Ф.Ғ.К.,қауым профессор Тулекова Г.Х.
Идриш Медея Маратқызы
«Тұран» университеті
Қазіргі кезеңдегі халықаралық неке:Мәдениет тоғысуы және оның әсері
Аңдатпа
Мақалада қазіргі кезеңдегі халықаралық некелер баяндалады.Сонымен қатар, соның әсерінен туындайтын мәдениеттер арасындағы тоғысу және оның әсері сиппатталады.Бүгінгі таңда орын алып отқан жаһандық өзгерістер түрлі мәдениеттер арасындағы некелердің артуына бірден бір себеп.Мақалада мұндай некелердің алып келетін артықшылықтары мен қиындықтары, мәдениет арасындағы айырмашылықтарды еңсеру жолдары және қоғамда оның қалай қабылданатынына талдау жүргізіледі.
Кілт сөздер: халықаралық неке,жаһандану, отбасы, мәдениет айырмашылығы.
Аннотация
В статье рассказывается о международных браках на современном этапе.Кроме того, происходит перекресток между культурами, возникающий под его влиянием, и его влияние.Глобальные изменения, происходящие сегодня, являются одной из причин роста браков между различными культурами.В статье проводится анализ преимуществ и трудностей, которые приносят такие браки, способов преодоления различий между культурой и того, как они воспринимаются в обществе.
Ключевые слова: международный брак, глобализация, семья, разница в культуре.
Annotation
The article describes international marriages at the present stage.At the same time, the interweaving between cultures arising from its influence and its influence are characterized.The global changes that have taken place today are one of the reasons for the increase in marriages between different cultures.The article analyzes the advantages and difficulties of such marriages, ways to overcome differences between culture and how it is perceived in society.
Keywords: international marriage, globalization, family, cultural difference.
Кіріспе: 21 ғасырда әлемнің әр төңірегінде орын алып жатқан жаһандану процесі қоршаған ортаның кез келген саласына ықпал етіп жатқаны анық.Дәлірек айтқанда, тікелей адамдар арасындағы қарым- қатынас, одан кейінгі туындайтын некелік қатынаста елеулі өзгерістерге ұшырауда.Соңғы он жылдықтың өзін алып қараса, әртүрлі елдер арасынан шыққан адамдар арасындағы халықаралық некелер артты. Бұл жағдайдың ауқымды түрде орын алуы адамзат арасында көптеген мүмкіндіктердің пайда болуынан.Яғни,шетелде жиі сапарлап, жұмыс бабымен ел аралау,сондай ақ әлеуметтік желі арқылы әлемді танып білудің де әсері аз емес.Халықаралық некелер екі адам арасында орын алған махаббат пен шынайы сезім ғана емес, тереңірек қарағанда ол мәдени ықпалдастықтың, жаһандық берік бірліктің үлкен бір үлгісі.
Негізгі бөлім: Халықаралық некелердің көбеюіне ықпал ететін себептерді бір сөзбен жаһандану деп айтсақ қате емес.Орын алған бұл құбылыс қоғам арасында белгілі бір шекараларды жойып, кез келген ұлт өкілімен еркін тіл табысуға итермелейді [1]. Әрбір адам шетелде болып көргісі келеді.Өзге елдің білімін алып, саяхаттап, ел жер көремін деп ұмтылады. Өз кезегінде бұл жағдай басқа ұлт өкілімен танысып, жақын араласуға түрлі жағдайлар жасайды.Ең болмаған күнделікті қолданатын әлеуметтік желі арқылы да шекарадан тыс таныстық орнатуға мүмкіндігі жетерлік.Сондай ақ , миграциялық үдерістер,халықаралық ұйымдар мен бизнес құрылымдарының артуы да халықтар арасындағы байланысты күшейтіп, некелердің артуына ықпал етіп отыр. БҰҰ халықаралық миграция жөніндегі ұйымының деректері бойынша, әлемдегі мигранттардың елеулі бөлігі басқа ұлт өкілдерімен некеге тұру ықтималдылығы жоғары.
Алайда халықаралық некенің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Бұл құбылыстың позитивті және негативті тұстарын тереңірек қарастыру маңызды.Ең бірінші көзге түсетін анық жағдай - тіл мәселесі.Ерлі-зайыптылардың бір- бірінің тілін жетік білмеуі, күнделікті байланыстағы түсініспеушілік пен келіспеушіліктерге алып келеді.Сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі жағдайларда қиындықтар туғызуы әбден мүмкін[2].Келесі бір жағдай, екі адам арасындағы дүниетаным айырмашылығы.Ол дегеніміз кішкентай кезінен алған отбасы құндылықтары, дәстүрлері әртүрлі болуы мүмкін.Адамның танып,біліп,қабылдаған діни көзқарас екі ерлі зайыпты арасында отбасылық өмірде шешім қабылдауда алшақтықтар туғызуы мүмкін[5].Тағы бір айта кететін жағдай, қоғам тарапынан түрлі көзқарас.Бір қарағанда жеңіл жағдай болып көрінсе, кейде қысымның артуынан некеге қауіп төну жағдайы бар.Шет ел азаматына тұрмысқа шыққанды дұрыс қабылдамай, қоғам арасындағы қарсы пікірдің де өз маңызды орны айқын байқалатын жағдайлар аз емес.

-
Сурет.Мәдениетаралық некелерде туындайтын басты қиындықтар көзі
Қайткенде де,тек қиыныдықтар ғана емес, көптеген артықшылықтары да басым.Ең негізгі артықшылық бірі- даму.Яғни, мәдени тұрғыдан даму, адамның дүниетанымындағы көріністі кеңейтуге жол ашу.Екі түрлі мәдениеттің тоғысуының нәтижесінде пайда болған отбасыда екі тарап бір бірінің жаңа құндылықтарын үйренуге бейімделеді.Адам бойында төзімділік,өзара құрмет, мәдени сезімталық деген басты адами қасиеттер қалыптасады[1].Мұндай ерекше отбасыда дүниеге келген баланың да алар заты көп болады.Баланың екі немесе одан да көп тілдің меңгері мүмкіндігі, екі мәдениеттің де қасиеттерін бойына сіңіру мүмкіндігі болашақта балаға жаһандық азамат ретінде қалыптасуына толық мүмкіндік береді [3]. Халықаралық отбасыларда жаңа отбасылық дәстүрлер пайда болып, ескі салт дәстүрлердің элементтері жаңаша сипатта тоғысады,бұл мәдени креативтіліктің, әртүрліліктің нақты бейнесі.
Алайда кейбір жағдайларда, мұндай отбасыдағы бала мәдени сәйкестікке байланысты қиындық мәселесі туындауы әбден мүмкін.Ол бала өзінің қай ұлтқа жататынын немесе қай тілде сөйлеу, мәдениетті таңдау барысында қиындыққа тап болуы әбден мүмкін [3].Бірақ осы тұрғыда екі ата анада да ат салысып, бала тәрбиесінде әртүрлілікті байлық ретінде қабылдай алуға шара қолданса, мұндай қиындық оңай еңсеріледі.Яғни, бала бұл ерекшелікті артықшылық ретінде санаған бала, болашақта әмбебап тұлғаға айналу ниеті пайда болады.Бұл атап өткен жағдай халықаралық некенің ұзық мерзімді оң әсерінің бірі.
Жалпы алғанда халықаралық некелерлің қоғамға тигізетін әсері де орасан.Ұлттар арасындағы достықты,өзара сенім мен түсіністікті нығайтып, қарым қатынасты нығайта түседі.Сонымен қатар, халықаралық некелер қоғамда төзімділік пен бейбітшілік идеяларын насихаттауға, осы уақытқа дейін орын алған түрлі стереотиптерді жоюға жол ашады.Атап айтқанда, кейбір мемлекеттеер өз азаматтарына халықаралық некеге аяқ басуына тыйым салып, шектеулер қоя алады.Негізінен ол мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен мәдени біртектілік немесе діни себептермен түсіндірілетін жағдай.Алайда шын мәнінде, екі мәдениеттің тоғысуы қоғамның даму көзіне айналады.ал әртүрлілік әлсіздік емес, керісінше, күш екенін дәлелдейді [2].Халықаралық некелер бірлік пен әртүрліліктің үйлесім табатын тұсы.
Қорытынды: Заман талабына сай туындаған халықаралық неке ерекше әлеуметтік құбылыс.Бұл тек екі адам арасында туындаған сезім мен өмір біріктіру ғана емес, сонымен қатар мәдениеттер арасындағы орын алатын алтын көпір. Қазіргі кезеңдегі халықаралық некелер өзара құрмет пен сыйластык, түсіністікке негізделген жағдайда ғана сәтті болады, олар қоғамда мәдени саналуандықты нығайтып, жаңа келер ұрпақтың толерантты, білімді және ашық көзқараста өсуіне ықпал етеді.Осы бір неке арқылы адамзат қауымдастығы бір сатыға жақындасып, жаһандық қоғамның бейбіт әрі үйлесімді дамуына жол ашады. Халықаралық неке – бұл махаббаттан да үлкен, мәдени әртүрлілікті бағалау менр қабылдаудың нақты мысалы және мұндай отбасылар болашақтағы көпмәдениетті, бірігуге дайын әлемнің шағын үлгісінің көрінісі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Berry, J. W. (2005). Acculturation: Living successfully in two cultures. International Journal of Intercultural Relations
2. Breger, R., & Hill, R. (1998). Cross-cultural marriage: Identity and choice. Bloomsbury Publishing.
3. Nguyen, A.-M. D., & Benet-Martínez, V. (2013). Biculturalism and adjustment: A meta-analysis. Journal of Cross-Cultural Psychology.
4. Gordon, M. M. (1964). Assimilation in American life: The role of race, religion, and national origins. Oxford University Press.
5. Мусина, Г. А. (2021). Мәдениетаралық некелердегі қиындықтар мен бейімделу жолдары. Әлеуметтану және құқық журналы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз