400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу. Асық ату мен бес тас ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Дене шынықтыру 2 сынып Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу. Асық ату мен бес тас ойыны
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары


Мұғалімнің аты-жөні:


Күні:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу. Асық ату мен бес тас ойыны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.7.1. Патриоттық сезімнің не екенін біледі, бір бірімен әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсінеді

2. 3.5.1 Мектептен тыс және мектеп кезінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және анықтайды

Сабақтың мақсаттары

Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру, қазақ ұлттық ойындарында бірлескенқимыл-қозғалыстар арқылыкөшбасшылық қасиеттерді таныту.

Бағалау критерийлері

Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату,

ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орындау.



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Оқушының әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы



Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар.

Жүрістегі жаттығулар.Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау.Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары.

Екі қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.


Сабақтың ортасы




































Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, бірлескен іс-әрекетке тәрбиелейді.

«Арқан тартыс» – «Арқанды тартысу». Қатысушылар арқанның ұшын ұстап тұрып, қарсыластарын өз жағына тартып алуға тырысады.

«Теңге ілу (алу)» — ұлттық ойын. Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды.

Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды. «Теңге алу» – «Теңгені алу. Жаяу барысында оқушы жүгіріп келе жатып іркілмей, тоқтамай еденде жатқан орамалды алып кетуі керек немесе балама күрделі түрі гимнастикалық орындықтың үстімен жүгіріп төменде еденде жатқан орамалды қолымен іліп алып кетуі қажет.

.




Жаңа анықтамаларды ережелердіі тыңдайды, қайталайды, арнайы тапсырмаларды орындайды


- Өз жолымен жүгіреді.

- Ережені бұзбай жылдам жүгіріп өтеді.

- Жарыс кезінде жылдам қозғалады


Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырғыш, әр түрлі ұзындықтағы арқандар, шарттарын белгілейтін кеглилер.



Сабақтың соңы



Кері байланыс:

«Бес саусақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы айталы.

Үй тапсырмасы: 5-тапсырма 53 бет.

Қима қағаздан гүлдің суретін жинау арқылы 3 топ құрылады.

стикер






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
762
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі