Материалдар / Қазақтың ұлттық ойындары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындарын оқушыларға насихаттау
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары».

Мақсаты : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балалрға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Міндеттері:

1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету. 2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту. 3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас ойын

Көрнекілік: асық, қазақ ұлттық киімдері (шапан, желетке, тақия)

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келді. Келген қонақтармен амандасайықшы.

Сәлеметсіздер ме?

1. Шаттық шеңбері

Дөңгелене тұрайық, Киіз үйді құрайық, Кереге болып керіліп, Уыктар боп иіліп, Киіз үйді құрайық. Жарайсыңдар!

2. Өткенді қайталау

Мұғалім:

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Халық өршіл ой-арманға меңзейтін шытырман оқиғалы, тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, балалар ертегілері, ойын-сауық жоралғыларын туғызды.

Әрбір күзгі,қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген жауынан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде халық мерекелері, ойын-сауық өткізген.Бұл мерекелер күн ілгері жарияланып отырылды.Сондықтан мерекеге қатынасушылар ұлттық ойынның түр-түріне даярланып, әзірлікпен келеді. Қазақтың ұлттық ойындары: «Көкпар, Күрес, Теңге алу, Қыз қуу, Алтын қабақ ату, Жамбы ату» және т.б спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие болды.

Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болмасын халықтың «Көк-бөрі» және «Қыз-бөрі» сияқты спорттық ойындарымен жалғасып отырады.Жұрт неғұрлым көбірек қатынасатын ойындар:Әскери мәнді спорттық ойын- «ат жарыс», «қаумалап аң ұстау» болды.

Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты.Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары .Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі –оған өлең сөздің араласып келіп отыратындығында.Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайтын болған.

Оқушы:

Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары.

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшлігі «Ақ боран» ойынымен басталады.Найрыз мейрамында бұл ойындар екіжақтың тартысы арқылы ойналып,қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Оқушы:

«Жігіт қуу».

«Жігіт қуу»-ат ойыны.Ойыншылар екі топқа бөлінеді.Ойын жүргізуші арасы бір-екі шақырымдай жерден екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, басына тұмақ кигізеді де, екіншісіне өзі тұрады.Екі топтан екі адамды шақырып, біреуінің қолына белбеу береді.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай шабады.Белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге жеткізбей қуып жетіп, ұруы керек.Қай топтың ойыншысы көбірек қуып жетіп ұрса, сол топ жеңген болып есептеледі.

Сонымен қатар: «Жүйріктер жеңеді», «Қардан жасалған тир», «Судағы жасырынбақ», «Білектесу», «Қара сиыр», «Сиқырлы таяқ», «Тауық күрес» сияқты ұлттық ойын түрлері бар.

І жүргізуші: Келесі кесекте «Тақия тастамақ» ойыны.

«Тақия тастамақ»

Ойын шарты былай балалар. Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.

Жеңілген бала тақпақ айтады

Көктем туралы Көктем келді шуақты, Балаларды куантты. Алақай – ау, алақай! Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.

ІІ жүргізуші: Алдарыңызда «Қол күрес» ойынына береміз

« Қол күрес»Шарты:

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.

І жүргізуші: Оқушылар арасында ең қызықты ойындардың бірі «Хан талапай ойыны»

« Хан талапай ойыны» шарты:

Көп асықтың ішінде бір асықты қызыл түске бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан» алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді.

21 асық аламыз. Ойынға 4 бала қатысады. Бірінші бала қызыл түсті 7 асықты жинайды. Екінші бала 7 көк түсті асықты жинайды. Үшінші бала 7 жасыл түсті жинайды. Төртінші бала 7 қоңыр түсті жинайды.

3. Сергіту сәті

Би «Қара жорға»

Асықтардын түстеріне орысша тоқталып кетейік балалар

Қызыл – красный

Көк – синий

Жасыл – зеленый

Күлгін қызыл – розовый

Асықты ойнамас бұрын саусақтарымызды ойынға дайындап алайық

Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін, Болып шықты оң саусақ.

4. Шеңберде асық ойнау

Шеңбер сызып аламыз, асықты ортасына тізіп қоямыз. Қанша бала ойнаса сонша асық тіземіз. 4 бала ойнасақ 4 сақа болады. Әр баланын сақасы әртүрлі түспен боялады. Рет ретімен сосын ойнаймыз.

Жарайсындар!

5. Бекіту

- Балалар сендерге қазақтың ұлттық ойындары ұнады ма?

Иә

- Жарайсыңдар!!!

Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнадық?

Тақия тастамақ, Қол күрес, Хан талаппай, Шеңберде асық атып ойнау

- Жарайсыңдар!

- Ойын ойнаған ұнай ма?

- Иә, ұнайды

Қорытындылау

Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттау мен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамытуларымыз керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!