400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық тағамдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме қажеті болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:


Қазақтың ұлттық тағамдары 28.09.18 10 «Г» cыныбы

Сабақтың реті:

1-сабақ Тексерілді:

Жалпы сабақтың мақсаты:

1. Біріккен сөздердің ерекшеліктерін айқындайды. Жасалу жолдарын меңгереді. Біріккен сөздердің құрамдық ерекшелін анықтайды.
2. Қазақтың ұлттық тағамдарының құрамын анықтайды. Оларды дайындау ерекшеліктерін жайында оқушылар ойын ортаға салады. Сөздік қорларын молайту, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыра отырып, ұжымда, топта жұмыс жасауды және бір-бірін сыйлауға үйренеді
3. Оқушылар танымдық көзқарас қалыптастырады. Ертеден келе жатқан қазақ халқының дәстүрімен байланыстыра отырып, адамгершілік пен , ұлттық тағамдарды қастерлеудің мағызын анықтай арқылы ұлттық сана-сезімді бойына сіңіреді.

Оқу нәтижелері:


- біріккен жайында түсінік қалыптастрады;
- біріккен сөздерді сөз құрамына қарай талдай алады;

- біріккен сөздердің жасалу жолдарын меңгереді;
- не себепті біріккен сөз деп аталғанын анықтайды;

- ойын еркін айта алады;

- бір-біріне ашық сұрақ қоя біледі;

- ойларын қысқа да нұсқа, нақты жеткізе біледі;

- жұппен, топпен бірлесіп жұмыс жасай алады;

- бір-біріне сыйластық көзқараспен қарайды;

- бір-біріне жақсы тілектектер айта алады;

- топта бірін-бірі қолдайды;

Түйінді идеялар:

Оқушылар біріккен сөздерді біледі, жасалу жолы мен ерекшелігі жайында білімдерін байланыстыра ұштастырады. Біріккен сөздерді басқа сөздермен салыстыра, байланыстыра алады. Мәтіннен күрделі сөздерді таба алады. Тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, жауап береді.


Мұғалімніңіс-әрекеті

Оқушыныңіс-әрекеті

Тапсырмалар

-сәлемдесу, сыныпты сабаққа ұйымдастыру

- сергіту сәті;

- сыныпты топқа бөлу;

- ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру:

- қызығушылықты ояту:

- мағынаны қалыптастыру;

- мағынаны таныту:

-ой толғаныс;

- баға қою;

- үйге тапсырма беру;

- рефлексия (кері байланыс).





- сабаққа дайындалады;

-сергіту сәтін жасау;

- шағын топқа бөліну;

- бір-біріне жақсы тілектер айту;

- жеке жұмыс;

- жұптық жұмыс;

- топтық әңгіме;

- тақырыпты өз бетінше түсінеді;

- бір-біріңе сұрақ қояды;

- сұрақтарға жауап береді;

- өзін бағалайды, бірін-бірі бағалайды;

- үйге тапсырма алады;

- рефлексия(кері байланыс).

Сабақтың типі:

Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Әңгімелесу

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

СТО стратегия, диалогтік оқыту, сыни ойлау, сұрақ-жауап, мазайка әдісі, өзара бағалау, кері байланыс

Жұмыс түрлері:

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, флипчарт, интербелсенді тақта, электронды оқулық

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, сәлеметсіңдер ме?

  • Көңіл-күйлерің қалай? Сендердің көңіл -күйлеріңді жақсарту мақсатында бір-бірімен амандасып, бір-біріне жақсы тілектектер айтайық. (Оқушылар қолын алып жақсы тілек айтып шығады)

  • Балалар, мен бүгінгі сабақты өткізу үшін сыныпты 3 топқа бөлемін.

Мен сендерге сөздер жазылған қағаздар таратып беремін. Сендер сол сөздерден сөйлем құрайсыңдар. Құралған сөйлем бір топ құрады. Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт тағамдары – ірімшік, құрт, май.

Сүт тағамдары – ірімшік, құрт, май.

  • Бағалау парақшаларына өздерін бағалайтынын ескертемін
    ІІ Үй жұмысы

Үй жұмысы жұптар бір-біріне алмастырып тексереді.
ІІ Қызығушылығын ояту кезеңі

Балалар, сабақтың басында сөйлемдер арқылы топтарға бөліндік. Ұлттық тағамның ерекшелігі қандай деп ойлайсыңдар. Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? (ұлттық туралы болуы мүмкін)
Топқа бөлінген сөйлемдерде қандай біріккен сөздерді байқадыңдар. Біз сендермен біріккен сөздер туралы оқығанбыз. Біріккен сөз дегенімін не еді, еске түсірейік. Олардың ерекшелігі қандай?
Өтілген сабақ пен өтілетін сабақты байланыстыра отырып, бүгінгі өтетін сабағымыздың грамматикалық тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар?-деген ой қозғау сұрағы қойылады.

ІІІ Мағынаны ажырату кезеңі

Біріккен сөздер жайында мәлімет жазылған таратпаны таратып беремін. (интерактивті тақтадан ереже шығып тұады)
Таратпаны өз бетімен оқып жеке жұмыс жасайды, топта біріккен сөздерді салыстыра отырып талқыланады, жұптар бір-біріне сұрақтар қояды.

1-тапсырма. Оқулықта берілген суреттердегі тағамдардың атауын атап, үш топ екі суреттен бөліп алады. Тағамдардың дайындалу ерекшелігі мен құрамын топта талқылап, күрделі сөздерды пайдаланып, сыныпқа таныстырады.
2-тапсырма. Мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңдер.
5-тапсырма. Біріккен сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Біріккен сөздердің түбірлерін анықтаңдар.
7-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтін не туралы екенін анықтаңдар.
8-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңдер.

ІҮ Ой толғаныс кезеңі

Оқушылар сұрақтарға жауап алу мақсатында «ұлттық тағамдар» деген тақырыпта постер қорғайды.

ІҮ Бағалау

Оқушылар бағалау парақшаларына өзін-өзібағалайды.

Ү Үйге тапсырма беру

4-тапсырма. Сөйлемдердің дұрыстығын анықтау.

Ү Кері байланыс жасау

Стикерге бүгінгі сабаққа қатысты ойларыңды смайликтер арқылы «Сабақ маған ұнады», «Сабақ маған ұнамады» деген қатарға жабыстырады.
















№ 156ЖББ мектеп



Сынып: 10 «Г» «Бекітемін»
Күні: 28.09.2018 ж. _____________________







Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары




Мұғалім Касайнова А.С.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
376
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі