400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың ұлттық киім тарихы және тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіме керек портфолиоға және папкаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақтың ұлттық киім тарихы және тәрбиелік мәні

Халқымыздың   ұлттық киімдері – заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлылығының арқасында қолданыстан қалмай келе жатқан киімдеріміз де жетерлік. Жер бетін мың түрлі әсем гүлдер қалай құлпыртса, сан түрлі киімдеріміз де қазақ даласына өзінше сән беріп келген. Кейін келе-келе, өкінішке орай социалистік қоғам құру үшін жұрттың бәрі бірдей киінсін, бірдей жұмыс істесін, бірдей өмір сүрсін деген саясатты бастан кешіп, орыс та, неміс те, қазақ та фабрикадан шыққан бірдей киім киюге көштік. Одан бөлек ұлттық киімдерді қасақана жоюға, халық санасынан өшіруге бағытталған арнайы үдерістердің болғаны да қазір жасырын емес. Мысалы, белгілі этнолог Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, «1928 жылы «ескінің көзі» ретінде мәпелеп сақталынып келген нелер бір киімнің асыл түрлері «қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің артта қалған, қараңғы кезеңінің» ескерткіштері мен символдары ретінде аяусыз жойылғаны» тарихи шындық.[3] Осылайша даланың гүліндей құлпырған ұлттық киімдеріміз қолданыстан қала берді. Сондай-ақ қазақ халқының қыз-келіншектерге арналған бүкіл киімдерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар. Ол адамның дене бітімін қымтап жауып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда, қазақ киімдерінің көпшілігі қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді деуге толық негіз бар. Қолымыздағы материалдар дәл осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Тамыры тереңде жатқан ұлттық сән өнерімізде сәукеленің шариғатқа толық сай келетін небір түрлері болды. Кимешектің де жас ерекшеліктері мен аймақтық-өңірлік ерекшеліктерге қарай сан түрі тігіліп, әсем ою-өрнектермен безендіріліп киілген. Әсіресе, әйел затына арналған дәстүрлі бас киімнің әлем жаратылысындағы себеп-салдарлық жүйемен сабақтасып жатқан қырлары мен сырлары мол түрлері көп болған. Мәселен, сәукеле, бөрік, кимешек, қарқара, жаулық, күндік, желек, шәлі, қасаба, шылауыш, т.б. бас киімдерді атауға болады. Бұлардың өзі бүрмелі кимешек, орама кимешек, бұрама жаулық деген секілді түрлерге жіктелген. Оны дәлелдейтін этнографиялық дүниелер өте көп. Демек, қазақ ғұрпында әйел кісі бас киімсіз, жалаңбас жүрмеген. Сондықтан болар, әйел затын ардақтаған кезде «ақ жаулықты ана ғой» деп әспеттеп, дәріптейміз. Қыздарымызды еркелеткенде, «үкілеп өсіріп отырған қызымыз» дейміз. Бұл кәмелетке толмаған балғын қыздардың өзіне қазақ халқы үкілі тақия кигізгенінің тілдегі бір көрінісі. Киімнің ең әдемісін халқымыз қызына кигізген, әшекейдің ең асылын қызына тағуға тырысқан. Жас қыздар бүрмелі ұзын етекті көйлек, жібек бешпент, барқыт камзол киген. Асыл тастармен моншақталған сәукелені де қыз бала өз үйінде киген. Сәукеле деген сөздің өзі «сау келді» деген екі сөздің бірігіп кірігуінен жасалған. Күйеуінің аулына жеткен соң, басына жаулық салған. [1] Тұрмысқа шыққан қыздардың киіну үлгісі де ерекше. Олар алғашқы жылы сәукеле тақса, күнделікті өмірде желек киген. Ал бірнеше балалы болған кезде кимешек киіп, оның үстінен шылауыш тартқан. Қысқасын айтқанда, қазақта әйел киімдерін қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп төрт топқа жіктеп тіккенін көреміз. Бұл да қазақ қыз-келіншектерінің өз денелерін барынша қымтап киінгенін көрсетеді. Демек ата-бабаларымыз әйел затына арналған киімдерді жасауда дініміздің талаптарын басты негізге алған. Дене бітімді жауып тұратын киім адамның құнын арттыратынын ата-бабаларымыз жақсы білген. Қыз баланы сұғанақ көздердің сұғынан түрлі киімдер арқылы, әшекей бұйымдар арқылы сақтауға болатынын терең ұғынған.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі