жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақтың салт-дәстүрлері - ұлттық құндылық
«Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ
А Ш Ы Қ С А Б А Қ
Тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері -
ұлттық құндылық
/6 сынып/
Өткізген: Азбаева Айжан Хамиевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жезқазған қаласы, 2018ж.
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Ұлттық және отбасылық құндылықтар /фонетика/ Мектеп: Жезқазған қаласы «Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Азбаева Айжан Хамиевна Күні: Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақтың салт-дәстүрлері - ұлттық құндылық |
||||||||||||||||
|
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.3.6.1. мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетіп, редакциялау 6.4.2.1. екпіннің түрлерін /сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін/ сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану 6.2.5.1. мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру |
||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
|
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
- «Бесік жыры», «Тұсау кесу», «Ат қою» мәтіндеріндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді, редакциялайды; - екпіннің түрлерін /сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін/ сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады; - мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады; |
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты термин: емле ережелері, пунтуациялық ереже, екпін түрлері |
||||||||||||||||
|
Диалог үшін пайдалы тіркестер: бесік жыры, тұсау кесу, ақ бата, шілдехана тойы, ат қою дәстүрі |
|||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
|
||||||||||||||||
|
Пəнаралық байланыс |
информатика, әдебиет, музыка қазақтың салт-дәстүрлері туралы бейнефильмі; қойылым, бесік жыры |
||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәлімет |
||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||
|
Басталуы 2 мин 3 мин 5 мин |
С. Оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.
Тұсау кесу Ат қою Бесік жыры Оқылымалды тапсырмасы С. Сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интербелсенді тақтадан «Қазақ дәстүрлері» бейнефильмін көрсету. Ж. «Еркін микрофон»әдісі Бейнефильм бойынша ойларыңызбен бөлісіңіздер. Ынталандыру: «Үш мадақтау, бір әрекет» әдісі (оқушылар басқа топтарды тамаша, керемет, жарайсын, қол соғу арқылы бағалайды) |
кеспе суреттер бейнефильм https://youtu.be/F2NK08gvC_0 https://www.youtube.com/watch?v=Gh582GY9Q-A
|
|||||||||||||||
|
Ортасы 20 минут 5 мин |
Оқылым тапсырмасы ТЖ. «Жариялау» әдісі Мәтіндерді оқып, қателерді табыңыз және кестені толтырыңыз. Кесте
1-топ: Тұсау кесу Қаз қаз, балам, ғаз балам, Қадам бассаң, мәз болам. Қаз қаз, балам, қаз балам. Тақымыңды жаз балам. Күрмеуінді шешейін, Тұсауынды гесейін, Қадамыңа қарайық, Басқанынды санайық, Қаз қаз, балам, жүре ғой... Балтырыңды түре ғой. Тай құлұн боп шаба ғой, Озып бәйге ала ғой. Қаз баса ғой, қарағым, Құттұ болсын қадамың! Өмірге айақ баса бер, Асулардан аса бер. Жүгіре қойшұ, құлұным, Желбіресін тұлұмың. Елгезек пол, ерінбе, Ілгері бас, шегінбе. 2-топ: Бесік жыры Бесіг жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені байау ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Әлди, әлди, ағ бөпем, Ағ бесікке жат, бөпем, Бармақтарың майысып, Түрлі ойу ойысып, Шебер болар ма екенсің?! Таңдайларың тақылдап, Сөзіңді жұрт мақұлдап, Шешен болар мекенсің?! Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесіг жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтұлып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумағ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. 3-топ: Ат қою Қазақ халқының ерекше ғұрыптарының бірі өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қойуды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қойуға тырысады. Балаға ат қойған кезде кез гелген адамға емес, көпті гөрген ел ағаларына, айналасына сыйлы, аузы дуалы кісілерге баласының атын қойғызуды мәртебе санаған. «Қырықтың бірі – қыдыр» деп келіп қалған қонағына да ырымдап ат қойғызған екен. Халқымызда азан шақырып, ат қойу деген сөз бар. Баланың атын қойар кезде үш қайтара «Аллаһу акбар» деп азан шақырып, содан гейін баланың құлағұна қойылған атты үш рет айтады. Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, Алла Тағалам бәрін сақтар. Тәңірім дәулет берді, Ғаламға әулет келді. Дүниеге адам келді, Қарыштар қадам келді. Азан айтып атын қоям, Алла берген затын қоям. Ел қамын жер ер болсын, Талабы теңіз сел болсын. Сенің атың .......
Бағалау критерийі: мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді, редакциялайды. Дескриптор:
ҚБ. Өзін-өзі бағалау. Түзету Оқылымнан кейінгі тапсырма ТЖ. Рөлдік ойын Мәтіндерді негізге ала отырып, шағын қойылым көрсетіңіз. ТЖ. «Стикердегі диалог» әдісі Қызықты үш сөйлем ойластырыңыз және ой екпінін сақтай отырып, сөздер орынын ауыстырып жазыңыз. Үлгі: Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем бүгін ауылға кетті. Ауылға әкем бүгін кетті.
Бағалау критерийі: екпіннің түрлерін /сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін/ сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады Дескриптор:
ҚБ. Топаралық бағалау. «Бағдаршам » әдісі Ж. «Веер» әдісі Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз. Тапсырма арқылы саралау: А. Кім? Не? Қандай? есімдіктеріне негізделген жабық сұрақтар құрастырады; В. Талдау/жинақтау деңгейінде сұрақтар құрастырады; С. Терең ойлауға жетелейтін ашық сұрақтар құрастырады. Бағалау критерийі: мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады. Дескриптор:
ҚБ. Топаралық бағалау. «Түзетулер» |
кесте таратпа мәтіндер
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Үйге тапсырма: Сөз екпіні мен ой екпінін салыстыр. Ерекшелігіне тезис жаз. Рефлексия: «Білім қоржыны»
|
оқулық
|
|||||||||||||||
|
Саралау |
Бағалау |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасынның сақталуы |
|||||||||||||||
|
Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған. Яғни, А, В, С деңгейіндегі оқушылардың жұмыстарын сабақ барысында қадағалай отырып, бақылау жүргізіледі. Жазылымға арналған жоспар бойынша сұрақ құрастыру тапсырмасы кезінде оқушылардың ойлау деңгейлеріне қарай жеңілден күрделіге бағытталған тапсырмалар оқушы арасында төмендегідей бөлінеді: А деңгейіндегі оқушы Кім? Не? Қандай? есімдіктеріне негізделген жабық сұрақтар құрастыра алады; В деңгейіндегі оқушылар талдау/жинақтау деңгейінде сұрақтар құрастырады; С деңгейіндегі оқушылар терең ойлауға жетелейтін ашық сұрақтар құрастырады. Мұнда саралаудың тапсырма арқылы саралау жолы қолданылады. |
Сабақта өзін-өзі бағалау, топаралық бағалау түрлерін қолдана отырып, тапсырманы орындау нәтижесінде түзету жасай алады. Өзін-өзі бағалау кезінде бағалау критерийлері мен дескриптор негізге алынады. Сабақ соңындағы «Білім қоржыны» рефлексиясын негізге ала отырып, мұғалім келесі сабақты жоспарлай алады. Сонымен қатар оқушыларды ынталандыру үшін «Жарайсың!», «Өте тамаша!» сөздері қолданылады.
|
Сыныптағы қолайлы ахуалды сақтау, оқушылар өздерін жайлы сезінуі үшін топтық, жұптық жұмыстар барысында белсенді оқу жүзеге асады. Себебі бірлескен оқу оқушылардың дербес қиындықтарын тез шешулеріне жағдай жасайды. Сабақ барысында оқушылар белсенді әрекет ету үшін «Жариялау», «Веер», «Стикердегі диалог» әдістері, бейнефильм қолданылады, рольдік ойын ұйымдастырылады. Әр оқушының пікірі құнды болғандықтан олардың еңбегі де ескеріледі. |
|||||||||||||||
|
Рефлексия /сабақ туралы өз пікіріңіз/ |
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді? |
||||||||||||||||
|
Жалпы баға Ең жақсы өткен екі аспекті (оқыту мен оқуға қатысты) 1. 2. Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. |
|||||||||||||||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген