Материалдар / Қазіргі қоғамдағы компьютердің пайдасы мен зияны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі қоғамдағы компьютердің пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қазіргі қоғамдағы компьютердің пайдасы мен зияны»

Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты дебатта бас қосып отырсыздар. Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол – өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күнімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Бүгінгі дебат тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Компьютер шын мәнінде қазіргі уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.

Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің пайдасы және зияны»

Сабақтың түрі: Дебат /пікір – талас/

Сабақтың мақсаы:

1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтыау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.

2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ексеріп, қарастырылатын тыңдай білуге тәрбиелеу

3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар /

Таныс болыңыздар бүгін компьютердің пайдасы туралы сіздерге 11«А»оқушылары сөз қозғайды.

Компьютердің зияны туралы , даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар11«Ә» сыныбы оқушылары

Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.

1. Әр топ өздерін таныстырады;

2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады регламинт 3-5 минутты сақтау)

3. Екі топ өзара сұрақ алмасады

4. ашық дауыс беру (көрермендер, әділ қазылар)

5. қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз

Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор». Компьютердің маңызын, оның пайдасы туралы толық мағлұмат алу үшін ең алдымен «компьютер» сөзіне толық мағына беріп алайық. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал- компьютер. Ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп -қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Сақтансаң құдай сақтайда деген мақал бар ол өзіңе байланысты. Әрине барлық нәрсе шегінен асса зиян келтіреді. Ал күнделікті пайдананып отыру зиян емес.

Буглеев Дениз:Қазақстанда компьютер адам денсаулығына зиянды деген қате ұғым бар, осыны мен ойлаймын, әдейі Қазақтарға таратқан көпдеген теріс ағымдардың бірі ма деп. Компьютерден қашпау керек, бүкіл дүниені жүргізіп жатқан компьютер, біз Қазақтарда осы саланы меңгеруіміз керек, бала кезіннен компьютедір үйрету керек, ақшаң жетпесе де нашар болса да алу керек, бала кезіннен үйренсе нағыз маман болып шығады деп ойлаймын. Бізге компьютер коп болса сонгы 10-15 жылда келді? ал Жапонияда ол бурыннан бар. Солар да жур гой?? Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде- осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады.Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!