Қазақтың
ұлттық ойыны
«Ханталапай»
Мақсаты:
Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу
арқылы балалардың интелектуалдық ,
тапқырлық , ептілік қабілеттерін дамытуға
ықпал ету, ұлттық құндылықтар мен
мәдениетті бойына дарыту
.
Міндеттері:
Балалардың топпен жұмсы істей білуін
қалыптастыру ; патриоттық сезімдерін
,Отанға ,туған өлкеге деген сүйіспеншіліктері
ояту; танымдық белсенділігін , дағдыларын
арттыру .
Жүргізуші:
Құрметті тәрбиешілер мен қадірлі
балалар ! Халқымыздың тарихи – мәдени
мұраларының түрлері сан алуан. Осындай
аса құнды мәдени игіліктерідің бірі –
ұлттық ойындар . Сол ойындар арқылы
шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының
шыңдай түседі. Ұлттық ойындар атадан –
балаға ,үлкеннен –кішіге мұра болып
жалғасып отырған . Сондай ойындардың
бірі. «Ханталапай» ойыны . Біз бүгінгі
іс – шарамызды еліміздің Тәуелсіздік
мерекесіне орай өткіземіз.
Ойын
.
«Ханталапай».
Ойын
ережесі:
Ойынды жүргізуші «Талапай-ау , талапай,
табылды ойын алақай»- деп ,балалар бірге
қайталап , қоржындағы асықтарды отырған
балалардың алдына шашады. Балалар жарыса
«ханталапай »- деп дауыстап, асықтарды
таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын
санай бастайды. Әр бала ойынға бес
асықтан тігіп ,оларды атуға дайындалады.
Хан асығы қолына түскен бала алғашқы
болып ойынды бастап асықтарды атады .
Тигізген асықтарды ұтып алады . Тигізе
алмай қалған жағдайда , жүргізушінің
сұрақтарына жауап береді .
Ол
үшін балалардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес интелектуалдық тапсырмалар
алдын ала дайындалады. Тапсырмаға дұрыс
жауап берген бала келесі келесі асықты
атады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда
өз кезегін келесі асығы коп балаға
береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере
алмаса , басқа балалардың жауап беруіне
болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі
дұрыс жауап берген балаға беріледі.
Осылайша ойын жалғасды . Ойын соңында
әр бала ұпай асықтарын санайды.
Қоржындағы
сұрақтар.
Жұмбақтар шешу ,сұрақ – жауаптар, мақал
–мәтелдер :
Жылға
дер ем ақпайды ,
Жылан
дер ем шықпайды. (Арқан )
Кішкене
ғана бойы бар,
Айналдырып
киген тоны бар. (Қой)
Қой
малын сипатта ?
Асық
ойындарына оның жатысын қалай атайды?
(«Бүк» , «шік», «тәйкі», «алшы»).
Асық
төбесімен ,немесе тік тұрса- оны не деп
айтады? (Омпы).
Жеті
атаны таратыңыз.(Әке, бала,
немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат).
«Ағасының
алшы түссін !» (Мақалды қайталау ).
Бес
– дегенім бесік,
Алты
– дегенім асық .
Сергіту
сәті :
Секір,секір,
секір деп ,
Ойнаймыз
біз секірмек .
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
көп тіпті
Бір
мүдіріс жоқ тіпті .
Қайта-
қайта секіріп ,
Шынығамыз
жетіліп.
Десек
те ойын жайдағы,
Секірмек
шын пайдалы.
Біздер
шымыр , жүйрік те ,
Ойынменен
шынықтық .
Еп
қана емес бірлік те,
Керек
екен соны ұқтық .
Павлодар
қаласы
МҚКК
№40 балабақшасының
тәрбиешісі
Бейсенова Г.Т.