400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі білім жүйесіндегі сыни ойлаудын мәртебесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын тұрғысынан ойлау курсы батыстың білім жүйесінде XXғ.70-жылдарында осы жүйеде туған дағдарысты жеңуге байланысты талаптан туған.Білім беру қызметін көрсету үшін күрес басталды.Бірте-бірте бұл күресте сыни тұрғыдан ойлау мен бейресми қисынға бағытталған жаңа білім беру парадигмасы алдыңғы орынға шықты.Оның мәні «басты екпінді қабылданатын ақпараттың көлемін «ой тарқатуға» бұруда және өзіндік сынау тұрғысындағы өзіндік рефлексифті ойлауды дамытуда және жай ғана дайын білімді қолдануды емес, тапсырмаларды шешуді үйрету арқылы ақпаратпен жұмыс жасау қабілеттерін саналықпен, «жаңа» әдістермен әр түрлі талаптармен шыңдауда». Бейнелеп айтқанда, жаңа парагдигма сапарға шығарда дайын тағамды ала салмай,сол тағамды табатын қаружарағыңды ала шығуға кеңес береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі білім жүйесіндегі сыни ойлаудын мәртебесі.

Г.В.Сорина

Сын тұрғысынан ойлау курсы батыстың білім жүйесінде XXғ.70-жылдарында осы жүйеде туған дағдарысты жеңуге байланысты талаптан туған.Білім беру қызметін көрсету үшін күрес басталды.Бірте-бірте бұл күресте сыни тұрғыдан ойлау мен бейресми қисынға бағытталған жаңа білім беру парадигмасы алдыңғы орынға шықты.Оның мәні «басты екпінді қабылданатын ақпараттың көлемін «ой тарқатуға» бұруда және өзіндік сынау тұрғысындағы өзіндік рефлексифті ойлауды дамытуда және жай ғана дайын білімді қолдануды емес, тапсырмаларды шешуді үйрету арқылы ақпаратпен жұмыс жасау қабілеттерін саналықпен, «жаңа» әдістермен әр түрлі талаптармен шыңдауда». Бейнелеп айтқанда, жаңа парагдигма сапарға шығарда дайын тағамды ала салмай,сол тағамды табатын қаружарағыңды ала шығуға кеңес береді.

Батыстың білім беру жүйесінде сын тұрғысына ойлауға қатысты өзгеше қозғалыс басталды.Бұл қозғалыстың мәні-колледждер мен университеттерде оқытылатын академиялық пәндер өзіндік рефлексифті рухта қайта құрылуы керек,ал оқушылар қабылданған жолдаулар мен жұмыс тәсілдерде сыни қарым-қатынас дағдыларын меңгеруі керек.Сын тұрғысынан ойлау адамның интеллектуалдық әрекетінің түрлі салада қолдануына ыңғайлы нағыз технологиялық әдіс болып шықты.

Оның көмегімен өткізілетін «ойды тарқату» проблемаларды қарастырып,шешім қабылдауда айқын көрінеді.Бір жағынан , шешімнің деңгейі мен түріне байланысты шешім қабылдау үрдісі шеңберінде бірнеше тұрақты бөлшектерді бөліп алуға болады, екінші жағынан бұл үрдістерде үнемі сын тұрғысынан өзіндік сараптауды қажет ететін бағдарланбаған «соны (жаңа)» ситуациялар орын алады.

Сонымен, ең ірі халхаралық білім орталығының оқу жоспарларында жаңа айдар пайда болды: «Сыни тұрғыдан ойлау». «Сыни тұрғыдан ойлау» курсы- бір қатар батыс университеттері үшін, экономика,заң,әлеументтану мектептері және басқа да білім ордалары үшін міндетті болып есептеледі.

Шынайы педагогикалық оқыту үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлау» айдарымен жаңа оқу тәртібі ұсынылды, оның іргетасы ретінде класикалық формальды логиканың заманауи интерпретациясы (түсінік,талдау беру) ұсынылады.Дегенмен, сыни тұрғыдан ойлау өзі біртұтас келесі нәтижелерді есепке алатын пәнаралық сабақ болып табылады:

  • гика және ғылым әдістемелері;

  • риторика;

  • келіссөз үрдісінің теориялары;

  • дискурстық сараптау;

  • көлемдік қатынас теориялары;

  • шешім қабылдау теориялары.

Сонымен бірге, өзгеде пән аралық білім салаларымен, мәселен,экология,биология т.б. қатар сын тұрғысынан ойлау пәні өз алдына жеке пән, сондай-ақ өз бетінше оқу пәні болып саналады.Осы тұрғыда батыстың білім беру жүйесінде бұл сыни тұрғыдан ойлау пәнін студенттермен бірге, әр түрлі салада өз білімін жетілдіруші мамандар,соның ішінде:

  • құқық және экономика;

  • менеджмент және іскерлік әкімшілік;

  • мемлекеттік және муниципалды басқару;

  • әлеументану және саясаттану;

  • жұртшылықпен байланыс және басқа да салаларда қолданылады.

Сын тұрғысынан ойлау пәнінің бөлімдеріне магистратура мен аспирантураға түсуге арналған батыстық тестілеудің бірнеше нұсқалары енгізілген. Мәселен GMAT-тің (Graduate Management Admission Test) қандай да нұсқасына міндетті түрде «Critcal Thinking» немесе «Cuinicfl Reasoning» бөлімдеріне енгізілген. Ең ірі шетел университеттерінің баспалары және оқулықтар басуға бағытталған баспалар соңғы жылдары сын тұрғысынан ойлау проблемаларына байланысты он шақты оқулық шығарылды.Алайда, ол кітаптардың барлығының бірдей мұқабаларында «Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесі жоқ, олардың кейбіреуі жай ғана «Ойлау», «Әдеттен тыс қисын (логика)» деп аталуы мүмкін.Сонымен қатар,бұл курстардың барлығының ең дұрыс атауы «Сын тұрғысынан ойлау». Дәл осы атауда ғана ең маңызды жалпы бөлім болып саналатын курстардың практикалық бағытталуы анық көрініс табады.

Мысалы, 1999жылы,бір ғана Американдық «Prentice Hall» баспасы осы проблемаға қатысты 16 (!) оқулық шығарған.Мысалы,Оксфордта айтулы Blackwell кітап дүкенінде сын тұрғысынан ойлау мен әдеттен тыс логикаға арналған кітаптарға дүкен сөрелері лық толы екен.Қазіргі таңда батыста бұл курсқа және соның нәтижесі ретінде оның оқулықтарына сұраныс өте жоғары. Осының барлығы «Сын тұрғысынан ойлау» курсының қазіргі қатаң бәсекелес білім беру нарығында белсенді алға жылжуының айқын айғағы болып табылады.







№64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназия тарих пәні мұғалімі

Беркимбаева Лаззат

Шымкент қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі