жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақтың ұлттық киімдері
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Қазақстың ұлттық киімдері.
Мақсаты: ұлттық киім түрлерімен таныстыру. Олардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуге, әңгімелеп беруге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілктер: ұлттық киім киген қуыршақтар, суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Алдын ала жасалатын жұмыс: ұлттық киім үлгілері бейнеленген суреттерді қарау. Ою - өрнектермен таныстыру. Суреттерді бояу. Ұлттық киім киген қуыршақтардан көрме ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғалушылық |
Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
«Ойлан тап, не артық» ойыны: Мақсаты: жалпы киім туралы түсініктерін бекіту. Қабылдауы мен есте сақтауын дамыту. Ойын шарты: бала, педагог айтқан бірнеше сөздерідің ішінен артық сөзді тауып, неліктен артық сөз деп санайтындығын түсіндіруі керек. Педагог жалпы киім түрлері туралы сұрайды. - Дұрыс айтасындар, балалар. Киімдердің түрлері көп екен және олар бірнеше топқа бөлінеді. Бүгін біз сондай киімдердің бір түрі қазақтың ұлттық киімдердің бір түрі қазақтың ұлттық киім түрлерімен танысамыз. Ол үшін біз бүгін арнайы ұлттық киімдерден ұйымдастырылған көрмеге барамыз. Педагог балаларға көрмені аралап, ұлттық киім киген қуыршақтарды жақсылап бақылап алуларына мүмкіндік береді. Көрмені ұйымдастырушы ұлттық киім үлгілері туралы айта отырып, тақия, көйлек, камзол киген қыз кейіпіндегі қуыршақ пен тақия, шапан киген ұл кейіпіндегі қуыршаққа ерекше көңіл аудартады. Олардың күнделікті киетін киімінен айырмашылығын, ою-өрнектермен әшекейленуі туралы айтады. - Үкілі тақияның төбесі дөңгелек болып келеді. Жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен бжезендіріледі. Үкінің үлпідек қауырсының тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақыя қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. - Қамзол жеңсіз жеңіл киім. Қыздарға арналған камзолдың өңіріне кесте тігіп, ою-өрнек салынады. Қамзолдың етегі кең болып келеді. Көйлек - әйелдердің киімі. Қос етек көйлекке екі, үш етекті қоса тігеді. Кең етекті көйлекке ештеңе қоспай тігеді. Міне, балалар, осындай қазақтың ұлттық киімдері қыз балаларға арналып тігілген екен. Енді ұл балалардың киімдеріне қараңдаршы. Ұл балалар да басына бас киім киген. Бас киімнің түрлері көп. Соның ішіндегі бүгінгі біздің қуыршағымыз киіп отырған бас киім қалалй аталады? - Айырмашылығын дәл таптыңдар. Қыз балаларға арналған тақияға моншақтар мен асыл тастар тігілген болса, ұл балаларға раналған тақияға моншақ тігілмейді. Оның есесіне олар ою-өрнектермен кестеленеді. Шапанды қалың матадан қазақтың ою-өрнегін салып, астарлып сырып тігеді. Шапандар әр түрлі тігіледі: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыздарға арналған қималы шапан. Шаранды ерлер де, әйелдер де, балалар да киеді. Қыздарға арналған шапанның жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Ал ерлер мен ұл балаларға арналған шапандар ою-өрнектермен безендіріледі. Күнделікті киетін бас киім, көйлек т.б киімдерді тақия, камзол, шапан, бүрмелі көйлек сияқты ұлттық киім түрлерімен салыстырады. Балаларды өздерінің таңдауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға дайын қиылған қамзол мен бөріктің силуэтін өрнектеуді, екінші орталықтағы балаларға ұл бала мен қыз балаға арналған тақияның суретін аяқтау және өрнектеу керек екендігін айтып түсіндіреді. Сергіту сәтін өткізу: Педагог сергіту сәтін ұйымдастырады да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыруы керек екендігін ескертіп, балалардың орталықтағы жұмысын, әрекетін қадағалайды. Дәптермен жұмыс. |
Бала педагог айтқан сөздердің ішінен артық сөзді тауып айтады және неліктен артық деп санайтындығы туралы өзінің ойын айтады. Өткен материалдарды естеріне түсіре отырып, ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері, олардың айырмашылығы, қалың және жұқа киімдер, бас киім, сырт киім және аяқ киім болып бөлінетіндігі туралы айтады. Көрмеге келеді. Көрмені аралап, ұлттық киім үлгілерін ұстап көреді, олардың матасы, ою-өрнектері туралы бір-бірімен пікір алмасады, білмегендері болса сұрайды. Балалар мұқият тыңдайды. Бірінші орталықпен екінші орталықтағы балалар өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып, жұмыстарын аяқтайды. Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
|
Рефлекциялық-түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналықандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін, қандай ұлттық киім түрін өрнектегенін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: ұлттық киім түрлері тақия, бүрмелі көйлек, камзол, шапанның өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары тіралы; қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуді.
игереді: тақияны қыз балалар мен ұл балаларға да арналып жасалғандығын және олардың айырмашылығын.
менгереді: ұлттық киім түрлерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшелігі және күнделікті киетін киімдерден айырмашылығы туралы білімді игерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген