Тақырыбы: «Қазақтың тұңғыш
ғарышкері –Тоқтар Әубәкіров»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат
беру, ойын дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл
байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу;
Тәрбиелік: Ғарышқа тек қана өте білімді,
денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбеккер адамдар
ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек сүйгіштікке,
патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Ғарышкерлер суреті, тірек
сызба;
Барысы
Ғарышкерлер
мекені-
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!
Айналады ол бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Ғарышқа ұшқан қазақтың
Тұңғышына бір сәлем!
-Балалар, бүгін қандай мереке білеміз
бе?
12-сәуір –Ғарышкерлер күні! Әрине, себебі 1961
жылы дәл осы күні адамзат тарихында алғаш рет Кеңес Одағының
азаматы ғарышта болып қайтты.
1957 жылы 4-қазанда Ғарышқа
жол ашылды. Бұл күні Жердің жасанды серігі ұшырылған еді. Жер
спутнигімен «Лайка» атты ит ұшырылды.1959 жылы 12-қыркүйекте Айға
қарай зымыран ұшырылды.
1961 жылы 12-сәуірде Мәскеу уақыты бойынша сағат
12 де Кеңес Одағының барлық радиостанциялары адамның ғарышқа
сапарының сәтті аяқталғанын хабарлады. Ғарышқа бірінші рет Ресей
азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан
ұшырылды.
1963 жылы 16-шілдеде тұңғыш әйел ғарышкер –орыс
қызы Валентина Терешкова ұшты.
Ғарыш кемесі ұшырылатын ғарыш айлағы Қазақстан
жеріндегі Байқоңырда орналасқан. Қазақстандық ғарышкерлерді білеміз
бе?
Сазарып жатса Сарыарқа,
Бетпаққа оны
балама.
Шыңдарға жарық космосың
Жақын боп шықты далама.
Өкпелей берме өткенге,
Ұғып қой, ұрпақ бақытты.
Түн болса бабаң ғарышқа
Түнектен қарап жатыпты.
Адами қиял осылай,
Аспанға ұшып әрі ұшты.
Қазақтың жері ақыры –
Қақпасы болды ғарыштың.
Ән: «Айға аттанам!»
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров –тұңғыш қазақ
ғарышкер-ұшқышы.Ол 1946 жылы 27 маусымда Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1965-69 жылдары Армавир Әуе
қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында
оқыды.
Әубәкіров ағаның
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам –жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан,
Аумай қалғым келеді.
Тоқтамайды осы аңыз,
Біз жолыңды тосамыз.
Тоқтар –ерлік, ерлікті,
Күнде өлеңге қосамыз!
Қабанбайдың ұланы,
Бөгенбайдың қыраны.
Айтылатын мәңгілік,
Қазағымның жыр әні.
Ерлікпенен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтар есімін,
Ту ғып ұстап жүреміз!
Ән: «Ел қорғауға әзірміз!»
Көрініс: «Тоқтардың ғарыштан әкелген
картобы»
Бір оқушы картопты әрлі-берлі аударып көріп
отырады.
2-бала: Ой, мына картопты ексең жақсы өнім
беретін шығар, қандай ерекшелігі бар екен, ә?
1-бала: Оның тұқымын ғарыштан әкелген дейді
ғой!
3-бала: Сендер не істеп
отырсыңдар?
2-бала: Мына картоптың тұқымын ғарыштан әкелді
дегенге таңданып отырымыз.
3-бала: Мен де картоптың аты «Тоқтар» деп
аталғанын естігенмін.
1-бала: Онда жүріңдер апайдан
сұрайық!
Үшеуі тездетіп апайына келеді.
3-бала: Мына картоп тұқымының неліктен «Тоқтар»
деп аталғанын түсіндіріңізші. Бұның ғарышқа қандай қатысы
бар?
Апайы: Бұл картоп ғарыштан селекцияланып, бүгінде
ауылшаруашылығында жақсы өнім беріп отыр. Ол картоптың атын тұңғыш
ғарышкеріміз «Тоқтар» деп атаған. Осында отырып бүгінде спутниктік
байланыс арқылы әлемнің әр түкпіріндегі хабарды теледидардан көріп,
радиодан тыңдай аламыз. Ауа-райын болжау, табиғат апаттарының алдын
алу секілді қажетті жағдайларды, қай алқапта егін еккенде көп өнім
алуға болатынын да ғарыш арқылы білуге болады.
Балалар: Керемет, мен үлкейгенде ғарышкер
боламын!
1-бала: Ғарышкер болу үшін қадай пәндерді жақсы
оқу керек?
Апайы: Физика, химия, биология, математика
пәндерін жақсы білу керек. Ғарышкер болу үшін денсаулығымыз мықты,
білімді болуымыз керек!
Көңілі –дария, ойы –аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Жұлдыздарға мен құштармын
жастан-ақ,
Тоқтар ағадай мен боламын
космонавт.
Күн қасынан оралғанда баласы
Құшақтасын қуанышпен анасы.
Көкке ұшамын,
Ұшқыш болар баламын,
Соңына ерем,
Ер космонавт ағаның.
Айға ұшты ағамыз
Қандай жүйрік кемесі.
Жұлдызға біз барамыз
Кемелермен келесі!
Хор: «Біз ғарышкер боламыз!»


