергіту
сәті
Алдын ала
жұмыс
Алдымызға қойылған қатырма қағазға алдын ала
қызыл түсті ермексазды төсеп,тегістеп шықтық. Енді ақ түсті
ермексазды саусағымызбен жұмсартып,созып,дөңгелетіп алып
қошқармүйіз тәріздес етіп жасап қызылдың үстіне қойып шығамыз.
Бүгін оюды дәстүрден тыс оюларды ермексаздан ширату тәсілімен
мүсіндейміз.Тәрбиеші балаларға бірнеше ою-өрнектердің элементтерін
атауды және оны өрнектеуді ұсынады.Жұмыстың орындалу ретін
түсіндіріп,тапсырма беріледі.Қалған ермексаздан жіңішке ширатпалар
жасаймыз.Жіңішке ширатпаларды салынған оюлардың үстінгі жағына
саусағымызбен баса отырып жапсырамыз.Қолымызға таяқшаны
алып,ою-өрнектің шеткі жолына түртіп бастырып
шығамыз.
Ал,енді жұмысымызға кірісейік.Жұмысқа
кіріспес бұрын,тазалық ережесін сақтау
керекпіз.
Ең жақсы жасалған және өздері өрнектер ойлап тапқан балаларды мадақтап,
ерекше атап өтеді,шағын көрме ұйымдастырады.Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарына қарап,мүсіндерді балаларға көрсетіп,бағалайды,талдайды