400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақтың ұлттық тағамдары

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы




7-сынып.
Тақырыбы: Ұлттық тағамдар

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлттық тағам түрлерімен таныстыру, өзге ұлт оқушыларының қазақ тілде сөйлеу жазу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының ақ дастарқанын қадірлеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: 1. Ұлттық тағамдар суреттері
2. Қазақтың дарқан дастарқаны
3. Сызбалар
4. Кәртішкелер

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру сәті
а. Сәлемдесу
ә. Диалог
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қайдан келдің бауырсақ?
III. Негізгі бөлім
Мұғалім: Балалар көктем айында қандай мейрам болады?
Ықтимал жауап: Наурыз мейрамы
Мұғалім: Дұрыс. Наурыз мейрамын қалай қарсы аламыз?
Оқушы: Ұлттық киімдер киеміз, мерекелік шаралар болады, әр түрлі тағамдар дайындалады.
Мұғалім: Қандай тағамдар?
Балалар білетінін айтады.
Мұғалім: Ал осы тағамдар бір сөзбен қалай айтылады?
Оқушы: Ұлттық тағамдар.
1. Жаңа тақырып
а. Фонетикалық минутка
Мұғалім: дәптерді ашып бүгінгі күнді тақырыпты жазамыз.
Бүгінгі тақырыбымыз: Ұлттық тағамдар
Мұғалім: Тақырыбымыздағы қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңдар
«Ұ» дауысты жуан қысаң еріндік
«Қ» дауссыз қатаң
«Ғ» дауыссыз ұяң
Мұғалім: Дәптерлеріңе жазыңдар, жазбаша әріп таңбасын.
ә. Сөздiк жұмысы:
Сүттен жасалған тағамдар - молочные продукты
Еттен жасалған тағамдар - мясные продукты
Ұннан жасалған тағамдар - мучные продукты

б. Таблицаны керектi сөздермен толықтыр:

Сүттен жасалған тағамдар Еттен жасалған тағамдар Ұннан жасалған тағамдар


Керектi сөздер:
бесбармақ, iрiмшiк, бауырсақ, айран, құырдақ, шұжық, сүт, нан, құрт, шелпек, қазы

в. Тапсырма: жаңа сөздердi дәптерге көшіру, сөз тіркестерін құрастыру.

IV. Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару, тапсырманы орындау.

Ұлттық тағамдар

Қазақтың ұлттық тағамдарына: сүттен жасалатын (ақ тағамдар), еттен жасалатын (қызыл тағамдар), ұннан жасалатын (дән тағамдар) тағам түрлерi бар.
Сүттен жасалатын тағамдар: сүт, қымыз, шұбат, iрiмшiк, уыз, май, балқаймақ.
Еттен жасалатын тағамдар: қазақша ет, шұжық, құырдақ, қазы қарта, сүр ет, бүрме, кеспе.
Ұннан жасалатын тағамдар: нан шелпек, таба нан, күлше, төңкерме, бауырсақ, құймақ.
Бұл тағамдар адам ағзасына өте пайдалы. Ас туралы мақал – мәтелдер көп:
1) Ас – адамның арқауы.
2) Ас иесiмен тәттi.
3) Арпа, бидай ас екен
Алтын, күмiс тас екен.

1. Мәтіннен зат есімді теріп жазу
2. Сын есімдерді теріп жазу
3. Етістікті теріп жазу
4. Қорыту
Мақал-мәтелдермен қорытындылаймыз:
1) Ас адамның арқауы
2) Ас иесімен тәтті
3) Аш кісінің ашуы жаман
4) Асты қорлама құстырар
5) Аш бала тоқ баламен ойнамайды
Тоқ бала аш болам деп ойдамайды
6) Ішің ауырса аузыңды тый
7) Ас атасы нан
8) Ет етке, сорпа бетке
9) Досыңның асын жауындай іш
10) Асты аттама, досты даттама
11) Шай ішсең көңілің жай
12) Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

V . Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс: «Ұлттық тағамдар»

VI. Бағалау






Диалог. Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Жаттап алыңыз.
Диалог. Прослушайте. Повторите. Выучите наизусть.

1.
- Қызым, ертеңгі түскі асқа жаңа көршімізді шақырайық. Өздері иман жүзді кісілер екен. Ерулік берейік. Ертеден келе жатқан дәстүрімізді бұзбайық
- Әрине, шақырайық. Жаңадан қоныстанған көршілерге есік көрсетіп, тамаққа шақыру дұрыс қой. Қандай тағам әзірлейміз, апа?
- Қонаққа жақсылап бір ет асайын деп едім. Сол себепті, бүгін сәті түссе, дүкен аралап, керек-жарақтарды алып қайтайық.
- Апа, сіз пісіретін қызыл күрең бауырсақтарды ойласам аузымның суы құриды. Бауырсақ пісіресіз ғой, ә?
- Әрине, онсыз бола ма? Жалпы қазақтың дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдары баршылық қой, шүкір. Сусынға қымыз бен шұбат алдыртайық. Алдын-ала тапсырыс бермесек, қазірде олар көзді ашып-жұмғанша сатылып кетеді.
- Иә, қазір барлығын ойластырамыз, апа. «Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы» демекші, осы кезді пайдаланып, өзіңізден табақ тартуды үйреніп алайыншы. Етті пісіріп алғаннан кейін, оны табақтарға қалай салу керектігін білмеймін.
- Оның дұрыс, айналайын. Білгенің өзіңе жақсы. Ет піскен соң қонақтардың жасы мен жолына қарай «мүшелі табақ» жасайды. Мәселен, «бас табаққа» қос жамбас, екінші табаққа екі асықты жілік, үшіншіге – ортан жіліктер, төртіншіге –қос жауырын, бесіншіге екі тоқпан жілік, алтыншы табаққа екі қары жілік түседі. Сонымен қатар әр мүшенің жанына қосымша салынатын «жамбастары» болады. Мысалы, жамбасқа қосымша бас пен үш ұзын қабырға, асықты жілікке – екі қабырға, қалған мүшелі табақтарға – бір-бір ұзын қабырға қосылады. Сондай-ақ барлық табаққа бірдей құйрық пен бауыр бөлінеді.
- Түу, кішкене қиындау сияқты. Дегенмен, үйреніп аламын. Мына тізімге ертеңге қажетті заттарды жаздым. Қазір дүкенге барып әкелейін.
- Жарайды, қызым, мен бауырсақты әзірлей берейін.


- Дочка, завтра на обед пригласим наших новых соседов. Видно что хорошие люди. Дадим ерулик. Надо чтит древнюю традицию.
- Конечно, пригласим. Приглашать новых соседей домой на обед это хорошая традиция. Что приготовим, апа?
- Хотела бы приготовить мясо по-казахски. Поэтому сегодня нужно сходить в магазин и купить все нужное.
- Апа, от ваших вкусных баурсаков слюни текут. Вы ведь приготовите?
- А как же? Слава Богу, у казахов много вкусных национальных блюд. Из напитков купим кумыс и шубат. Надо заранее сделать заказ, а то они быстро закончатся.
- Да, все обдумаем. Заодно воспользуюсь случаем и научусь как подавать на стол мясо. Я не знаю какие части мяса надо класть в какие тарелки.
- Ты права, дорогая. Это нужно знать. После того как будет готово мясо, по возрасту и положению гостей будем делать «мушели табак (плоская чаша для мяса)». Например, «Бас табак (главный табак)» сервируется: голова, бедренный мосол, позвонковый мосол и три длинных ребра. Вторая чашка – большая берцовая кость, два ребра. Третья чашка – бедренная кость, ребро. Четвертая чашка – лопаточная кость, ребро. Пятая чашка – берцовая кость, ребро. Курдюк и печень в равной части кладут во все чашки.
- Ой, кажется таким трудным. Ну, ничего научусь. Составила список, пойду и принесу.
- Хорошо, дочка, а я приготовлю баурсаки.

2.
- Қайрат, «ас адамның арқауы» деген, тамақ ал. Тамақты ыстықтай жеген дұрыс қой. Жоқ, әлде сенікі «ат қадірін жоқ білмес, ас қадірін тоқ білместің» кері ме?
- Жо-жоқ, сені күтіп отырмын. «Ас иесімен тәтті» ғой, Анар, өзің де жесеңші. Түу, сен он саусағынан өнері тамған нағыз аспаздың өзі екенсің ғой!
- Жүрек жарды сөзіңе рақмет. «Елге сүйкімді қонақ екіндіде келеді» деген мақалды білуші ме едің? Үйге алғаш келіп тұрсың, оның үстіне түскі ас, сондықтан қысылмай ала бер.
- Біздің қазекеңдей қонақжай халық жоқ шығар. Бұрынғы заманнан бері «түскі асқа түстік жерден, кешкі асқа күндік жерден қонақ келеді» деп, қазандарына қонақ сыбағасын артығымен салып отырған ғой.
- Дұрыс айтасың. Қазақтың қазы-қартасы, жал-жаясы, құрт-майы, ірімшігі, айраны мен қымызы қандай!
- Қымыз бен шұбаттың денсаулыққа беретін пайдасын айтсаңшы! Майлы еттен кейін бір саптыаяқ қымызды сіміріп алсаң, кешке дейін тоқ жүресің. Солай емес пе?
- Солайы солай. Кез келген ұлттың өзіндік ерекшелігі бар ғой. Мал бағып қалған ел болғандықтан, ыстық сорпа ішіп, ет жеп тұруға әбден үйренгенбіз. Еттің құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер бар.
- Иә, тамаққа шақырғаныңа көп рақмет. Сыйлап, төріңе отырғыздың. Ендігі кезек менікі болса керек. Келесі аптада сені қонаққа шақырайын. Қолың бос күнді айтарсың, жарай ма?
- Жарайды, демалыс күні ыңғайлы болар. Әлі уақыт бар ғой. Сөйлесерміз.


- Кайрат, угощайся. Нужно кушать когда еда горячая или ты не хочешь?
- Нет, я жду тебя, Анар, ты тоже садись. Ты оказывается мастер на все руки!
- Спасибо за искренние слова. В народе говорят «хороший гость приходит в обедь», ты ведь первый раз у нас дома, к тому же обеденное время, поэтому не стесняйся, угощайся.
- Нет гостеприимней народа, чем наши казахи. Они всегда готовили больше на одну порцию, так как считали что в любую минуту может придти гость.
- Да, ты прав. Что может сравнится с вкусом казахского казы-карта, жал, жая, курта, творога, кефира и кумыса!
- Кумыс и шубат очень полезны для здоровья. Если после вкусного и жирного мясо выпить чашку кумыса, то до вечера будешь ходить сытым. Не так ли?
- Да. У каждого народа свои особенности. Наш народ в основном занимается скотоводством, поэтому мы привыкли всегда кушать мясо и пить горячий бульон. В составе мясо много витаминов нужных для организма.
- Спасибо за угощение. Теперь моя очередь пригласить тебя в гости. Скажешь время, когда тебе будет убодно, хорошо?
- Может на выходной день. Еще же есть время. Потом поговорим.







Ешмұканова А.М.,
құрылыс-экономикалық колледждің оқытушысы

Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Сабақтың көрнекілігі: иннтерактивті тақта, мультимедия, үлестірмелі материалдар, оқулық, сөздіктер, көрнекіліктер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: кәсіби қазақ тілі пәні мен мамандық бойынша бағдарламалық материалды, кәсіби мәтіндер мен термин сөздерді, сөз тіркестерін; қазақ тілінің грамматикалық ерекешелігін.

  2. Дамытушылық: модуль бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуі; кәсіби мәтіндерді сөздікпен, сөздіксіз аудара білуі;

  3. Тәрбиелік: халқымыздың ұлттық тағамдарын білу, тағамдардың жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге; тапсырмаларды орындау кезінде топта, жұптау, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: топпен жұмыс

М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы бойынша өткен сабақтан көрініс /топтық жұмыс/

ІІ Модуль

Тақырыбы: Іскерлік қатынас

Бөлім

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Кіріспе бөлімі

1-2 сабақ

Модульдің құрылымымен, мақсат, міндеттерін таныстыру.

  1. Кіріспе. Кәсіби қазақ тілінің міндеті. «Мамандық». «Менің мамандығым». «Асханада». «Ұлттық тағамдар». «Дәмхана». «Мейрамхана». «Қабылдау бөлмесінде»

  2. Сөздікпен жұмыс.

  3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

  4. Қорытынды.Үйге тапсырма.

Сөйлесу бөлімі

3-сабақ

Тақырыпты меңгерту.

  1. Өзара оқыту сабағы.

  2. Грамматикалық тапсырмалар.

  3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

4-сабақ

Білім, іскерлік дағдыларын дамыту, пысықтау.

  1. Білімді өзектендіру сабағы.

  2. Іскерлік қатынас /топтық жұмыс/

  3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

5-сабақ

Білім, іскерлік дағдыларын қорыту.

  1. Рөлдік ойын «Жұмыста»

  2. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

  3. Қорытынды.Үйге тапсырма.

Қорытынды бөлімі

6-сабақ

  1. Диктант.

  2. Тест жұмысы.

  3. «Менің мамандығым» шығарма

Оқушы нені үйренуі керек?

ә) қазақ тілінің грамматикалық ерекешелігін.

Оқушы нені білуі тиіс?

а) кәсіби мәтіндерді сөздікпен, сөздіксіз аудара білуі;
ә) модуль бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуі;
б) тапсырмаларды орындау кезінде топта, жұпта, жеке жұмыс істей білуі.

Ашық сабақ тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық тағамдары»

4-сабақ

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың мақсатын, жүру барысын түсіндіру.

  3. Білімді өзектілендіру сабағы /топпен жұмыс/

І деңгей

Тапсырма: «Колледждің асханасы» шағын шығарма

ІІ деңгей

Тапсырма: «Қабылдау бөлмесінде» Өтініш жазу.

ІІІ деңгей

Тапсырма: «Ұлттық тағамдар»

Интерактивті тақтада: слайдтар «Ұлтық тағамдар» 3 оқушы тағамдардың

3 түрінен сурет бойынша таңдап жазады.

Ет тағамдары: …, …, … .

Сүт тағамдары: …, …, … .

Ұн тағамдары: …, …, … .

4. Іскерлік ойын

Мақсаты: тақырыптар бойынша алған білімдерін, іскерлік дағдыларын дамыту, пысықтау.

Шарты: топтарда деңгейлік тапсырмалар орындау

І деңгей «Шағын бизнес»

Тапсырма: шағын тамақтандыру мекемесін ашу /асхана, дәмхана, мейрамхана/ :

  1. Мекеменің атауы ;

  2. Жарнама жасау;

  3. Бизнес жоспар құру.

  1. Өз жобаларын қорғау.

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі — оқуға шақырады.

  1. Колледжге жарнама

  1. Технология бөлімі туралы әңгімелеу.

  2. «Менің — болашақ жұмыс орыным» өз жұмыс орны туралы әңгіме

/тіл дамыту жұмысы/

ІІІ деңгей «Қонақжайлылық»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1114
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі