«Қазақтың
қос жүйрігі» шарасының бағдарламасы
Кештің
мақсаты: «Болашаққа
бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын
іске асыру , еліміздің өнер адамдарын
таныту, қазақтың жарық жұлдызы, әнші
Димаш Құдайбергеновтың шығармашылығын
насихаттау, сонымен қатар жас өнерпаз
Данэлия Тулешова екеуінің Дүниежүзілік
«The World,s
Best» ән байқауына қатысуын қолдау
мақсатында, жастардың Отансүйгіштік
қасиеттерін арттыру, өнерге баулу.
Көрнекі
құралдар:
видеобейне, әнші туралы жазылған
пікірлер, техникалық құрал - жабдықтар.
1-
жүргізуші :
Қайырлы күн,құрметті қонақтар,
студенттер,ұстаздар!
«Ақыны мен
әншісін ұлықтаған ел бақытты» демекші,
қазақ халқының жезтаңдай әншісі,
маңдайына біткен жарық жұлдыздарының
бірі – Құдайбергенов Димаш Қанатұлының
шығармашылығына және жас өнерпаз Данэлия
Тулешова Александровнаның өнерін
насихаттау мақсатындағы
«Қазақстың қос жүйрігі» атты сазды
кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгін
бізге қонаққа келіп отырған қадірменді
қонақтарымызбен таныстыра кетуге рұқсат
етіңіздер:
Республикалық,
облыстық, аймақтық ән байқауларының
жүлдегері, аудандық Мәдени-демалыс
орталығының қызметкері, күміс көмей
әнші Ақташев Рүстем Айбарұлы.
Аудандық
балалар саз мектебінің директоры
Біранова Аягүл Милатқызы.
Бүгінгі шарамыздың «Қазақтың қос
жүйрігі» деп аты айтып тұрғандай,
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп
дана халқымыз тегін айтпаған. Қазақтан
шыққан дарынды, күміс көмей әншілер
ертеден ақ әлемді өзіне қаратып,
таңдандырғанын барлығымыз халқымыздың
тарихынан білеміз.
Тәуелсіздік
тынысын еркін тартқан арда мінез
ағайынның ел мен жердің тарихына, сол
елде тұратын халықтың мәдениеті мен
өнеріне қатты ден қойып, қызығушылық
танытуы да заңды құбылыс болса керек.
Ғасырлар бойы өмір кешкен
әншілеріміздің туындыларын туған
жерлеріне деген сүйіспеншілігін,
атамекенге деген құрмет сезімдерінің
қаншалықты зор екендігін көреміз.
Сіз бен
біздің өмір сүріп отырған заманымызда
да қазақ ән өнерінің биік шыңында жүрген,
керемет әнші, көкірегінен саз, көмейінен
ән төгілген небір інжу- маржандарымен
мақтана аламыз.
Мұңға
батқан жүректі ән оятар,
Тәтті
үннің әсерін жан оятар,
Жанға
қуат, жүрекке шаттық сыйлап,
Жас
балаша көңілді жадыратар - деп ән туралы
ақындарымыз жырлағандай,
бүгінгі
кештен сіз бен біз қазақтың қос жүйрігі
боп танылып келе жатқан жас әншілеріміздің
әндерін тыңдаймыз. Олардың әуенінен ең
бірінші – еліне деген құрметі мен ізетін
аңғарамыз.
Олай
болса, кешімізді жаста болса, әлемге
танымал болған әншіміз Димаш Құдайбергенов
туралы мәліметтен бастағым келіп отыр.
Жас
әнші 1994 жылдың 24 мамырында Ақтөбе
қаласында өнерлі отбасында дүниеге
келген. Ол алғаш рет көрермендер алдына
екі жасында шығып, сахналық қойылымда
эпизодтық рөлде ойнаған. Димаштың
бойындағы талантының дамуына ата-әжесінің
ықпалы басымырақ болған. Атасы
кішкентайынан домбыра тартуға үйреткен.
Ал, әжесі музыка мектебіне баруға себепші
болған. Димаштың ата-анасы қазақ
эстрадасындағы жарасымды жұп - Қанат
пен Света Айтбаевтар. Негізі, Димаш
қазақ эстрадасына күні кеше келген жаңа
есім емес. Ол бұрынырақта «Жас қанат
-2012», «Шығыс базары-2012», «Мэйкин Азия»
байқауларында жүлделі орындарды жеңіп
алған. Бірер жыл бұрын «Саз әлемі»
тележобасында «Көркемім» әнімен жарқ
ете қалды. Ал Беларусь елінде өткен
«Славян базарынан» жеңіп алған бас
жүлдесі өнеріндегі үлкен жетістігі боп
Димаштың даңқын аспандатты. Шетелдік
тыңдармандар ғаламторға: «Бұл неткен
таңғажайып дауыс!», «Бұл жігітті қазақтың
Витасы» деуге болады деген пікірлерді
жарыса жазды. Әсіресе, Димаштың даусының
диапазоны бес октаваға дейін жететіні
ғаламтордан қызу талқыланды. Былтыр
жас өнерпаздың Витебскідегі ән
байқауындағы жеңісі де оңайлықпен
келмеген.
Қазір
әншінің репертуарында «Ой жайлау»,
«Қараторғай», «Ұмытылмас күн»,
«Еркелетейін» әндері жастардың жүрегіне
жол тауып үлгерді.
Димаштың
мінезі тым салмақты, көпшілік алдында
орынсыз сөйлемейді. Тілшілердің сұрағына
ойланып, байыппен жауап қатады. Қазіргі
әншілерден байқалатын дарақылық пен
даңғазалықты Димаштың бойынан көрмейсіз.
Кәсіби сауаттылығы, өзін-өзі ұстау
мәнері, тектілігі жөнінен бұл бозбала
көп қатарласынан оқ бойы озық тұр. Тек
осы биігінен түспесе екен дейміз.
Ал,
Данэлия Тулешова 2006 жылы 18 шілдеде
Астана қаласында дүниеге келген. 2017
жылы «Голос Дети» ән байқауының төртінші
маусымының жүлдегері. «Детская новая
волна - 2015» байқауының жүлдегері, «Детская
Евровидения - 2018» байқауында 6 орын
иегері, «Браво» музыкалық премиясының
иегері. Данэлияның «Stone Cold» әнін YouTube та
30 миллион адам тамашалаған. Қазақтың
кішкене ғана қызы осылайша бүкіл әлемді
аузына қаратып, Дүниежүзілік сайыста
бақ сынап жатыр.
Олай
болса, достар әншілеріміздің небір
дүлдүлдер қатысып жатқан Дүниежүзілік
ән байқауында жеңіс тұғырынан көрінсін
деп сәттілік тілейік!
Шарамыздың
барысында бүгінгі тақырыпқа байланысты
ой өрбіте отырайық. Олай болса сөз
тізгінін келген қонақтарымызға берейін.