Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға ою-өрнек туралы мағлұматтар беру, ою-өрнекпен жұмыс істеу технологиясын үйрету, шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлімі:Қоршаған әлеммен таныстыру

Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»

Мақсаты: Қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы

түсініктерін кеңейту. Балаларға ою-өрнек туралы мағлұматтар беру, ою-өрнекпен

жұмыс істеу технологиясын үйрету, шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану.

Барысы:

-Сәлеметсіңдер ме балалар

Бүгін біздерге көптеген қонақтар келіп отыр, қонақтарымызбен амандасып алайық.

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки бәріміз,

Сәлемдейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар.



-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»

балалар әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ою-өрнектер.

-Балалар сендер ұлттық ою-өрнектерді қай жерден көріп жүрсіңдер?



Балалар жауабы: Ұлттық киімдерден, ағаш ыдыстардан, ұлттық әшекейлерден,

безендіру жұмыстарында.

(Хабарламаның әуені естіледі) «Сұңқар» тобы сіздің почтаңызға сәлемдеме келді.

-Балалар бізге әжемізден хабарлама келген екен. Тыңдаймыз ба?

Әже хабарламада оюларды таныстырады.Видео

-Балалар, біздер әжемізге көмектесу үшін ауылға барғыларың келе ме?

Әжеміз біздерді ауылға қоржын тігуге , көмектесуге шақырған. Әжемізге көмектесеміз бе?

Балалармен жолға шығады, алдарыннан Саққұлақ пен Көлтаусар,кездеседі.

Саққұлақ: Мен саққұлақпын алыстағы дыбысты еститін ерекше есту қабілетім бар.

Сендердің сөздеріңді естіп досыма айтып отырған едім. Бұл менің досым Көлтаусар.

Мен Көлтаусар – көп су ішіп, көлді тауысып жібере аламын. Жолда жатқан көлді тауысып жібере аламын. Жолда жатқан көлді тауысып сендерге жол көрсете аламын.

Саққұлақ: Біз сендерге ою береміз, ал сендер тапсырмаларымызды орындаңдар. Сонда біз сендерді Әжеге жеткіземіз.

Балалар үш топқа бөлінеді:

Ойын 1:Ағаштан ойылған трафаретке түрлі-түсті құм сеуіп, ою-өрнек бейнесін шығару.Оюды сәйкестендіру

Ойын 2:Пенопласт материалға түрлі-түсті матаны ермексаз пышағымен батырып ою жасау. Оюды әшекейлу

Ойын 3: Ақ қағазда бетінде жасырынған ою.

(Балалар тапсырманы орындайды.)

-Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды керемет орындадыңдар.

Сергіту сәті:" Оюлар"

Балалар әуенмен қимылдар жасайды.

Әжеге келеді.

-Амансыңдарма, балаларым? Жолдан шаршадыңдарма?

-Әже сізге біздің балалар көмекке келді?

-Әже сіз осы ою-өрнектер жайлы білгеніңізді бізге айтып бересіз бе?

Әрине мен де бұл Өнерді- таудың бұлағыннан, Қойдың құлағыннан, Апамның киізіннен, Қошқардың мүйізіннен үйрендім. Ал отырыңдар балалар.

-Балалар, қараңдаршы қандай әсем бұйымдар. Мынау қоржын, текемет осының бәрін әжеміз өзі жасаған. Енді балалар біз қазір әжемізге өз білімдерімізді көрсетіп әрі әжемізге көмектесеміз.

Балалардың алдында әжеміз арнайы дайындаған қоржын жатыр. Осы текеметті әжеміз түрлі түсті ою-өрнектер арқылы әсемдеп беруін сұрайды.

Әжемізге осы қоржынды әсемдеуге көмектесеміз бе?

(Балалар қоржынды түрлі оюлармен әсемдейді)

Әже: - Жарайсыңдар балалар!

Әжеге алғысын білдіреді.

-Қандай керемет, шеттеріннен өнерлі екенсіңдер. Сендерге біраз базарлықтарым бар соны қабыл алыңдар.



-Жақсы балалар әжемізбен қоштасайық.

Балалар бізде осы жерден қайтайық.

-Бүгін біз қайда бардық?

-сендерге не жасаған ұнады? Бүгін барлығың жақсы қатсытыңдар. Сендерге рахмет.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12