400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық қолөнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыпты зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны боыйнша қойылған сұрақтарға жауап беруге ынталарын арттыру. балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ә.С. Әмірова, К. Анартаева, Г.Ә. Кубекова










КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



















Алматыкітап баспасы

2017

ӘОЖ 373.2

КБЖ 74.102

Ә 58















































Әмірова Ә.С., т.б.

Ә 58 Көркем әдебиет. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдар­

ламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған/Ә.С. Әмірова, К. Анартаева, Г.Ә. Кубекова. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 48 бет.


ISBN 978­601­01­3074­6 ӘОЖ 373.2

КБЖ 74.102



ISBN 978-601-01-3074-6

© Әмірова Ә.С., Анартаева К., Кубекова Г.Ә., 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017

КІРІСПЕ


Жаңа буын «Көркем әдебиет» оқу­әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стан­ дарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

  2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);

  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.

«Көркем әдебиет» оқу­әдістемелік кешені «Коммуникация» білім беру саласының «Көркем әдебиет» сабағына негізделіп жазылған.

«Көркем әдебиет» ОӘК­нің құрамы:

  1. Әліппе­дәптер

  2. Педагогтерге арналған әдістемелік нұсқаудан тұрады. Әдістемелік нұсқауда:

  • Ұзақмерзімді жоспар;

  • Қысқамерзімді жоспар;

  • Қосымша материалдар берілген.

Бағдарламада «Көркем әдебиет» сабағының мақсаты: тілге, көркем сөзге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

  • көркем әдебиеттің ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

  • әдебиетті тыңдау және айтып беру қажеттіліктерін қалыптастыру;

  • түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту;

  • әдеби шығармаға эмоциялық көңіл күйін қалыптастыру;

  • әдептілік біліктері және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.

«Көркем әдебиет» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге, өнердің түрі ретінде әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға, сауатты оқырман тәрбиелеуге, қазақстандық және шетелдік авторлардың заманауи көркем шығармаларын енгізу арқылы балалардың оқу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.


Бөлім

Бөлімше



1. Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.1 Көркем шығарманың мазмұнын түсіну

1.2 Жатқа айту

1.3 Тыңдағанын мазмұндау

1.4 Сұрақтар мен жауаптарды құрастыру

1.5 Оқиғаларды болжау



2. Талдау және түсіндіру

2.1 Ұсынудың түрлі нысандарын қолдану

2.2 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

2.3 Кейіпкерлерге мінездеме беру

2.4 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу

«Көркем әдебиеттің» алдына қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін Әліппе­ дәптердің мазмұны 8 тарауға бөлініп, осы тарауларға сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыптары таңдалды:

    1. Мен кіммін және қандаймын?

    2. Мектепке не үшін барамыз?

    3. Менің айналамда кімдер бар? (Отбасым және достарым)

    4. Менің айналамды не қоршап тұр? (Өсімдіктер, жануарлар)

    5. Жолдар бізді қайда бастайды?

    6. Салт­дәстүрді білу не үшін керек?

    7. Мен үшін не дәмді және пайдалы?

    8. Денсаулықты қалай күту керек?

Әрбір ортақ тақырып бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Сонымен қатар әдістемелік нұсқауда берілген ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) үлгілері осы тақырыптардың берілген оқу мақсатына сәйкес мазмұнын ашу негізінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы 22 маусымда бекіткен

№391 бұйрығына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында бағдарламада берілген «Көркем әде­ биет» ҰОҚ ұзақ және қысқамерзімді 16 сағатқа үлгілік сабақ жоспары ұсынылды.

Үлгілік сабақ жоспарында педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыратын интербелсенді әдіс­ тер мен ақпараттық­коммуникациялық технологиялар қолданылады.

Әліппе­дәптердегі суреттер бойынша тәрбиеленушілердің тақырып бойынша толық әңгіме құрастыруына мүмкіндік туғызылады.

Ол үшін педагог мына мәселелерді жүзеге асыруы тиіс:

  1. Көркем әдебиет сабағын ұйымдастыруда интербелсенді әдістер мен ойын, ақпараттық­ коммуникациялық технологияларын қолдану арқылы тілге, көркем сөзге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті калыптастыру.

  2. Оқу құралының ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін сабақты ұйымдастыру негізінде қалыптастыру.

  3. Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыра білу үшін әдебиетті тыңдау және айтып беру қажеттіліктерін қалыптастыру.

  4. Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білуге, шағын фольклор жанрларын, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуға баули отырып, түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту.

  5. Сурет топтамалары бойынша өзінің эмоциялық күйін ауызша жеткізе білу (әдеби кейіпкерге жанашырлық білдіру, тілектес болу), өз шығармашылығымен әңгіме құрастыруда әдеби шығармаға эмоциялық жанашырлығын қалыптастыру.

  6. Оқылған шығарма, ертегі, өлең, әңгіме, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді, жанрлар­ ды ажырату (жұмбақ, ертегі, өлең және т.б.), олар туралы өздігінен қорытынды жасату.

  7. Тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізуді практикалық жол­ мен меңгерту.

ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ

«Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша тақырыптық жоспар


Ортақ тақырып

Тақырыпша

Оқу мақсаттары

Shape3

Мерзімі


1. Мен кіммін және қандаймын?

2 сағат

Кім болғым келеді?

        1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

        2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)







Алтын бала (әңгіме)

0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)


2. Мектепке не үшін барамыз?

2 сағат

Оқу құралдары хикаясы (ертегі)

0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

0.1.4.1. Иллюстрация бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру









Өзім барам мектепке (өлең)

        1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

        2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру








3. Менің айналамда кімдер бар?

(Отбасым және достарым)

2 сағат

Тату доспыз бәріміз (өлең)

        1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

        2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақт.б.)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру








Айтшы, әжетай! (өлең)

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын мәнерлеп жатқа айту

0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)








4. Менің айналамды

не қоршап тұр? (Өсімдіктер, жануарлар)

2 сағат


Жыл басына таласқан жануарлар (ертегі)


0.1.1.1. Шағын ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру

0.2.4.1. Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстыру

Shape4

Мерзімі



Президенттік шырша (өлең)


0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

0.1.5.1. Өлең мазмұнын кіріспесі бойынша болжау.

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі