400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің реттілігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» демекші, ою-өрнекті дұрыс меңгере білген қандай адам болмасын өте шебер де, ұқыпты да болары анық. Ою-өрнек ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра, ою-өрнектің оқушылардың ой өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол. Қазақтың ою-өрнектері мен атаулары сан алуан. Ғалымдар әзірше 200 – дей түрін ғана анықтаған. Енді олардың мән мағынасына түрлеріне тоқталайық. «Қошқар мүйіз» өрнегінің мағынасы туған жер төсін толтырған отар – отар қой деген халықтың арман тілегін, молшылықты білдіреді. Қошқар мүйіз – қошқардың мүйізі тәріздес ою.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:.Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің реттілігі.


Білімділік: Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек техникасынан, дайындалу жолынан мағлұмат беру;


Дамытушылық: Оқушылардың ою-өрнектің дамуынан, тарихынан таным-түсінігін қалыптастыру;


Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке баулу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ, аралас


Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу;


Көрнекілігі: ою-өрнек түрлері


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру бөлімі;


І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


1.Тігіс түрлері дегеніміз не?


2.Инешаншымдардың түрлерін ата.


ІІІ. Жаңа сабақ


«Ою ойғанның ойы ұшқыр» демекші, ою-өрнекті дұрыс меңгере білген қандай адам болмасын өте шебер де, ұқыпты да болары анық. Ою-өрнек ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра, ою-өрнектің оқушылардың ой өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол. Қазақтың ою-өрнектері мен атаулары сан алуан. Ғалымдар әзірше 200 – дей түрін ғана анықтаған. Енді олардың мән мағынасына түрлеріне тоқталайық.

«Қошқар мүйіз» өрнегінің мағынасы туған жер төсін толтырған отар – отар қой деген халықтың арман тілегін, молшылықты білдіреді. Қошқар мүйіз – қошқардың мүйізі тәріздес ою.

Мал шаруашылығымен айналысқан қаазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты туған. Қошқар мүйіз оюы неше түрлі формаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Қошқар мүйіз оюы негізінде сыңар мүйіз, қос мүйіз, сынық мүйіз, тік мүйіз, қырық мүйіз оюлары қалыптасқан. Бұл ою – өрнектер қолөнер бұйымдарында байлық пен тоқтық белгісін білдіреді.

«Сұңқар мүйіз » оюы қонақжайлықты білдіреді.

«Қос мүйіз» оюы өмірде жұбы жазылмасын дегенді білдіреді.

««Итқұйрық» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған құйрығына ұқсас, көбінесе мұны сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады.

«Таңдай» ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональ тәрізді өрнек. Бұл өрнек ағаш, мұйіз, сүйекзаттарының шетіне, киімдердің жағасына, кимешектің жақтауына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектес халықтарда да кездеседі.

«Құсқанат» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.

Ою-өрнектің негізгі 4 түрі бар.

1.Жануар тектес ою-өрнектер.

2.Өсімдік тектес ою-өрнектер.

3.Геометриалық фигуралар тәрізді ою-өрнектер.

4.Қоршаған табиғат денелеріне байланысты ою-өрнектер.

Ою-өрнек қолөнердің аса құнды саласы. Ол әсемдікті, сұлулықты қажет етеді.

− Қуанышын да, қайғысын да жан-жануар, аң-құс, ай-жұлдыз, күн, тау, тас т.б байлынысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері, қолөнер туындыларында да қалыс қалмаған. Дәл бейнесін бермей-ақ, кейбір сипаттары арқылы да таным-түйсіктерін баян етіп отырған. Бертін келе осы өрнектердің ұқсастығына қарай атауларға ие болған. Сонымен, ең алдымен жан-жануарларң аң-құс тектес ою-өрнек атауларына тоқталайық. Олар: қошқармүйіз, сыңармүйіз, мүйізою, тікмүйіз, сынықмүйіз, қосмүйіз.

Қазақ оюының жүйесін құрудың түп бейнесі- қоршаған ортада кездесетін заттар мен құбылыстардан алынды.

Сырмақтар мен текеметтерде аппликацияланып, безендіріліп көбінесе қошқармүйіз бейнеленсе, ал тізбек тігіспен көптеген тұскиіздерде өсімдік өрнектері- гүл оюы немесе жапырақ ою басым болып келеді. Сондай-ақ, киім-кешек, үй жабдықтары да ою-өрнекпен әсемделген. Олардың бірі ою ойылып бастырылып тігілсе, екіншісі кестеленген бұйымдар.Аппликация көбінесе балалардың киімдерінде қолданылады.Оны жасау үшін көбінесе тігістің жапсырма тігісі қолданылады.

Сонымен балалар Ою-өрнек сөзін латынның орнамент сөзімен тығыз байланыстырады.

Орнамент-әшекейлеу, әсемдеу мағына береді.

Ою-өрнектің түрлерін пайдалана отырып,бір шығарма құрастыру бұл - композиция деп аталады.

Ою-өрнек оюдың адам денсаулығына пайдасы:

1. ойды бір жүйеге келтіреді.

2. жүйке қызметін тыныштандырады.

3. математикалық білімді жетілдіреді.

4. түстерді таңдауға үйретеді.

Қазіргі техниканың , өнеркәсіптің дамыған заманында ою-өрнектің жапсырмалы түрлері жиі қолданылып жүр.Жапсырмалы түрі ешқандай қол тігісін,машина тігісін қажет етпейді,тек үтіктің көмегімен жапсыра қоямыз. Оның тиімді жағы өте көп біріншіден уақытты ұтамыз, екіншіден таза ,ойлаған оюымызды орындай аламыз.

Ой сергіту сәті. Жұмбақ шешу арқылы қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп кетейік.

1-жұмбақ.

Кигізіп –ап ұзын жіпті өзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе.

| ине|

2-жұмбақ.

Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш.

| қайшы|

3-жұмбақ

Саусақтың басындағы темір қалпақ. | оймақ|


4-жұмбақ

Иненің серігі не?

| жіп|

5-жұмбақ

Енбегинди актайды

Тазалыкты сактайды | алжапқыш|


Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ,қол тігістерін орындаймыз

Практикалық кезең: Оюдың кең тараған түрін алдымен қиямыз.

Ою-өрнектің жеңіл түрін қиып, берілген матаға қол тігісі түрімен жапсырып, тігеміз.


Қорытынды: бүгінгі сабақта қазақ халқының ою-өрнектерімен танысып көптеген мағұлмат алдық.

Бағалау: үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: ою-өрнекті матаға түсіріп келу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1081
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі