400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың ою-өрнектерін моделдеу тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытып, өзіне ғана тән ою-өрнектерді заман талабына сай жетілдіріп, көркемдеп рухани қазына мұра ретінде пайдалану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайырбек Нұржамал Қайратқызы

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылы ІТ мектеп-лицейі» КММ



Қазақтың ою-өрнектерін моделдеу тәсілдері

Қазақ халқы ежелден өнерді бағалап, әрі ұрпақтан ұрпаққа қастерлеп жеткізе білген. Ата –бабамыз ұрпағын өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ, әнші, аңшы, құсбегі, он саусағынан бал тамған өнерлі-бес аспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жас баланың бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Өнер ұрпақтан ұрпаққа шәкірттері арқылы тарап, бірінен-біріне жалғап, бүгінгі дәуірге жеткен.«Өнерді үйрен, үйрен де жирен», «Өнерлінің қолы алтын» - деп насихаттай отырып қолөнерді тең санаған. Өнегелі, өнерлі «Сегіз қырлы ,бір сырлы» намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған.Ал аталар жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін жалғастыру жастарға үлкен сын болып саналған. Құстардың әндетіп, өзендердің сылдырынан, көк шөптің жер қыртысынан жарып шығып келе жатқанын гүлдің әсем бояуын тамашалап, жарқыраған күн ай, жұлдыз, жан- жануарлардың өсіп- өрбуінен жас ұрпақтың қиял-сезімін тәрбиелеп, шабыттандырып отырған.

Міне, осы шығармашалақ сезімді оятып таңырқау мен қызығудың, ой-қиялының анасы табиғаттан аялаған. Арман, қиялға қанат бітіретін тек табиғат қана. Табиғатты аялау-тіршілікті аялау. Ұлан байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндері кең табиғат құшағында мал өсіргенде, түндерді жұлдызды аспан астында мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын, байлыған бақылап әртүрлі ою-өрнектердің түрлерін туғызған [1]- Қазақ халқының ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытып, өзіне ғана тән ою-өрнектерді заман талабына сай жетілдіріп, көркемдеп рухани қазына мұра ретінде пайдалану.

Мақсаты-ұлттық нақышта тігілген кимімізді,ою-өрнекпен безендірілген еліміздің құндылықтарымен қатар потриттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

-Қошқар мүйіз оюының тұрмыстық киімдерге үйлесімділігі туралы зерттеуолып табылса, міндеті қазақтық ұлттық ою-өрнектерінің шығу тарихы мен таныстырып насихаттау.

-Қошқар мүйіз оюының элементтерін күнделікті өмірде тұтынатын киімдерді безендіру





Түйетабан оюы

  • Көбіне геометриялық пішіндерден тұрады.

  • Жиі тікбұрышты немесе төртбұрышты түрлерде кездеседі.

  • Құрылымы қарапайым және анық.

Қошқар мүйіз оюы

  • Жиі қой немесе қошқардың мүйізін бейнелейді.

  • Бұралған және күрделі пішіндерден тұрады.

  • Мысалы, ұлттық киімдер мен кілемдерде көп кездеседі.

Ұқсастықтар (ортаңғы бөлік)

  • Екі ою да ұлттық ою-өрнектерге жатады.

  • Қазақ халқының дәстүрлі оюлары болып табылады.

  • Әдемілік, символизм және рухани мәні бар.

Ғалымдардың пайымдауынша, ою-өрнектің пайда болуының бірнеше себебі бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, бағалаған, сондықтан сол сұлу нұсқаларды тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктері сақталған. Сондықтан ол бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетінің жоғарылығымен, ұлттық қолтаңба ұштасып жатады.













Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Өмірбекова М. Қазақтың ою - өрнектері. Алматы: Алматыкітап,2003. 578б.

2. Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт- дәстүрлері Алматы Рауан, 1994. 218 б.

3. Интернет материалдары Сымбат сән академиясының қазақ ұлттық нақышындағы киімдер үлгілері, жетістіктері / / WWW. Symbat.kz

4. http://KK. Wikipedif. org/ / wiki/ Сымбат сән академиясы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28.03.2025
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12