400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазір ғарышты қалай зерттейді? 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған әлем құбылыстарын бақылайды. Ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттайды. Байқоңыр ұшу айлағын білетін болады. Расытхана туралы ақпарат алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:

Қазір ғарышты қалай зерттейді?

Мектеп: «№ 33 орта мектебі» КММ

Күні: 24.01.2017 ж


Мұғалімнің есімі: Копбаева Жулдыз Рысбековна

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:кейбір ғарыш денелерін сипаттау;


Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау;

Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері;

Ертедегі және қазіргі телескоптың түрлері туралы бейне жазба.

Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы. Расытхана суреттері.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;

  2. расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айырмашылығын түсінеді.

Тілдік мақсат:

Ғарыш – космос – space

Күн – солнце –sun

Аспан – небо – sky бұлт-облоко- ай -луна-

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Ғарыш — бұл Жерді қоршап тұрған кеңістік. Оны зерттеу үшін телескоптар мен басқа да күрделі оптикалық құрылғылар қажет.


Жердің жасанды серіктерінің көмегімен метеорологиялық ақпараттар алынады, Күннің құбылыстарын бақылайды, ормандардағы өрттерді анық­ тайды. Ғарыш аппараттары Айда, Шолпанда, Марста болған.


Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.


Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме. Ағылшынның “бақылау”­ сөзінен шыққан.


Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір расытхана.


Тянь-Шань астрономиялық расытханасы Үлкен Алматы көлінің маңайында орналасқан.


“Каменское плато” расытханасы Алматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.

Ойлан

Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба әлде биік ағашта отырған адам ба?


Шаттық шеңбері: Амансың ба,Алтын Күн! Амансың ба,Жер – Ана! Амансың ба,достарым! Сендерді көрсем қуанам!

Кіріспе тапсырма. Блиц-турнир. Балаларға жұмбақ жасырады:

1. Үлкен алтын табақтан, Әлемге нұр таратқан. (Күн)

2. Әйнектей көгілдір, Теңіздей тым мөлдір. (Аспан)

3. Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды басады. (Жұлдыздар)

4. Орақ болып туады, Табақ болып тынады. (Ай)

“Ғарыш” тақырыбына байланысты жұмбақ шешуі топ аттары болады.. Оқушылар ежелде ашылған астрономиялық жаңалықтарды еске түсіріп, оларды атап бере алады. Телескоп. Оқушылардан дүрбі туралы не білетіндерін сұраңыз. Ғалым Галилео Галилей жайында айтып беріңіз. Оқулықтағы суреттерге назар аудартыңыз. Оларды салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылардан алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болғанын сұраңыз. Егер олар жауап беруге қиналса, сіз сұрағыңызды “Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге бола ма?” — деп нақтылаңыз. Оқушылардың қайсысы қарапайым дүрбімен қарап көргенін сұраңыз. Кескін анық болды ма? Оқушылар “заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады” деген қорытындыға келеді. Сергіту сәті Аспан,аспан,арайлым Саған жиі қараймын Сені көзбен шоламын. Мен ғарышкер боламын.

Shape1


Зерттейік. Оқушыларды төрт топқа бөліп, нұсқаулықтар беріңіз.


1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін салады. 2-топ. “Мүсіншілер” — оны ермексаздан жасайды. 3-топ. “Оригами” — зымыранның үлкен үлгісін қағаздан жасайды. (Нұсқаулық беріп, қажетінше көмек көрсетіңіз.)


4-топ. “Тәжірибе” — зымыранды ұшырады. (Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілер салынып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыран орналастырылады. Ол он секунд ішінде ұшады.)


Осы жұмысты орындағаннан кейін барлық топ мүшелерін жинаңыз. Оқушыларға өздерінің орындаған жұмыстарын талқылап, қорытынды жасау үшін бес минут уақыт беріңіз. Содан кейін қатысушыларды таныстырылымдарын тыңдау үшін ортаға шақырыңыз. Әр топта өзара бағалау жасатып, тапсырма орындаудан алған әсерлерімен бөлісіп, алынған нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салу мақсатында оқу диалогін құрыңыз.

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Көркем еңбек. Аппликация жасау.


Егер ғаламторға шығу мүмкіндігі болса, Жер серіктері көмегімен ғарыштан алынған фотосуреттерді көрсетуге болады.

Суретшінің қателігі. Оқушылар суретті қарап, сәйкессіздікті анықтап, себебін түсіндіре алады. (Расытханалардың айналасында көп қабатты ғимараттар болмауы керек, расытханалардағы телескоптар заманға сай болуы керек.) Осыдан кейін оқушыларға суретті бояп шығуды ұсыныңыз.

Бағалау


Оқушылар ғарышты зерттеуге қандай құралдар мен аппараттар қолданылатынын біледі, олардың көмегімен жаңалықтар ашылатынын түсінеді.

Зымыран. Оқушылар зерттеу кезінде алынған зымыранның аппликациясын жасай алады. Әр оқушыға өзінің ұшатын аппаратын жетілдіріп, элементтер қосып, атын ойлап табу ұсынылады. Кейбір оқушылар ойдан шығарған бөлшектерін толық сипаттап беруі мүмкін.

Шардан жұлдыздар төгіледі.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия. Смс жазу.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
2982
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі