Қазақтың ұлттық ойындары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақтың ұлттық ойындары.
Сабақтың мақсаты
: Қазақтың ұлттың ойындары туралы түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі: бүктеме, ұлттың ойындардың суреттері, интер белсенді тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ

«Асық » ойыны

Асық – қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де , түнде де айналады.Күндізгісі – мергендікке , түнгісі- ептілікке баулиды.Асық ойынның мынадай түрлдері бар :тәйкі, омпы, алшы, хан, хан ату т.б.
Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді.Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде , тіпті үлкен бөлмеде де ойналады.
Мақсаты- көп асық ұтып алу. Асық ойыны –халық арасына кең таралған.

«Көкпар» ойыны

Көкпар – жігіттердің күш қайратын , ерлік , ептілігін сынайтын – ұлттық ат ойыны.Көкпарға тақымы берік шабандоздар.Жарысқа түсетін бұл додалы сынға денесі жұмыр, аяқтары жуан сәйгүлік аттар қатыстырылады.Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп , бір – бірінен ала қашып , лақтырып ойнаған. Кейін ол ұлттық ат спорты ойынына айналған.

«Тоғызқұмалақ» ойыны

Тоғызқұмалақ – шахмат сынды ежелгі ойын түрі.Ойынға екі адам қатысады.Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап , олжа салып ойнаған.Ертеде қойшылар малын өріске шығарып, тақыр жерден ұя -шұңқыр ойып, қойдың құмалағымен ойнаған .Тоғызқұмалақ атауы содан шыққан .Бекітілген өз ережесі бар, үлкен шеберлікті , ойлануды , айла – тәсілді қажет ететін күрделі ойын.
«Теңге алу» ойыны
Теңге алу – қыраттау жерге биік сырық тігіп , оған көлдененң қағылған тақтайға төмен түсіріп жіңішке жіп іледі. Жіптің ұшына күміс теңгелерді тесіп байлайды да садақ немесе мылтық оғы жетер жерден көздеп атқан.
Теңгеге оғын тигізген ойыншы ең мерген саналған

«Ақсүйек» ойыны

Ақсүйек- тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде ақсүйек ойнаған. Оның басты шарты лақтырған ақсүйекті жабыла іздеп тауып әкелу.Осы ақсүйек іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып , көңіл құпияларын ашатын болған.

«Көрші» ойыны

Көрші – жастар оңаша отауда қыз бен жігіт боп қатар отырысып «көрші» ойнаған. Ортаға ойынды жүргізуші жігіт шығады.Қатар отырған жұптан «көршіңмен татусың ба ?, аразсың ба?» деп сұрайды.Қыз бен жігіт «татумыз» десе , қозғалмайды да, ал «аразбыз» десе көңілі қалаған адамын сұрайды.Ол адамның көршісі сұраған адамын бергісі келмесе жазаланады./өлең айту , би билеу,алақанына соқтыру сияқты , беріп жіберген жағдайда өз көңілі қалаған басқа адамның көршісін сұрайды.Осылай көңілді ойын жалғаса береді.

«Алтыбақан» ойыны

Алтыбақан- қазақтың ұлттық ойыны.Алтыбақанды сырықтың екі басында үш - үштен қосақтап /мосы ағаш сияқтандырып / байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс.Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін , оның екі басынан үш қатар арқан байлайды.Арқанның екеуі бір деңгейде ,үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама – қарсы отырады да , төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді.Бұларды бір адам тербетеді.Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс .Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып , халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын , айтысатын , әзіл- оспақ , назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын – сауығы болған.Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол.
Қорытындылау
1.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар ?
2.Теңге алу ойынын қалай ойнайды?
3.Асық ойыны қай уақытта ойналады ?
4. Ақсүйек жылдың қай мезгілінде ойналады ?
5.Тоғызқұмалақ ойны қалай ойналады ?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2025
31
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі