Қазақтың ұлттық ойындары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындарының айрықша ерекшелігі - ұтқырлық, ептілік және ұқыптылық. Ұлттық ойын арқылы балаларға қазақ халқының ұрпақтары мен игіліктерінің даналығы беріледі. Ойындар балаларға жанашырлық сезімін, командалық қолдауды және жеңімпаз болуға деген ұмтылысқа бейімдейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Өнеге сағаты

Мұғалімнің аты-жөні


Тақырып

«Қазақтың ұлттық ойындары»

Оқу мақсаты


Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,
оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып
отырғандығы туралы мағұлмат беру,Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыруАта бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу

Құндылықтарға дарыту


Ойын  кезінде адамгершілік мінез-құлық, өзара сыйласу, татулық, ұжымда бір-бірімен тіл табысу сияқты мінездер қалыптасады. 

Аптаның дәйексөзі

«талап – тәрбие бастауы».




Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу,түгендеу,бүгінгі әңгіме сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Кіріспе сөз:
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлттық ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған. Қазақтың ұлтық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.
Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі.
Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ
Тәрбиеші: Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты
Тәрбиеші : Олай болса балалар келесі кезекте ойын түрлеріне байланысты жаттаған өлең жолдарына кезек берейік.


Сабақтың ортасы


Әзір титтей бойымыз
Әзір балаң ойымыз
Тек қуамыз ойын біз
Ұзарады бойымыз
Толысады ойымыз
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз
10 – ға толған батырмыз
Кел, қанекей, келіңдер
Тамашаны көріңдер
Бізде қызық ойын бар
Барлығың ден қойыңдар

Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.
Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады.

Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)
Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді
Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)
Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)


Сабақтың соңы









Кері байланыс


Сонымен ұлттық ойындарымыз – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2025
201
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі