400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫН ДАЙЫНДАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫН ҮЙРЕТУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ

14 КОЛЛЕДЖ МКҚК











БАЯНДАМА







Тақырыбы:



ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ







Дайындаған:



Оқу өндірістік шебері Дедов Александр Сергеевич































Атакент кенті 2019 ж





Қазақтың ұлттық тағамдары - өте дәмді. Дәрумендер мен ақуыздарға бай, жоғары калориялы, құнарлы, маңызы зор тағамдар. Сусындары шипалы.

Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олар - Бешбармақ, қуырдақ. Сүт тағамдарынан айран, сүт, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, сары май, қаймақ. Ұн тағамдарынан таба нан, бауырсақ. Дәнді дақылдардан жасалатын тағам түрлері бидай, тары, жүгері, талқан. Қазақ халқы қонақжай болғандықтан, үйге келген кісілерге арнап пісіретін тағамдарға аса көңіл бөліп отырған. Арнайы келген қонақтарға көбінде - бешбармақ дайындалады.

Бешбармақ үйге келген сыйлы қонақтарға тарту етілетін ет. Қонақтардың жасына, дәрежесіне қарай, табақ-табақ ет тартылады. Ет сарапталып әрқайсысына бөлініп, арнайы жасалады. Ет табақ жасауда үлкен өнер. Табақтарға ет сүйек мүшелеріне қарай бөлініп тартылады. Бас табаққа жамбас ет, қазы-қарта, жал-жая салынады.

Қуырдақ жаңа сойылған малдың , ішек қарнымен, өкпе бауыры мен бірге пісірілетін ас. Қуырдақ өзінің майы мен сөгіне дайындалады. Өте керемет, дәмді ас. Аяқ асты келген қонақтарға, көбінде, пісірілетін тағам түрі.

Сүт өнімдерін төрт түлік малдардан алып отырған.

Қымыз жылқы сүтінен алынатын сусын. Қымыз - ашытқы арқылы ұйытылып, күбіге пісіліп, ысталып жасалады. Той, қонақ күтуде дастарханның маңызды керемет сусыны. Шөлінді қандырады. Қазақ халқы қымызды батырлары сусыны деп те атаған.

Шұбат түйе сүтінен алынатын сусын. Қымыз бен шұбатты дайындауда үлкен шеберлікті талап етеді. Емдік қасиеті бар шипалы сусын. Шұбаттың құрамы ақуыз бен дәрумендерге бай.

Сүт пен айран әсіресе, сиыр малынан алынған. Ұйытылған сүтті айран дейді. Айран - сусынның бір түрі.

Құрт малдардың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақталатын тағам түрі. Сүтті сауып, пісіріп, ашытқы салып, айран қылып ұйытады. Ұйыған айранды арнайы тігілген дорбаға құйып, сары суын ағызады. Сары суы әбден аққан қатықты алып,тұз салып, құрт жасайды. Құртты жақсылап желге кептіреді.

Ірімшік шикі сүтке, ашытқы салып, ірітіп, қазанға салып қайнату арқылы жасалынады. Ірімшік өте дәмді тағам түрі. Ірімшіктің екі түрі бар: қызыл және ақ ірімшік.

Сары май ешкінің, қойдың, сиырдың сүтінен алынады. Қойдың қарнына, торсыққа салып сақталынады.

Қаймақ піскен сүттің бетінен жиналатын, қалқып алынатын маңызы. Жаңа піскен таба нанмен, тіл үйіріп жетін тағамның бірі.

Кілегей шикі сүттен бетінен, жиналып алынады. Кілегейге тары, талқан араластырып жеуге болады.

Бауырсақ (Тоқаш) бидай ұнын, ашытып, майға қуырылып, пісірілетін тағам түрі. Қымыз, шұбатпен бірге дастарханға қойылады.

Таба нан - Бидай ұнына май қосып иленіп, табаға салынып, отқа көміліп пісіріледі. Таба нанды пешке де пісіруге болады.

Бидай, тары, жүгері бұл дақылдарды жақсылап тазалап, табаға салып қуырып дайындаған.

Талқан - қуырылған бидай, тары, жүгері дақылдарын, ұнтақтау арқылы жасалған. Өте дәмді құнары жоғары, тойымды тағам түрі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі