400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойындарының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты талап етеді. Сонымен қатар бұл ойындар мінез-құлық ерешеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын талап етеді. Ұлттық ойындар әділдік пен адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді де адам бойына сіңіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақтың ұлттық ойындарының маңызы


Халқымыздың мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, адам игілігіне қызмет етуге арналған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның ерекше бір мағыналары болған»,-деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Осы айтқандарды зерделей келе мен ұлттық ойындардың мәніне терең үңілу мақсатымен ғылыми жобама осы тақырыпты таңдап алдым.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты талап етеді. Сонымен қатар бұл ойындар мінез-құлық ерешеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын талап етеді. Ұлттық ойындар әділдік пен адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді де адам бойына сіңіреді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап-күтуге тура келеді, оның жейтін шөбі мен ішетін суына дейін мөлшермен береді. Атты белгілі уақытқа дейін күн сайын желгізіп, шапқызып, терін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн ілгері осы сынақтарға қатысады. Атқа ауыр болмас үшін оған мініп шабатын баланың жасы 11-12-ден аспау керек.

Бәйге шарты мүлтіксіз орындалу үшін төреші тағайындалады. Бәйгеге шабатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай ат айдаушылар біреу емес бірнешеу болуы мүмкін. Ол ат шабатын қашықтықтың өн бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы-қасында болған бала, осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан емес маңызды емес, ол-спорт, ол-өнер, ол-шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату, тағы басқалары спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы «Ойлануды қажет ететін ойындарға» жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық есептеулерді қажет етеді. Солардың ең негізгісі – «Тоғыз құмалақ». Оны «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі оны ауыл қойшылары жайлауда қойды қаптата жайып барып жусатқан соң, бір төбенің басына жиналып, жақ-жақ болып ойнайтын болған. Ол кезде тоғыз құмалақ ойыны қойдың құмалағымен ойналатын. Бұл күнде арнаулы ойылып жасалған он сегіз ұя-щұңқыры бар тақтада ойналады.

Олардан басқа «Ойлағанымды тап», «Сөз ішінде кім ұтты», «Қандай тәсіл қолдандым» деген ойлауды қажет ететін ойындар да бар.

Ұлттық ойындардың тағы бір ерешелігі – оған өлең сөздің араласып келіп отырғандығы. Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойында жеңілген, өз ұпайын өтеушілер орындайды. Кейде суырып салма өлеңдер де осы ойын үстінде өмірге келеді. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар орындалады. Жұмбақ айтыс, алтыбақанда ән айту, мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру халқымыздың дәстүріне мүлде сіңіп кеткендей. Ұлт ойындарына үзбей қатысып жүрген адамдар үнемі ізденіст, толғаныста жүретін болған. Сондықтан болар ұлтымызда өз ойынан шығарып бір ауыз өлең айтпайтын, мақалдап-мәтелдеп сөйлемейтін адам болмаған.

Қазақтың ұлттық ойындарының бірқыдыруы – асық ойындары. Асық ойындары алдымен адамның нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлділікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына тәрбиелейді. Дәл көздей білу, нысанаға тигізе білу балалар үшін ең жоғары өнер мектебі болған. Мұндай қасиеті бар бала шыдамды, төзімді болып өседі. Асық ойындары түрлеріне «Алшы ойыны», «Омпа», «Тас қала», «Хан», «Хан талапай», Құмар», тағы басқалар жатады.

Көнеден келе жатқан ұлттық ойындардың бірі – «Бес тас». Ойынға керекті зат бес асық немесе бес кішкентай домалақ тас. Бұл ойынның да көптеген тәсілдері бар. Бұл тәсілдерді орындау да шеберлікті, дәлдікті, шапшаңдықты қажет етеді.

Сонымен қатар келесі ойын түрлері тұрмыс-салт ойындары. Бұл ойындар негізінен мерекелерде, ойын-сауықтарда ойналатын. Ақындар айтысы, палуан күрес, жаяу жарыс сияқты ойындар ауыл-ауыл болып жарыс түрлерін ұйымдастыруда пайдаланылған. «Белбеу тастау»,»Көрші ойыны», «Кім шертті», «Сақина тастау», «Алтыбақан», «Айгөлек», «Соқыртеке», «Орамал тастау»,»Ақ терек, көк терек», «Ақ сандық, көк сандық», «Ұшты-ұшты», «Ақсүйек», тағы басқа ойындар ауыл жастарының бос кездерінде, мереке кездерінде ойнайтын ойындары болған. Бұл ойындар байқампаздықты, шапшаңдықты талап ететін тұрмыстық ойындар қатарына жатады.

Қорыта айтқанда ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Мен осы ойын түрлерін саралай келе ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы дер едім.

Бүгінгі компьютер арқылы ғана отырып ойнайтын ойындар ойлау мен ептілікті қажет еткенімен денсаулығымыздың шынығуына әсер етпейтінін, керісінше қозғалмағандықтан демалысымыздың, көзіміздің көруінің нашарлауын әкеп соғатынын түсіндім. Сондықтан мен барлық балаларға шама келгенінше ұлттық ойындарды ойнауға шақырар едім.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі