жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазіргі кезеңдегі инновациялық-дидактикалық әдіс – тәсілдерді қазақ тілі сабақтарына еңгізу жолдары .
Қостанай облысы «Федоров ауданы»
әкімдігінің білім бөлімінің
«Кеңарал орта мектебі»КММ
қазақ тілі мұғалімі
Қазіргі кезеңдегі инновациялық-дидактикалық әдіс – тәсілдерді қазақ тілі сабақтарына еңгізу жолдары .
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда . Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді , білім берудің мазмұны жаңарып , жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас , өзгеше менталитет пайда болуда.
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен , ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде.
Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша , телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.
Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына , азамат , тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде.Есте сақтау , ақыл –ойын дамытатын оқуға көшу;
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту ,қызығушылығын ояту.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең.
Ғылыми -педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері , түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.
«Инновация » ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа»,«жаңалық енгізу » деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс »деген терминмен анықтайды.Менің ойымша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.
«Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың –«инновация » «нововедение» новшество» «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны » - нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже де жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспен отыр . Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың , сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары: «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында » көрсетілген.
Яғни оқу процесін технологияландыру дегеніміз- білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі –қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру . Оқылатын пән мазмұны мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті. Оқушының ішкі даму процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейісованың және басқа да ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың , Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі , сондай-ақ , профессор Ж.Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дефференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданысқа ие болуда.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру , оны өмірде пайдалану.Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру- ұлы мұрат.
Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.
Кез келген елдің рухани - мәдени дамуы экономикалық дп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге – Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол - сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Рефлексивтік іс - әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну.
Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі
қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілеті жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығы және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Оқуды басқарудың икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі
жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
Жаңа әдістер оқушылардың оқу барысында олардың оқуға, білімге, білімділікке, ізденімпаздыққа ынтасын ашады. Жаңа бағыт береді, жалығу мен жалқаулыққа, бейғамдыққа ұрынуына аса жол бермейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі .
Ең алдымен мұғалімнің мақсаты – т»рбие беру,ата – анасымен қарым – қатынас жасау ,әңгімелесу, қиын мәселерді шешу.Оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге тыйым салмау,сөзін бөлмеу.
Оқыту міндеттерін таңдау мен шешуге, оның мазмұнын, әдістерін, іс - әрекет құралдары мен түрлеріне кешенді ықпал ету.
Бар шарттар мен мүмкіндіктерді ескеріп, мұғалім іс - әрекетінің міндетін, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, түрлерін нақтылау.
Іс - әрекеттің міндетін, мазмұнын, түрлерін, әдістерін жоспарлау кезінде басты мәнді анықтау.
Оқытудың әртүрлі әдістер, құралдар, мазмұндар, түрлер нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты шартты өлшеміне сәйкес ең жақсысын таңдау.
Оқушылардың жеке топ ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың міндетін, мазмұнын,әдістерін, түрлерін таңдауға дифференциалдық ықпал жасау.
Оқытуға қажетті шарттар тудыру.
Оқытуды өзгермелі шарттар мен мүмкіндіктерге байланысты жылдам түзеу.
Оқыту процесінде уақытты, күшті, құралдарды үнемдеуді ұйымдастыру.
Оқытуды оңтайландырудың жалпы тәсілдерін қысқаша түрде міндеттін, нақтылаудың, топтап қорытуды, салыстырмалы бағаны және нұсқаларды таңдауды, жылдам түзетуді, оқу процесінің барлық құрылымын үнемдеуді кешенді жоспарлау деп атауға болады.
Бұл жаңа әдістер оқушылардың оқу
барысында олардың оқуға, білімге, білімділікке, ізденімпаздыққа ынтасын ашады. Жаңа бағыт береді, жалығу мен жалқаулыққа, бейғамдыққа ұрынуына аса жол бермейді тәсілі басты мәнді анықтау
Жаңа педагогикалық технологиялар:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- білім беруді ізгілендіру технологиясы; --- проблемалы оқыту технологиясы;
тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы,
деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;
модульдік оқыту технологиясы;
жобалап оқыту технологиясы.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі
Өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді
Жеке қабілеті айқындалады
Даму мониторингі айқын көрінеді
Нақты өз деңгейінде бағаланады
Сабаққа қызығушылығы арттады
Жаңа ақпараттық технология әдістерін ұйымдастыру түрлерін
түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пәнаралық
байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік
береді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз
бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой –тұжырымдардағы гуманизм идеялары , еркін білім беру , оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы
- Жаңа педагогикалық технология – модульдік технологияның мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда пайдалану.
- Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.
- Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі
- Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы.
- Оқу модулін даярлау технологиясы
- Оқу модуліне оқушы қызметін бағалау.
- Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру.
- Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқытудың белсенді әдістерін пайдалану.
- Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктері
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың білім беру үрдісіндегі маңызы бүгінгі күні дәлелденуде.
Әдебиеттер тізімі
1. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. –
Ақтөбе : РИПК:СО, 1999ж.
2.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.
3.Кобдикова Ж.У.Оқыту процесін технологияландыру .Алматы, 2000,11-15б
4.Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар – Алматы, «Үш Қиян», 2005 , 12-бет.
5.Әбдіғалиева Қ. Осы заманғы педагогикалық технология.
//Қазақстан мектебі – 2001 №2 8-13 бет.
6. Оқытудың жаңа технологиялары.//Халық тәлімі арнайы басылым.
№1 2002 , 3-7 бет.
7.Кобдикова Ж.У . Оқытудың жаңа технологиясы .
//Бастауыш мектеп №3 2000 , 25-30 бет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген