400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі қазақ тіліне шетелдік лексиканың кіру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қазақ тіліне шетелдік лексиканың кіру жолдары зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі қазақ тіліне шетелдік лексиканың кіру жолдары

Кез келген тілдің сөздік құрамы үнемі жаңарып толығып, жаңаланып отырады. Елімізде соңғы жылдары жүріп жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық жəне басқа да салалардағы өзгерістер, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдық-əлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне кіруі, сонымен қатар елімізде жүріп жатқан Үш тілдік тұғыр саясаты тілімізге де өзгерістердің, соның ішінде ағылшын тілінен енген кірме сөздердің пайда болуы арқылы толығуына əкелді.

Кірме сөздердің ену себептері: сол сөздермен бірге келетін жаңа ұғымдардың атауы (блокбастер, джип, сайт т.б.), тілдегі сөз тіркесін қысқарту мақсатында оны бір сөзбен алмастыру (портативті компьютер — ноутбук), кейбір ұғымдарды нақтылау (мотель — автотуристер үшін қонақ үй), олардың коммуникативтік өзектілігі (веб-сайт, провайдер, дефолт). Сонымен қатар кірме сөздердің пайда болуына ықпал ететін жағдайлар: тілдік қатынастардан пайда болатын шет тілдік сөздерді қазіргі замандық сөз деп қабылдау.

Қазіргі кезде кірме сөздердің өте жылдамдықпен енуіне байланысты оларды сөздіктерден табу мүмкін емес, сондықтан мысалы пресс-релиз (бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне басқару органдары беретін арнайы бюллетень) сияқты шетелдік сөздерді оқырмандар БАҚ құралдарында кездестіргенде шарасыздық танытады.

Алайда қазақ тіліне кірме сөздердің енуі жаңалық емес, себебі қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, əр кезеңде түрлі қарым-қатынастар жасағандығы мəлім. Ертеде тəжік, өзбек, татар халықтары арқылы VIII-XI ғасырларда араб-парсы елдерімен, XII- XIII ғасырларда монғол елдерімен, XVIII ғасырдан, яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезеңінен (1731), бастап бүгінгі күнге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді. Осындай ұзақ байланыстардан кейін қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар шетел сөздері пайда болған.

Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт халықтың тілінен келіп енген: араб тілі, парсы тілі, монғол тілі, орыс тілі. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер қазіргі кезде қазақ тілінің төл сөздеріндей болып кеткен.

Лексикологияны зерттеуші-ғалымдар кірме сөздердің қайдан жəне қандай себеппен келгендігін зерттеп қана қоймайды. Оларды сонымен қатар бұл сөздердің тілге сіңіп кетуі, оның грамматикалық қатары мен фонетикалық нормаларына сəйкестігі, мағынасының өзгеруі келіп енген тілдегі сөздік құрамға қандай өзгерістер əкелуі деген сияқты мəселелер де қызықтырады. XIX ғасырдағы орыс лингвисті А.А.Потебня не жəне қай тілден келгендігін емес, не қосылды жəне басқа тілден енген сөз нəтижесінде не пайда болды деп сұрау керек деген [1].

Тілдер өмір сүреді, дамиды жəне даму барысында өзгерістерге ұшырауы немесе бүлінуі де мүмкін. Басқа тілден ауысып келген сөздердің жаңа сипат алуы əсіресе маңызды мəселе болып табы- лады. Кірме сөздер қабылдаушы тілдің заңдылықтары əсерінен фонетикалық, грамматикалық жəне семантикалық өзгерістерге ұшырайды. Кейбір сөздер тілге толығымен сіңіп кетсе, кейбіреулері өздерінің өзге тілдік қалпын сақтап қалады. Қабылдаушы тілде жоқ нəрсені қарастырғанда оларды түсіндіру үшін сол сөздерге тəн өзіндік сипаттамасы жəне айырмашылығы көрсетіледі. Қазақ тіліне енген кірме сөздердің түсіндірме сөздіктерінде олардың қандай тілден келгендігі жəне бастапқы мағыналары беріледі. Алайда соңғы 10 жыл ішінде шетел тілдерінен сөздердің көптеп енуі себебінен олардың көпшілігі сөздіктерде кездеспейді.

Кірме сөздер тілге ауызша жəне жазбаша жолмен де енеді. Ауызша жолмен енген сөздер тілге тез сіңіп кетеді де, жазбашалары өзінің фонетикалық, орфографиялық жəне грамматикалық ерекшеліктерін сақтап қалады. Тілге кірме сөздердің келуінің негізгі жолдары: транскрипция, транс- литерация, калькалау жəне семантакалық кірмелер. Транскрипция — шетелдік сөздердің өз дыбыстық формасын сақтап қалуы. Мысалы: image, summit, trailer, briefing жəне т.б.

Транслитерация — шетелдік сөздердің жазылуында ана тілінің əріптерін қолдану. Мұнда сөздер қабылдаушы тілдің ережесі бойынша оқылады. Мысалы: пиар (PR), веб (web), провайдер (provider), мотель (motel).

Калькалау — шетелдік сөздердің қабылдаушы тілдегі сөздермен берілетін тура аудармасы.

Кірме сөздерді зерттеушілердің бірі А.Т. Исламова өзінің «Шетел сөздерінің белгілері мен деректері» тақырыбындағы зерттеуінде қазақ терминологиясында шетел сөздердің келесі түрлерін ажыратуға болады дейді: 1) материалдар кірмелер; 2) калькалар; 3) аралас кірмелер (полилексемдік терминдер мен күрделі сөздерде) [2].

XIX ғасырдың аяғында — XX ғасырдың басындағы зерттеушілердің көбінің еңбектерінде «кірме сөздер» термині қолданылады, алайда кейбір зерттеушілер кірме жəне калькалауды əр түрлі процесс деп қарастыруды ұсынады. Басқа тілден енген сөздердің тілге калька арқылы енуі қабылдаушы тілдің лексикасының толықтырып байытатыны жөнінде көптеген лингвисттер Б.Əбілқасымов, Б.Момынова өз еңбектерінде атап өтеді [3, 4].

Семантикалық кірмелер — шетелдік сөздердің бастапқы мағынасының өзгеріп жаңа мағынаға ие болуы. Мысалы: блокбастер сөзінің мағынасы — 1. жылжымайтын мүлікпен алып-сатарлық жасау- шы; 2. танымал фильм. Бұл сөздің ағылшын тіліндегі алғашқы мағынасы «ауыр фугасты бомба» (block-buster).

Кірме сөздердің келуі олардың аудармасын табудан басталады. Кірме сөздердің осы аталған ке- лу жолдарының аударма жолдарынан айырмашылығы аудармада сөздік қор көбеймейді, ал кірме сөздерде тілде жаңа сөздік бірліктер пайда болады. Шетелдік атауларды аударуда көбінесе транс- крипция, калькалау жəне түсіндірме аударма қолданылады.

Кірме сөздер, егер лексикалық жүйеде оған алдын ала жағдай жасалса, жеңіл бекіп қалыптасады. Шетелдік лексиканың кіруі ежелгі сөздің полисемиясын жоюға əкелетін тенденцияның нəтижесінде пайда болуы мүмкін. Көбінесе кірме сөздерге себеп болатын соған сəйкес ұғымды нақтылау жəне тəптіштеу, əр түрлі сөздерге бекітіп кейбір мағыналық ерекшелігін шектеу (репортаж — негізінде əңгіме, хобби — əуестену, қызығушылық). Осылай тілде бар сөз бен кірме сөз өзінің семантикалық саласын бөліседі жəне бұл салалар қиылысуы мүмкін болғанмен, толық сəйкес келмейді.

Кірме сөздерді жеңілдететін фактор тілде қабылданған лексикалық бірлікпен типтес құрылымы жағынан бірдей сөздердің пайда болу тенденциясының қызметі. Мысалы, XX ғасырда басқа тілдерден енген кино, авто, такси, метро сөздері [5, 32].

Шетелдік сөздің тілге кіру себептерін қарастыра отырып, мынадай заңдылықты айта кету керек: ортақ мағынасы мен қайталануына негіздеп, бірнеше лексикалық қатарға біріктіруге болатын кірме сөздер бекітілсе жəне олар осы қатардың сөздерімен типтес болса, олардың қолданылуы біршама жеңілдейді. Мысалы, -мен деген ортақ элементі бар сөздер: джентльмен, спортсмен, конгрессмен жəне т.б. Бұл қатар осы типтес сөздермен бірте-бірте толыға бастады: бизнесмен, бармен, супермен.

Кірме сөздер — екі мүшеден тұратын атауды бір мүшеге айналдырудың жолы. Мысалы: папа- рацци — атақты адамдардың өмірінен кездейсоқ фотоларды түсірумен айналысатын кəсіби фотосуретші.

Алайда сөз тіркесін шетелдік сөзбен алмастыру тенденциясы заңдылық емес екенін атап өту ке- рек. Берілген сөз тілде қалыптасуы мəселесін қарастырғанда оның оған дейінгі синонимдес лексикалық бірліктермен арақатынасы қандай екенін т.б. анықтауда кірме сөз тілінің жүйесін сипат- тайтын факторларды, анығырақ айтсақ, микрожүйені — «тематикалық» принцип бойынша біріккен атаулардың нақты жиынтығын ескеру қажет. Мысалы, бір механизмнің бөлімдерінің атаулары немесе нақты өнімнің атаулары. Мұндай микрожүйенің ішінде кейде ортақ құрылымдық белгілер байқалады. Сонымен микрожүйенің атауы екі мүшеден тұратын болса, оның бір мүшесін сондай мағына беретін шетелдік сөзбен ауыстыру жүрмейді, себебі ол берілген топ ішіндегі жүйелік байланысты бұзуға əкеледі. Сол сияқты сөз тіркесін алмастыратын атаулар бір сөзді болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұған дейін ерекше атау берілмеген бір детальді немесе кейіпті білдіретін шетелдік сөз құрылған терминологиялық микрожүйеден алынып қалмайтындықтан, тілде тұрақтап қалуға белгілі бір себептері болады.

Сонымен, сипаттамалық тіркестерді (немесе сөз тіркесі) кірме сөздермен алмастырумен байла- нысты тілдегі экономия принципі деп аталатын мəселе пайда болады. Бұл принциптің ықпалы Е.Д.Поливановтың (негізінен фонетикалық өзгерістерде), Г.Ципфтің, А. Мартиненің жəне тағы басқалардың еңбектерінде көрсетілген. Алайда морфология, синтаксис, лексика сияқты тілдің сала- ларында бұл принциптің механизмі ықпалы анықталмаған. Мұндай кірме сөздер коммуникацияда қолданылатын лексикалық бірліктердің жиынтығындағы өзгерістерге əкеледі.

Əрине, бір жағынан, сипаттамалық тіркестерден қысқа кірме сөздер атау бірліктерін сандық жағынан қысқартады. Əрі лексикалық бірліктердің жиынтығы немесе сөздік сол тілдің барлық сөздері көлемінде болса да, бір тематикалық топтың терминдері көлемінде болса да нақты ұйымдастырылған жиынтық сипатын алады. Екінші жағынан, кірме сөздер бірліктер жиынын көбейтеді. Ал жаңа бірліктерді қолдану олардың мағынасын ашу қажеттілігіне əкеледі. Мысалы, кон- цессия деген не? Бұл шетелдік сөз жол беру деген етістіктен жасалады. Біреуге немесе бір топқа кон- цессия ұсыну оларға елдің табиғи байлығын пайдалануға рұқсат ету дегенді білдіреді. Концессиялық міндеттемелер — концеденттің жасалған концессия шарттары бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша белгілі бір күнге қабылдаған жəне орындамаған міндеттемелерінің со- масы (ЕҚ 22.10.2008).

Бұл қарама-қайшылықты кеңірек жағдайда түсіндіруге болады, яғни антонимияда «сөйлеуші– тыңдаушы». Сөйлеуші айтатын мəліметті сөйлеудің мүмкіндігінше ықшамдалған формасына кіргізуді көздейді; тыңдаушы зат туралы толық мəлімдеуге қарағанда мəтінді барынша тез түсіну мүмкіндігіне ұмтылады. Осыған байланысты егер берілген тілді білетіндерді екі тұрақты топқа — сөйлеушілер мен тыңдаушылар деп бөлетін болсақ, сөз үнемдеуді жасайтын жаңашылдыққа, соның ішінде атау сөз тіркестерін алмастыратын шетелдік кірме сөздерді қолдануда сөйлеушілер «кінəлі» болып шығар еді. Ал негізінде тілде сөйлеушілер «сөйлеушінің» де, «қабылдаушының» да ролін атқарады.

Кірме сөздердің тілге енуінің себептері мен олардың бір тілден екінші тілге өтуіне қажет жағдайларды анықтау керек. Кірме сөздер үшін басты шарт — қостілділік деген пікір лингвистер арасында кең тараған. Венгр зерттеушісі Б.Шулан «сөздік кірмелерді зерттеудегі негізгі əдістемелік принцип қостілділіктің кірме сөздердің негізі мен себебі болуы деп саналуға тиіс. Сөздің тілге шетел тілінен еніп жаңа тілде орнығуы үшін алушы тілдік қоғамның мүшелері беруші тілмен біршама таныс болуы қажет. Олар тым болмаса жартылай билингвизм сатысында болуы тиіс, əйтпесе олар сөздің мағынасын түсінбейді де сөз енгізілмейді» [6; 45].

Алайда С.Булич қостілділікті екі көршілес елдің территориялық байланысы деп түсінуге бол- майтынын жазған. Қостілділік берілген тілде сөйлеушілердің басқа тілдік ортамен қарым- қатынасынан пайда болады [7].

Б. Шулан «Сөздіктегі кірменің көбісі қостілділік ортадан пайда болады, өз ортасында ғана белгілі шетелдік сөзді алдымен қос тілде сөйлеушілер қолданады, содан соң тілдік салада кең көлемде таралады. Кейіннен ол сөз жазба сөзге кіріп, тілдің барлық саласын қамтиды» деген [6; 122].

Қазіргі жағдайда қостілділік ауызша қарым-қатынаста ғана емес сол сияқты шетелдік əдебиетті, газеттерді оқу мен аудармашылық салада да кездеседі. Кірме сөздер қостілділіктің нəтижесі ретінде қостілділердің ауызша практикада қолданатын стадиясын өтпей, бірден жазбаша сөзге түседі.

Сонымен, беруші тілмен таныс болу, қостілдіктің біраз минимумы лексикалық кірмелердің негізгі шарты болады. Бірақ шетелдік сөздердің сол тілде тұрақтануына бұл əлі де жеткіліксіз. Осы жерде басқа тілден келетін сөздердің сипаттамасына тоқтала кеткен дұрыс болады, яғни барлық шетелдік сөздер бірдей меңгеріле ме əлде олардың кейбір түрлеріне тілдік жүйеге енуге кедергі келтіретін нақты факторлар бар ма деген мəселелер.

Л.П. Крысин өзінің «Иноязычные слова в современном русском языке» атты еңбегінде «лексикалық ауысып келген сөз» термині мен «кірме сөздер» сəйкес келмейді дейді. «Лексикалық ауысып келген сөз» тек қана «сөздің бір тілден екінші тілге ауысуы» белгісімен анықталады, ал «кірме сөздер» ұғымын түсіндіруде сөздің, оның ішінде шетелдік сөздердің тілдегі қызметі, сол жүйедегі əр түрлі лексикалық элементтермен сəйкестігі, тілдегі кездесу жиілігі жəне т.б. [5, 45].

Қазіргі кезде, өзіміз көріп отырғандай, кірме сөздердің шетелдік сөздерден айырмашылығын көрсететін қалыптасқан ұғым жоқ. Сөздікке тіркелген барлық шетелдік сөздерді кірме сөздер деп есептеу ұсынылады. Бірақ бір сөздің əр түрлі сөздіктерде берілуінде айырмашылықтар болуын ескерсек, бұл мəселенің шешімі емес екендігі көрінеді.

Кірме сөздерді анықтаудағы критерийлердің əр түрлі — диахрониялық немесе синхрониялық болуы қиындық тудырады. Сөзді меңгеру — диахрониялық мəселе, себебі меңгеру уақытпен өтеді; кірме сөздердің шетелдік сөздерден айырмасы этимологиялық тарихи аспектілермен де байланысты. Екіншіден, бір синхрондық кесіндідегі тілдегі шетелдік лексиканың жиілігі, оның бір тематикалық немесе семантикалық саладағы сөздермен лексикалық-семантикалық қатынасы мəселесін қарастырғанда сөздердің тарихына, оның тілге ену жолына, олардың хронологизациясына үңілудің қажеттігі болмайды.

Cөздің берілген тілдің лексикалық жүйесіне жататындығын анықтағанда нақты бір критерийлерді көрсету мəселесіне келейік. Берілген тілдің лексикалық жүйесіне жататындығын көрсететін грамматикалық жəне фонетикалық сипаттамасына келсек, оларды көрсетуге болады. Бірақ бұл сөздің қай тілде қолданылатынын (мысалы, қазақ тілінде сөйлеушілер тіліндегі ағылшын, фран- цуз сөздері) айту үшін бұл жеткіліксіз.

Осы мəселелерді шешудің бір жолы сөзді меңгерудегі өте қажетті жəне берілген сөзді тілдің лексикалық жүйесіне енген кірме сөз деп санау үшін жеткілікті болатын міндетті критерийлер ретінде берілетін сипаттамаларды таңдау. Бөтен сөздің тілде ассимиляциялану белгілері — жеткілікті қажеттілік.

Л.П. Крысиннің айтуынша, сөздің енгізуші тіл жүйесіне енуі үшін келесі шарттар талап етіледі:

  • шетелдік сөздің енгізуші тілге фонетикалық жəне графикалық жолмен берілуі;

  • сөздің енгізуші тілдегі грамматикалық класс пен категориялармен байланысы;

  • шетелдік сөзді фонетикалық меңгеру;

  • грамматикалық меңгеру;

  • сөздің сөзжасау белсенділігі;

  • шетелдік сөзді семантикалық меңгеру: мағынасының анықталуы, тілдегі бұрыннан бар сөздер мен шетелдік сөзбен пайда болған сөздердің мағыналары мен олардың реңкін дифференциа- циялау.

Тілдегі жиі қолданылуы: кез келген бір арнайы стилистикалық сфераға кірмейтін сөз үшін — əдеби тілдің əр түрлі жанрларында; термин үшін — оны енгізген сол терминологиялық салада тұрақты қолданылуы, сол терминологиялық саладағы терминдермен нақты парадигмалық жəне мəнділік қатынасының болуы [5; 56].

Аталған белгілердің барлығы шетелдік сөздің тілге кіруі мен ондағы қызметі үшін қажеттілік бола алмайды. Факультативтік белгіге жататындар шетелдік сөздің фонетикалық жəне грамматикалық ассимиляциясы мен оның сөз жасау белсенділігі. Мысалы, қазақ тілінде қазақ тілінің дыбысталуына жəне грамматикалық жүйесіне сəйкес емес сөздер бар: имидж (дж), инжиниринг (к) сөздері.

Қазіргі бұқаралық акпарат құралдарында кездесетін кірме сөздерді қарастыра отырып, олардың енуіне сипаттама беретін болсақ:

  1. Кірме сөздердің басым бөлігі қазақ тілінің əріптерімен берілетін шетелдік сөздер: дефолт, дисплей, принтер, эмитент, стресс, имидж, фаст-фуд, билборд.

  2. Сол тілдің өз графикасын сақтап қалған шетелдік сөздер: CD, CD ROM, SMS, PR, PhD, mail.ru, me- galine, оnline, show-room, web, IT.

  3. Шетелдік орфографияны сақтап қалған шетелдік сөздер: брифинг, корпорейшн, инжиниринг, бейсджампинг, кейв-дайвинг, бестселлер.

  4. Жартылай шетелдік сөздер: web-ресурс, CD, DVD-диск, PR-агенттігі, ҚазNet.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Потебня А. Мысль и язык. — Киев, 1993. — С.

  2. Исламова А.Т. Шетел сөздерінің белгілері мен деректері. — Алматы, 2004.— 15-б.

  3. Əбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. — Алматы: Ғылым, 1971. — 73-б.

  4. Момынова Б. Газет лексикасы. — Алматы: Арыс, 1999. — 72-б.

  5. Крысин Л.П. Иноязычные слова в современном русском языке. — М.: Наука, 1968. — 188 с.

  6. Sulan B. Zu einigen Fragen des Billinguismus. — III т. — Debrezen: Slavica,Булич С.К. Заимствованные слова и их значение для развития языка. — ХV т. — Варшава: Русс. филол. вестн., 1886. —С. 26.



























  1. Мақалалар

  2.  Филология

Ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің кейбір тиімді жолдары

 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген [1]. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.

Ағылшын тілі — əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.

Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1 деңгейіне сəйкестірілген.

Шетел тілі сабағында ойын, сұрақ-жауап, өлең сөздерін толықтыру, суретке қарап мəтін құру, карточкаларды қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.

Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері — философия, психология, лингвистика, педагоги- калық еңбектер, əдістемелік еңбектер, озат педагогтардың іс-тəжірибелері.

Зерттеу əдістері ретінде бақылау, мұғалімдердің жұмыс тəжірибесін зерттеу, талдау мен қорыту, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарын талдау əдістері пайдаланылды.

Кейінгі кезде мультимедиалық, гипермəтіндік, желілік жəне коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы шетел тілін тиімді оқыту үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мəтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс жəне бейне- көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді [2].

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын əдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:

  1. Ауызша əдіс — теория жəне фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын жəне жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.

  1. Көрнекі əдіс — бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мəселеге ықыласын көтеру жəне оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.

  2. Практикалық əдіс — практикалық іскерлік пен əдетті дамыту үшін жəне тақырып мазмұнына сəйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.

  3. Ойын əдісі — оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады.

Аталған əдістерді пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мəселелер мен қағидаларды оқушыға меңгерту тиімді болып табылады [3].

Ауызша сөйлеуге үйретудің, біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде жəне монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пəнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мəтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едəуір байланысты болуы. Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек [4]. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-əрекет ұйымдастыруға болады. Шетел тілі пəні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет [5]. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мəтін бойынша жұмыс істеу үшін мына жаттығуларды беруге болады:

  • Мəтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу.

  • Мазмұнын түсіну.

  • Тірек-сызба сөздері арқылы баяндау.

  • Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу [6].

Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ-жауап, өтініш айту, нұсқау беру жəне тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-əрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, əр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нəрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет жəне əр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы тиіс. Қазіргі кезеңде пəн мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуы жатады [7–9].

«Warming up» жаттығуы. «Do you know?»

What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Wash- ington D.C.? What would you like to see in London?

Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нəтижесін жоғарлата түседі. Əдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады жəне жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың əдістерімен қорытындыланады. Əңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мəтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен əңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мəтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мəтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез жəне нақты жауап беру жəне сурет бойынша əңгіме құрастыру, əр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады [10–12].

Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан ауызша сөйлеуді меңгеруде мəтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мəтінді ауызша мазмұндау үшін тіл үйренушілерді жазбаша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, өздерінің ойларын, қызықты іс-əрекеттерін əңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар жəне тəсілдерді қолдана отырып, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту əдістері қолданылады.

Көлемді мəтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мəтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай-ақ өз бетімен əңгіме құрап, мəтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал-мəтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады [13–15].

Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын əдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады (1-кесте).

Кесте № 1.Төмендегі мəтінді мысал ретінде алуға болады [10; 55]:

My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen. Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home. When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.

Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі — «Brainstroming» əдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас əңгіме құрастыру, оны əңгімелеп айту болып табылады (2-кесте).

Кесте № 2. «Brainstorming» 2 əдісі.

Бұл əдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:

  • Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,

  • Think of as many things as you can that are

  • How many methods of travel can you think of?

  • What if you were caught in an avalanche?

  • What if tobacco wasn’t brought to Europe?

Сабақта Интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызғылықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Əннің мəтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б. (3-кесте) [8; 43].

Кесте № 3. «Spring is green» əнін толықтыру: [http://lingualeo.com/]

               is green, spring is           

               is bright. Summer is        

               is yellow autumn, is         

               is white. Winter is           

 Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, бейнефильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейнежаттығулар мен аудиомəтіндер қажет. Осы орайда мəтінді тыңдау, оқып отырудың мəні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады (4-кесте) [4; 10–13].

Кесте № 4. Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау: [yandex.kz]

  

 Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.[yandex.kz]

  Көріп біткен фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:

  1. Жазбаша жоспар құру, мəтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.

  2. Ауызша мəтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.

  3. Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.

Жұмыстың мұндай түрі ағылшын тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Ағылшын тілін тыңдап түсіне-білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге бейне-фильм жəне диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Ағылшын тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем жəне деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады [16].

Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-əрекеттер арқылы да тіл дамытуға болады (5-кесте). Мысалы, ойынды сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты қалыптасуына, дамуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, əрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пəнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды жəне оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндеттерді шешеді. Ойынды сабақтың əр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады [17]. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Around the world, Order Race, Question race, Bingo, Go fish т.б. (5-кесте).

Кесте № 5. Ойын арқылы ауызша сөйлеу қабілетін дамыту:

  1. «What’s in the bag?» «Сумкада не бар?» ойыны.[http://www.correctenglish.ru/]

Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды: Балалар, сумкада не бар? Балалар ішінде дəптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолдануына болады. Əсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолданған тиімді. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Содан соң оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды былай сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтады, сондай-ақ оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі.

  1. «Whose birthday is today?» ойыны.

Мұғалім оқушыларға «One of you has a birthday today. Guess who she is».

Оқушылар: What colour is her hear? What colour are her eyes?

What is her nose like? What is she wearing?

What is her hobby? — деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл жұмыс түрі де оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.

Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Қазіргі замандағы мұғалімдер ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін «Interview» («Интервью») ойынын қолдану өте тиімді деп есептейді. Сұрақ–жауап жұмыстарында ойындарды қолдану да өте қызықты деп саналады [2].

Қорыта айтқанда, қазақ мектептеріндегі 5–6-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді əдістерді пайдаланып, əр түрлі жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқадық. Тілді үйретуде «қарапайымнан күрделіге қарай» принципін ұстану қажеттігін түсіндік.

Адамдар тілді қолданғанда «Нені?», «Қалай?», «Қайтіп?» деген сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланады. Енді осыны үйрету мақсатында қолданса, үйретуші мен үйренуші үшін екеуара тиімді тəсіл болары даусыз. Үйретуші толып жатқан тілдік құбылыстардың қайсысын бірінші, қайсысын кейінірек оқытуда құрылым жəне мағына бойынша басымдыққа ие бола алса, үйренуші де дəл солай таңдау мүмкіндігіне ие бола алады.

Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздерінің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.

Ағылшын тілі пəні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйретуде əлемдік озық тəжірибелерді, жаңа технологиялар мен əдістерді барынша қолдануда.

Ауызша сөйлеуді үйретуде əр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді. Мысалы, қазіргі білім беру үдерісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа алып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы əр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз. Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізу үшін, ең біріншіден, оқушылардың сөздік қорын байытып, содан соң жаңа өткен сөздердің есте сақтап жəне де əр жағдайда қандай мағынаны беретінін түсіндіру қажет. Кейін осы жаңа сөздері бар фильмдер көрсету, өлеңдер тыңдату, диалог жəне монолог құрастыру арқылы жұмыстар жүргіздік.

Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету оқушылар мен мұғалімдер, оқушы мен оқушы арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір-бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым-қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен əр ұстаз қандай технологияны таңдаса да ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс. Өйткені техникалық құралдардың əрқайсысын жете білу жəне меңгеру — оқушы үшін ең қажетті шарт. Сонда ғана оқушылар ауызша сөйлеуге үйреніп, олардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, сөйлеуге жаттығады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. — Астана: ҚР БжҒМ, — 5-б.

  2. Жұмаева Э.С. Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі. —Қызылорда: Санат, 2012. — 20–24-б.

  3. Қойшығұлова Л. Ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. —2014. — № 1. — 44, 45-б.

  4. Брекеева А.С. Жаңа білім беру əдісі // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — 2014. — № 1. — 10–13-б.

  5. Бақытов А., Жұманова Р. Шетел тілін үйренуде тілдескіш оқу құралдарының тиімділігі // Мектептегі шет тілі. — 2011. — № 4. — 23–25-б.

  6. Бакишева Л.Б. Шетел тілі сабағында ойын технологиясын қолдану // Мектептегі шет тілі–Иностранный язык в школе. — 2011. — № 4. — 7, 8-б.

  7. Альмухамбетова Г.К. Влияние стратегий технологии критического мышления на раскрытие творческих способностей учащихся // Респ. пед. журн. «Мастер-класс». — 2011. — № 5. — С. 3–6.

  8. Кенжеева Г.Қ. Оқыту мен тəрбиелеудің қазіргі заманауи технологияларын оқыту үрдісіне енгізу негізінде педагогикалық ұжымының кəсіби құзыреттіліктерін арттыру // Мектептегі шет тілі = Иностранный язык в школе. — — № 4.

  9. Сматуллаева Б. Ағылшын тілінде əн үйренудің маңыздылығы // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — 2014. — №— 25, 26-б.

  10. Аяпова Т., Абильдаева З. Английский язык: учебник для 6 класса общеобразовательной школы. — Алматы: Атамұра, 2002. — 160 с.

  11. Шоманова А.С., Жансаринова Г.С. Тіл ұстарту жұмыстарының ерекшеліктері // Респ. пед. журн. «Мастер-класс». — 2015. — № 1. — 50, 51-б.

  12. Мадиева С.С. Benefits of extracurricular activities for students // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — — № 1. —4, 5-б.

  13. Касимова Р.Н. Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі. — Астана, — 16, 17-б.

  14. Ибрагимова С.Е. Тыңдап-түсіну, сөйлеу дағдысын арттыру шеберханасы. // Респ. пед. журн. «Мастер-класс». — 2009. — № 11. — 46-б.

  15. Қалышева Т. Ағылшын тілін оқытудағы дидактикалық ойындар // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — — № 1. — 3-б.

  16. Бегазова М.Ж. Шетел тілі сабағында білім алушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру жолдары //Мектептегі шет тілі. — 2011. — № 4. — 28–31-б.

  17. Аяпова Т., Укбаев Д. Английский язык: учебник для 5 класса общеобразовательной школы. — Алматы: Атамұра, 2001. — С. 28–31.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
830
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі