ҚАЗІРГІ
ҚОҒАМДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ
ЖӘНЕ
АҚПАРАТТАНДЫРУ
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп
оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану және
оның тимді әдістерін ұсыну өзекті проблемаға айналып
отыр. АКТ-ны күнделікті оқу
үдерісінде пайдалануда,
Оқушыларға амал тәсілдерді
көрсетуі;
Идеяларды салыстыру(өнер мен
музыка саласында және т.б.)
Зерделеу және талқылау
мақсатында көркем жазуда;
Оқушылардың жұмысы мен
түсініктерін салыстыру;
Бұрынғы әдетке айналған оқу
үрдісінде мұғалім басты рол атқарған болса, қазіргі оқу үрдісінде
оқушы белсенділік көрсетуге тиіс, яғни мұғалім көбінесе кеңесші
бағдарлаушы рол атқаруға тиіс.
Қазіргі кезде оқытудың басты
мақсаты өз бетінше дами алатын жеке шығармашылық тұлғаны
қалыптастыру болғандықтан, мектеп қабырғасындағы оқушылар өз
бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруге тиіс
деп ойлаймын.
Бекта (2003 ) сыныпта АКТ-ны
жоғарғы деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталай жақсарғанын
байқаған. Оқу мен оқытуда ғылыми теориялық білімдерінің тәжірибелік
сабақтардың нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерінің бірлігін
қажет ететіні ерекше атап көрсетілген.
Білікті мұғалім үшін жоғарыда
аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдердің
біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қажет етеді. Орынсыз
қолданғаннан пайда әкелмейтіні тағы
дәлелденген.
Жаңа заманның жас шәкірттерін
тәрбиелеуде мұғалімдер жаңа талаптарға сәйкес компьютермен оқытудың
техникалық құралдарын пайдалана отырып, сабақ өткен жағдайда
оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат
қабылдайды екен. Көптегеген оқушылардың есте сақтау қабілетінің
ішіндегі көру кабілетінің рөлі ерекше.
АКТ оқушыларға ғылыми
ұғымдарды түсіндіруді яғни қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге
мүмкіндік беріп, жаңа сабақты түсіндіруде жеңілдетуге мүмкіндік
берген тиімді құрал. Сонымен қатар оқушыларды танымдық және
метатанымдық тапсырмаларды орындауға ынталандыра
алады.
«Математика» пәніне арналған
ЭО оқулық Қазақстан Республикасы жалпы орта мектеп оқу
бағдарламасына сәйкес жасалған. Алматы қаласының тәжірибелі
мұғалімдері қызықты материалдарды жинақтап, білімді ұғыну, бекіту
қайталау қортындылау үшін осы бағдарламаны ЭО –ты жұмыс дәптері
оқулық және шағын фильм деген.
Себебі, 3-сыныпта ЭО-та 80
интерактивті тапсырмаларды жазуға, есептеп шығаруға, теориялық
материалдарды оқу 16 жанбітірімді түсінуге болады. ЭО мазмұны
модулдік технолгия бойынша берілген. Оның мазмұны келесі тізбекте
көрсетілген.
«Сандар»
«Арифметикалық
амалдар»
«
Өрнектер»
«Шамалар»
Өз тәжірибемде қазіргі таңдағы
орта мектептің алдында тұрған проблеманың бірі- оқушылардың
математика пәнінен дайын үлгідегі стандарттық есептерді
шығарғанымен, мәтінді есептерді шығаруда қиындыққа тіреледі. Ол
қиындықтың шешу жолын қарастыруда икемділігіне қарай әдіс-тәсіл
таңдау қажет.
Тапқырлықты керек ететін
есептерді шығару қажет, Өйткені оқушы оқу үдерісіне белсенді
араласып өзіне мақсат қойған жағдайда ғана оқу нәтижелі болатыны
сөзсіз.
Оқушы
үшін:
Оқушылар түрлі нысандағы
ақпараттарға қол жеткізе алады.
Оқуда жаңалық жасауға
(веб-сайттан кез келген пән бойынша ақпарат
алу);
Оқушыларға мәтіндердің
түрлерін көрсету. Эмоция мен сезімін білдіру авторлар сөзін
пайдалану арқылы сабақтастыру.
Жұмыс барысында оқушының ойлау
операцияларына байланысты
(анализ, салыстыру,
абстракциялау) психикалық процестері
дамиды.
Сауат ашу барысында жазуға
қойылатын талаптар: әріптің баспа түрі,содан соң жазба түрі, үлкен
және кіші әріп емлесін үйретудің тиімді жолы иллюстративті түрде
әріпті жазу каллиграфиясы көрсетіледі және оқушының-жазып үйренуіне
жағдай жасалған.
Оқушының сөз-логикалық ойлауын
дамыту мақсатында нақты әріпке байланысты сөзді қатесіз теріп шығуы
үшін компьютердің дыбыстауы арқылы сол сөз қайталанып отырады,
оқушы ести отырып сөзді теріп шығуына мүмкіндік
беріледі.
Оқушының танымдық
белсенділігін арттыру үшін оқу тапсырмалары этностық сипаттағы
“Бәйге” “ Теңге алу” “Арқан тартыс” сияқты ұлттық ойындармен
ұштастырған.
Оқушыларды көрнекі- бейнелік
тапсырмаларды орындау барысында және логикалық ойлауын
дидактикалық-ойын жаттығулады шешу кезінде дамытуға байланысты
жұмыстар кезектестіріліп беріледі. Өз жұмысын бағалауға
үйренеді.
Мұғалім
үшін;
Уақытты тиімді
пайдаланады;
Оқытудың жаңа технологияларын
меңгеруіне жағдай жасайды;
Әр оқушымен жеке - дара жұмыс
жасауына мүмкіндігі бар;
Мұғалім өз сабағының
менеджері;
Әр оқушыны қабілетіне қарай
тапсырма беріп, жұмыс нәтижесіне қарай мониторинг жүргізіп отыруға
жағдай туады.
Бастауыш сынып оқушыларының
ақпараттық техника саласында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен,
білумен байланысты көрінеді.
Сондықтан менің ойымша
бастауыш сынып оқушыларының электрондық оқулықты пайдалану әрбір
сабақтың тарауына байланысты пайдалану тиімді болмақ
.
Бастауыш мектеп жасындағы
оқушылардың компьютерге, компьютерлік ойындарға деген ынталары,
қызығушылықтары, сондай -ақ компьютерлік технологияның орасан
мүмкіндіктері және бастауышта дамытушы компьютерлік ойындардың
дидактикалық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ғылыми-зертеу дәлел
бола алады.
Оқыту мен тәрбиелеу барысында
алдыма мынандай мақсат қойдым: Оқытудың жаңа әдіс- тәсіліне сүйене
отырып , оқушының ізденгіштік, танымдық іс-әрекетіне, өмірге көз
қарасын қалыптастыру, оқушылардың білімін іс- жүзінде пайдалана
білуге үйрету. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу
дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру
және сабағымда СТО бағдарламасын күнделікті сабақ жоспарына енгізіп
келемін. Бұл бағдарламаның әдіс- тәсілдері оқушыларды тынымсыз
ізденімпаздыққа баулиды. Тұлғаның еркін терең жан-жақты ойлануына,
үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.
Өз тәжірибемде “Оқу мен жазуды
сын тұрғысынан ойлауды дамыту”
технологиясының
әдіс-тәсілдерін әдебиеттік оқу, қазақ тілі,
дүниетану
сабақтарында
қолданамын.
Оқушы өз бетінше білім алып,
көп пікірдің ішінен өзіне маңыздысын ала
білетін, біреудің пікірін
тыңдай білетін, және өзіне керектісін
алатын,
еркін сөйлейтін, батыл өз
пікірін қорғап шығатын шығармашыл
мәдениеті дамыған тұлғаны
қалыптастыру. әдебиеттік оқу
сабақтарында “Қызығушылықты
ояту”, “Топтастыру“, “Эссе жазу ”
“Автор шығармашылығы” “Әдебиет
үйірмесі ” “Салыстыруға” арналған
тапсырмаларды “ Венн
диограммасына” салып, қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты
күрделі ойлау операциясын меңгереді. әдебиеттік оқу дүниетану
сабақтарында жиі қолданамын.
1) ынтамен байланысты
қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік)
2) темпераментпен байланысты
қабілеттер (көңіл күй)
3) ақыл –ой
қабілеттері
Сұрақ қою болжамдарын тексеру
растау немесе теріске шығару оқушының сыни тұрғыдан ойлау және оны
дәлелдеу. Бір затты өзгертудің әсерін салыстыру. Қоршаған орта
әсерін зерделеу. Математика пәнінде сандар тізбегін нысандар мен
модельдер жасау.
Бастауыш мектепте оқу үрдісіне
ақпараттық жаңа технологиялар (АКТ) құралдарын қолданудағы
мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып
табылады. Оқушылардың танымдық қызығушылықтың болуы-олардың сабақта
белсенді, білімнің сапалы болуына оқуға, жағымды түріткісін
қалыптастыруға тиімді.
Қорытынды: оқыту үрдісінің
тимділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстануға мүмкіндік
береді.
АКТ құралдары оқыту үрдісінің
барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде,
алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын
бақылау барысында оқытушы мен оқушының іс-әрекеттеріне араласып,
онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді.