Сабақтың
тақырыбы: Қазақтың үш
биі
Сабақтың
мақсаты: Мемлекет мәмігерлері
Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары
туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып,
қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет
атқарғанын дәріптеу.
Көрнекі және дидактикалық
құралдар: Презентация, проектор, оқулық,
кесте, дәптер, А3, түрлі-түсті маркерлер билердің
суреттері,
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің
іс-әрекеті:Сәлемдесу. Сабақта жоқ
оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа Психологиялық
жағынан икемдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау: Майқы би мен Аяз би туралы не
білесің?
ІІІ. Жаңа
сабақ
Сабақтың тақырыбын,
мақсатын, міндеттерін
анықтау Сабақтың
мақсаты оқушыларды Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би,
Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы мағұлмат алып,
Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты
билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарған еңбегіне баға
беруге үйрету.
Жаңа тақырыпты
меңгеру
а) Кіріспе:
Мұғалім
сөзі: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап
өткені-тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық
қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай
биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық
қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың
танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында- қазақ халқына
әйгілі билеріміздің орыны ерекше
болған.
б) «Миға шабуыл»
әдісімен
Алдымен «Би» ұғымын қалай түсінесіңдер? Би
болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін
бе еді? Қалай ойлайсыңдар? Би деген кім, қандай болуы керек,
биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп
алайық.
Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау,
мақсат қою, нақыл сөздермен ІІІ топқа бөлініп отыруы
(4-баладан)
І
топ– Төле би ІІ
топ – Қазыбек би
ІІІ
топ – Әйтеке би.Әр топ 7 мин – ішінде ауызша портрет жасап, сосын
оны бүкіл сынып алдына ұсынады
«Ұлы билер өміріне
саяхат»
—Ұлы жүздің төбе
биі.
-Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында
дүниеге келген.
-Дулат тайпасының жаныс руынан
шыққан;
-Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси
қайраткер;
-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің
мүшесі;
-«Жеті Жарғы» заңын жасаушылардың
көрнекті өкіл;
Жаңа тақырыпты
меңгеру
в) Топпен жұмыс.
І
-топқа. Төле бидің балалық шағы туралы мәтіннің жартылай
бөлігі ғана берілді, ары қарай оқушылар оқиғанын қалай
өрбігенін диалогтық әңгімелесу, ақылдасуы арқылы өздерінше
болжайды..
Төле би өз халқының шешендік өнерінің дәстүрлерін
жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған.
15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің
әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Бала
күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ
халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел
билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік
өнерімен көзге түседі.
ІІ-
топқа. Қаз дауысты Қазыбек биге мінездеме
беру.
Қаз
дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен
биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі,
халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы
заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл
да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы
үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Бидің жастық
шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық
алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші
мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен
кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол
Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш
рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен.
Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері
жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім
Қазыбек:
ІІІ топқаӘйтеке бидің балалық шағы
туралы:Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ
бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр
мен атасы Ақша ханның төрбиесінде болады. Нәтитжесінде дін, құқық,
аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай,
өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бес жасында молдадан оқып
сауатын ашқан.Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып,
әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды.Қазақ елінің үш
жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды.
Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі
мәселелерді шешуде төреші,
Тәуке ханның «Жеті жарғысының»
мазмұны:
г) Мәтінмен
жұмыс.
Ұлы билер бойынша мәтін мен жұмыс. 5
минут.
ҮІ. Бағалау.
Үйге
тапсырма: Төле бидің жұмбақтап
айтқандарын, Қазыбек би мен Әйтеке бидің толғауларын
жаттау.