400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі жасөспірімдер арасында дінге бетбұрыс қандай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

2 жалпы білім беретін мектеп

Аудандық семинар

Жауапты мұғалімдер:

тарих пәні мұғалімдері:

Сайпова К.А.

Ауталипова А.Е.


Тақырыбы: Қазіргі жасөспірімдер арасында дінге бетбұрыс қандай?

Мақсаты: 

1)діннің тарихын, мәнін және оның адам өмірнен алатын орнын анықтау;

2)оқушыларға діндер арасындағы ынтымақты насихаттау;

3) адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, діни экстремизмнің  алдын алу;

Қатысушылар: №2 жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушылары

Кеш барысы:

1-жүргізуші:

Оян, қазақ! 
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа, 
Дініңді сен ардақтағын, құнтта! 
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда, 
Қателесіп жаман жолмен былықпа! 
2-жүргізуші:- О, Ерсін оян қазақ деп Сұлтанмахмут атамыздың өлеңімен кімдерді оятып жүрсің? 

1-жүргізуші- Ее мына жерде келіп отырған өзім қатарлас құрбы-құрдастарымды оятып жатқаным ғой.

2-жүргізуші: - А солай демейсің бе? Мен қайдан білейін мына залда отырған бүкіл халықты оятып жатырма деп ойлағанмын ғой.

1-жүргізуші: - Е, Құдай одан сақтасын, осынау алып шахардың түкпір-түкпірінен келген аға-апайларымыз біліммен сусындап әбден кемеліне жеткен азамат кісілер гой, қайта осы кісілерден білмегендерімізді сұрап, білгендерімізді ортаға салып сұхбаттасайық деп құрдастарымды оятып жатырмын.

2-жүргізуші: - Олай болса менде Абай атамыздың бір шумақ өлеңінен оқып көрейін.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.

Алла ішіңді айтқызбай біледі ойла,
Пендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мүмкін болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма

1-жүргізуші: О, Жарайсың! Ендеше бүгінгі кешімізді бастайық.

1-жүргізуші : Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар,ұстаздар және оқушылар!

2-жүргізуші:  Бүгінгі  «Қазіргі жасөспірімдер арасында дінге бетбұрыс қандайатты тақырыпта пікір алмасу кешімізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі біздің кешіміздің арнайы қонақтары:

Бердибекова Ермек Кеңесбекұлы-Алматы қаласы, дін істер жөніндегі басқармасы, сараптама және зерттеу орталығы, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

Исмаил Нұрислам Оразаліұлы- Алматы қаласы, дін істер жөніндегі басқармасы сараптама және зерттеу орталығы, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырубөлімінің бас маманы

Төлегенов Асхат -Алматы қаласы дін істер жөніндегі басқармасының Жетісу ауданы бойынша бас маманы


1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің ашылу салтанатын мектебіміздің директоры: Сатаев Болат Тұрсыналыұлына береміз.

 1-жүргізуші:  Келесі сөз кезегін кімге береміз, менде жазылмапты.

2-жүргізуші:  Ал менде жазылған келесі сөз кезегі мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Ауталипова Айгерім Ермекбайқызының баяндамасына береміз.

Баяндама

2-жүргізуші.  Қазақстан тәуелсіздігімізді, егемендігімізді алғалы бері, демократиялық зайырлы елміз. Қазақстан Республикасы демократиялық ел болғандықтан діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде мойындалып отыр.

Қазіргі танда Аллаға шүкір тәуелсіздігімізді алғаннан кейін елімізде дініміз еркін таралып көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бірақ Кеңес үкіметі  кезінде атейстердің дін жоқ деген ұғыммен біз дінімізден,ділімізден айрылып қала жаздадық. 

1-жүргізуші.  Ендеше осы кешіміздің қонағы, сол кездің өкілі ретінде кеңес уақытында туып өскен арамызда  кісілер отыр, сол кісілерге осы сұрағымызды қояық.

Сұрақ:  Кеңес одағы кезінде дін қалай уағыздалды? 

(Осы сұрақ бойынша қонақтарымыздың ой-пікірлері айтылады, талқыланады)


2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында « біз бұхара санасындағы дініміздің артуына әзір болуымыз керек. Онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмауы» деп жазған жолдары бар,

1-жүргізуші: - Олай болса осы сұрағымыз тағыда біздің қонақтарымызға тиесілі сияқты.

Сұрақ: Дін ісіне деген мемлекеттің көзқарасы қандай? ( қонақ осы сұрақ бойынша жауап береді )


Сұрақ: 

1. Бала тәрбиесінде дін қандай орын алады? ()

2. Баланың, ата - анаға, ата - ананың балаға деген құқығы жайлы құран – хадистерден толық түсіндіріп өтсеңіз.

3.Өткен дәуірдегі ата - ана тәрбиесі мен қазіргі отбасылар тәрбиесі арасында қандай алшақтық бар, болмаса оны қалай теңестіруге болады?


2-жүргізуші: «Дін» сөзі араб тілінде «әдет, ғұрып, мойынұсыну, есеп беру, үкім, бұйрық, ғибадат, жол» деген бірнеше мағынаны береді. Дін-адамның тылсым әлем күшіне, құдайға деген сенімнің кемеліне, жеткен түрінде қалыптасқан, оның түсінігінде, қылығында, іс-әрекетінде көрініс табатын дүниетанымы – дей келе балалар сіздер «Ислам діні – ақиқат діні»- деген сұрақ төңірегінде өз ойларыңызды бөліссеңіздер


1-жүргізуші: Ия, менде сіздерге қосыламын. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай атамыз ислам дініне берік болған ғой,

2-жүргізуші: Е, бәрі де жақсы ғой біздің ата-бабаларымыздың қабылдаған ислам дініде, оны ұстанғаныда,бірақта қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырсақ болады. Олай болса тақтаға назар аударайық.

Діни адасушылыққа байланысты видео-сюжет көрсетіледі. Бар 2-видео

Мұғалім: - Қазіргі жастардың дін туралы түсініктерін қалай бағалайсыздар?

Мұғалім: Балалар тағыда тақтаға назар аударайық. ( видео-сюжет) 3-видео.Адаспа

Сұрақ: Ал енді оқушылар мына бейнероликтен екі жігіттің діни ұстанымдарын көр отырып не ұғына алдыңыздар

( видео-сюжеттен кейін оқушылармен тренинг өткізіледі)


Сырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынады. Оның ішіне әдемі зат (сырға немесе сақина) салынады. Оқушыларға көрсетіледі. 
Мұғалім: - Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады,

- деп оқушыларды қызықтыру. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарайды. 
Сұрақ:  -Ал енді, оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына кіреді? 
-Қызығушылығы жоғары. т.б. Жауаптар тыңдалады

Кеңес:
Тартымға қалай қарсы тұру керек? 
- Өзіңізге бақылау сұрақтарын қойыңыз: 
- Ал мен осы адамға ұқсап, адамдарды дінге тартуға тырысқанды қалар ма, едім? 
- Ал осы адамдарға менің жетістіктерімнен қандай пайда?
- Олар маған қандай мақсатпен көмектесеміз деп отыр?» тегін ірімшік, тек қақпанда ғана болады. 
- Бейтаныс, сыпайы – өзіңді әңгімесімен ығыр қылатын адаммен сөйлесудің қажеті жоқ.
- Бейтаныс адамнан діни, әдеби кітап алудың және кездесуге келісудің қажеті жоқ.

- Сонымен қатар тартушыға мекен - жайың мен телефоныңды қалдыруға болмайды.

-Діни заңдылықтарды білу керек және қазіргі таңда қандай діни ағымдар бар екенінен хабардар болу керек. 

Мұғалім: Сонымен тақтаға назар аударамыз.


Мұғалім: Балалар, қандай адамдар сектаға енуі мүмкін деп ойлайсыңдар? 
1. Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары; 
2. Әлеуметтік қал-жағдайы нашар; 
3. Өзінің өмірлік сәтсіздіктерін жақындарынан және жалпы қоғамнан көретін.
4. Өзінің өмірлік құндылықтарын жоғалтқан

5.Күйзеліске ұшыраған

1-жүргізуші: Дін белгілі заңдылықтардың жүйесі, ол қоғамның әрбір мүшесі орындауға тиісті ережелерді қамтиды. Дінге бағынған адам өз қоғамының заңын жүзеге асыруға міндетті.

2-жүргізуші: Дүниеде адам баласының тұтынатын өзіне азық қылатын екі түрлі қазына,байлық бар.Біріншісі-материалдық байлық (тән азығының көзі), екіншісі-рухани байлық (жан азығының көзі). Жан азығы адамның жан қуатын арттырады.

-Ендеше тақтаға назар аударайық

Діни адасушылыққа байланысты видео-сюжет көрсетіледі.

Мұғалім:  Балалар, Дін - иманжүзділікті, қайырымдылықты, тазалықты уағыздайды. Осы бағытта өз ой - пікіріңізді ортаға салсаңыз?

2. Қазіргі қазақ жастарының дінге деген көзқарасы қандай? (оқушылар жауап беріп, талқылайды) қонаққа сұрақ қояды.

Оқушылар қоятын сұрақ: Сіздер осындай теріс ағымдағы қанша адамға көмектесе алдыңыздар?


1-жүргізуші: 

Алла ақиқат, Аллаға сенім етем,

Адалдық пен ақиқат серігі екен.

Адаспаймын, Аллама сеніп өтем,

Арамдыққа баспайтын жолы бөтен.

2-жүргізуші: Ия, сонымен бүгінгі біздің кешімізді аяқтайтын уақытта жеткен сияқты.

1-жүргізуші: Онда бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтарына сөз кезегін берейік.

2-жүргізуші:  Осымен бүгінгі мектебімізде өткізілінген «Қазіргі жасөспірімдер арасында дінге бетбұрыс қандайатты пікір алмасу кешімізді аяқтаймыз. Әрқашанда амандықта жүздесейік! Қош сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.02.2019
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі