400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі жаһандану мәселесі қалай жүзеге асуда?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жаһандану мәселесі қалай жүзеге асуда?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі жаһандану мәселесі қалай жүзеге асуда?

Жаһандану туралы сөз қозғалғанда , ойға бірден жаһандану дегеніміздің өзі не? Ол қандай құбылыс? Қазіргі жаһандану мәселесі қандай? -деген сұрақтар туындайды.

Өз ойымды қағаз бетіне түсірер болсам, жаһандану менің ұғымымда- бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы адамзат қауымдастығының қалыптасуы.

Қазіргі жаһандану мәселесіне келер болсақ, не бірыңғай жағымды, не бірыңғай жағымсыз үдеріс деп кесіп айту қиын. Өйткені, бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің мысы басым болып тұр. Ал, қалған елдер батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алары айтпаса да белгілі.Алысқа бармай-ақ өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстімізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғымызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия мен Америкадан шыққан жеңіл машина , үйімізде Ресейдің тоңазытқышы тағысы тағы. Мұндай мысалдардарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар, біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады. Себебі, XXI ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қырларын білуі тиіс. Мұны меңгеру арқылы біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.

Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтап, экономикалық ілгерілеуі үшін жер қойнауындағы мұнай сияқты табиғи байлықтарды әлемдік нарыққа шығарып, шетелдік инвесторлар мен компаниялармен қарым-қатынас орнатты емес пе? Еліміз көрші елдердің барлығымен ынтымақтасып, ядролық көршілері-Ресей мен Қытаймен жақсы қарым қатынас құрғандығын Ақш мемлекеттік хатшысы да бұқаралық ақпарат құралдарында атап өтті.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Қазақстанның әлемдегі жағымды имиджін қалыптастыруға бағытталған Елбасының күш-жігері мен еңбегінің нәтижесінде ұлттық саясат пен экономиканың қазіргі болашақ дамуының негіздері қалыптасты деп білемін. Қазақстанның әлемдік бастамалары жүзеге асырылып, еліміз жаһандану үстінде деп толықтай айта аламын.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
117
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі