400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік өзгерістердің «Отбасы» институтының дамуына әсері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтерге көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік өзгерістердің «Отбасы» институтының дамуына әсері.

Бала нені білсе жастан, ұядан

Өле өлгенше соны таныр қиядан.

Жүсіп Баласағұн.
Отбасы - баланың түпкі тамыры,ол – баланың болмысын қалайтын мекен. Еліміздің ертеңі – бала десек, онда баланы бесіктен тәрбиелеуді қолға алу керек. Себебі мемлекеттің тірегі де,болашағы да,қаруы да – бала. Отбасы деген – бір мемлекет, адамзат бесігін тербеткен ұя. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана,ол анаға қарап бой түзейді. Яғни отбасы - ұрпақтар арасындағы байланыс, рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.

Отбасы институтын және неке мен отбасы қарым-қатынастарын нығайту,   отбасының беделін көтеру, отбасы және неке құндылықтарын насихаттау – барлығымыздың борышымыз екенін ұққанымыз жөн. Әсіресе мектеп өмірінде ата- ана мен бала арасындағы байланысты нығайту үшін де біздің қазіргі оқу семинарынан алған біліміміз бізге үлкен көмек болары даусыз. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.Отбасындағы тәрбие- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру да – біздің міндетіміз болып саналмақ..

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу – отбасында кездесетін келеңсіз жайлардың алдын алуға көмектеседі деп ойлаймын.
Берекелі отбасында дүние есігін енді ашқан әр бала алғашқы әрі дәстүрлі отбасылық тәрбиесін, өмірлік даму ұстанымдарын, тәлім мен тәжірибесін жинақтайды. Олай болса, баланың болашақтағы өмірінде қоғамның бір ажырамас бөлігі болу отбасылық әлеуметтік институтының басты міндеті болып табылады. Елбасымыздың ықпалымен 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі деп бекітілді. Отбасы қоғамның ажырамас бөлігі, оның осал болуы жалпы мемлекеттің әлсіреуіне тікелей ықпал етеді. Осы ойды Елбасымыз өз сөзінде былай келтіреді: «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді».Олай болса,біз де  жастарға тәрбие беру барысында отбасындағы рөлін, отбасының маңыздылығын оның құндылықтарын жеткізуіміз өте маңызды. Болашақта отбасы болғаннан кейін ол өзінің жанұясы үшін өмір сүре алатындай қылып ертеден құлағына сіңіріп отыру керек.

Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана шектелмейді. Әрі қарай олардың ісі ,ақылы арқылы балаға ықпал ету де жатады. Және тағы бір тоқталатын жайт,ол – баланың өскен ортасы,жолдастары ,мектеп. Бала тәрбиелеуде бұлардың да маңызы зор.

Мектеп психологының ата –анамен атқаратын  қызметінің басты мақсаты - ата –аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы микроклимааттың болуына ықпал ету, көмек көрсету, кеңес беру. Педагогикалық-психологиялық сүйемел жасап, білімдерін көтеру. Отбасы-барлығының басы, баланың жеке басының жан- жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Ал әке мен шеше , ата мен әже, апа мен ағалар баланың ең алғашқы тәрбиешілері екенін үнемі еске салып отыруымыз керек. Отбасы қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан, оны нығайту, оның тәрбиелік мәнін арттыру, сол қоғамның басты назарында болуы да аса маңызды. Бала тәрбиесі мәселесінде ата – ананың жауапкершілігі күшті. Олар үйде көрген өнегесін мектептен алған білім, тәрбиесімен толықтырады, отбасында болып жатқан сан алуан ірілі - ұсақты оқиғалар, ата-ананың баламен сөйлесуі , үй шаруасының іске асуы, әке мен шешенің еңбекке деген көзқарасы , демалысты дұрыс ұйымдастыруы, өздерінің туыстары мен жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі де отбасындағы балаларға әсер етеді. Олардың мінез-құлқын , тәрбиесін қалыптастырады. Психолог – маман ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе , жұмысты ең алдымен , ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны , жүргізгені, талап еткені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек те болады.

Отбасы, ошақ ұя – жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін бүкіл қоғам болып атсалысуымыз керек.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі