400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі кезде мұғалімдер беделі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің беделі , жалақысы .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі кезде мұғалімдердің беделі



Бүгінде мұғалімдердің беделі түсіп кетті деп дабыл қағып жүргендердің көбі үш себепті алға тартады. Біріншісі, балалардың ұстазды сыйламауы, екіншісі, жалақының аздығынан бұл мамандыққа қызығатындардың аздығы, үшіншісі ұстаз тұлғалар қатарында болмауынан, яғни элита өкілдерімен иық теңестіре алмауы дейді.Осыған ой жүгіртіп көрейікші. Балалар не сыйламайды дегенге тоқталсақ. Сол балалар кімнің балалары? Ол балалар да осы қоғамның балалары емес пе? Оны ата-аналарының ішінде ұстаздар бар. Ал, ұстаз ұрды, ұрысты деп дереу шағымданатын жай ата-ананың қылығын теріске пайдаланатын кей оқушылар қит етсе ұстаздың үстінен арыз жазам деп шығып жатқаны жасырын емес, алайда тәртіпке салып қою мен ұрып соғуды ажырата алмай кететін ашушаң ұстаздар жоқ емес. Ал, енді ұстаздардың өздері айтып жүрген теңеуге тоқталайық.«Мен ұстазымның көлеңкесін де баспаймын» деген Қожа Ахмет Яссауидың қанатты сөзін алып аламыз да, жастар неге соны ұстанбады дейміз. Осы ұстаздар ойлансыншы Арыстан баб кім, қожа- молдалар кім? Ғалым, кандидат кім, мектептегі жай мұғалім кім? Біз осы екі араны шатастырып алып жүрміз. Мектептегі мұғалімдер неге өзін кезіндегі қожа-молдалардың емес, Арыстан бабтың орнына қойады? Кезінде ахун, ишандарды шәкірттері піріндей құрметтеп, ел жапырылып күтті дейді. Ия, қазірде бір ғалым келсінші, жергілікті жердің патшасы облыс әкімінің өзі оған құрмет көрсетеді. Ал, бұрын хандар солай етті ме, жоқ, талай ғұламаларды зындан тастатып, жазасын алды. Халық та дарияға көпір салам деген Зәкәр секілді ғұламаны дарияға тас байлап батырды емес пе?. Жоқ, Кеңес Үкіметі кезінде мектеп ұстаздарының барлығы беделді еді дерсіз. Дұрыс, олар өйткені ең керек білімді білушілер болатын.Екінші қоғамдығы беделінің аздығы, тұлғалар қатарына ене алмайтындығы. Шындап келгенде мемлекеттің айнасы ұстаз болу керек. Алайда, біз неге оны жоққа шығаруымыз керек. Қазірде ғалымдардың сөзі тыңдалмай жатыр ма, тыңдалуда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.06.2023
367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі