Материалдар / Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудағы Ы.Алтынсариннің идеясының өзектілігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудағы Ы.Алтынсариннің идеясының өзектілігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудағы Ы.Алтынсариннің идеясының өзектілігі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
199
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудағы

Ы.Алтынсариннің идеясының өзектілігі.

«Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз балалар –

Шамнан шырақ жағылар» деп басталатын өлеңімен балалық санамызда мәңгі есте қалған ағартушы ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері,қазақ даласының жарық жұлдызы- Ыбырай Алтынсариннің орны біз үшін бөлек. Ыбырай атамыз алғашқы ұлттық «Мектеп» деген жаңа жүйені қазақ даласына алып келді. «Әрбір қазақ - жалғызым!» деп, әр қазақ баласының сауат ашып, білім нәрімен сусындауына бар күш - жігерін жұмсаған , болмысы биік дара тұлға еді.Ыбырай Алтынсарин -қазақ әдебиеті саласында орнын төрден алған тарихи тұлға. Әр заманның өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны хақ. Тарихтың бір аумалы – төкпелі уақытында қызмет атқарған ағартушының өмірі қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған уақытпен тұспа-тұс келді. Сол уақыттарда Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтеріп, жастарды оқуға шақырды. Ыбырай Алтынсарин алғаш өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөлді. Әдеби шығармалары арқылы оқу жүйесіне тың тақырыптар әкелді. Мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері балалар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, жазба әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырды.

Ы.Алтынсарин еңбектеріңде баланы елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлт табиғатына лайық небір тамаша әдістері ұсынылады. Ы.Алтынсарин адам тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі таңда жан аямай кәсіп қылудан безінетін «бейнет көрмей дәулет жоқ екенін»ұғынбайтын ,ұрлық пен қулықты қызық көретін жастарды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйрететін, ел

болып ер жетуімізге жол нұсқайтын асыл-Ыбрай мұрасы екені хақ.

Ыбырай Алтытынсариннің ізгі ойлары, талғамы, педагогикалық идеялары көптеп саналады. Еліміздің үлкен бір проблемасы болашақ жас ұрпағымыздың проблемасы болып есептеледі.

Ендеше, бүгінгі алға қойған мақсат Ыбырай Алтынсаринның еңбек, тәртіп, тәрбие идеяларына тоқталып, қазіргі заман талабымен ұштастыру. Данышпан ұстаз әр баланы біртұтас жасампаз тұлға деп қарайды. Бүкіл адамзат қоғамындағы материалдық және рухани байлықтың бәрі де адам еңбегінің күші арқылы жүзеге асатыны белгілі.

«Еңбек-байлық атаулының негізі. Ол бүкіл адамзат өмірінің бірінші алғы шарты. Адамның өзін жасаған еңбек»-деп Ыбырай Алтынсарин ғылыми түрде тұжырымдап көрсеткен.

Сондықтан 2-3 жастағы балаларды ересектермен бірге және өздігінен еңбек әрекеттеріне қатысуға тәрбиелеу,өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру қажет. Балабақша есігін ашқан күннен бастап, бала тазалыққа үйренеді, өз-өзіне қызмет көрсете алу,яғни дұрыс жуынуды,үлкеннің көмегімен суды дұрыс ағызып, сабын-сумен қолдануды үйренеді, өз еріктерімен жуынуға қызығушылықтары оянады. Балалар қарапайым шаруашылық-тұрмыстық еңбекке қатысады. Алдымен тәрбиешінің көмегімен әр түрлі процестерге қатысады. Балалар бақшаға келгенде ең алдымен табиғат бұрышына көңіл бөледі.Ондағы балықтарға жем салады,тотықұстың ыдысына су құйып, жем салады, торын тазалайды. Өсімдіктерді күтуді үйренеді, шаңын сүртеді, топырағын қопсытады.Топта балалар ойыншықтармен ойнағанды ұнатады, әр бала өзіне ұнайтын ойыншықты таңдап, еркінше ойнайды. Болғаннан кейін,тәрбиешілерге көмек көрсетеді, ойыншықтарды өз орындарына орналастырады.

Міне, кезінде аса көрегендікпен көпшілікке ұсынған осы ұғым тұжырымдары қазір де тәрбиешілер мен ұстаздардың қажетіне жарап жүр. Еңбекті қадірлеу-оның шығармаларының басты тақырыбы өсиет, өнеге айта отырып, ой саларлықтай салмақ тастады. Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқталып, «бағып-қағып үлкен мән берсең бала тәрбиесіне» жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен пара-пар. «Дүниедегі жақсы атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызда дарып, сіңеді»- деп тұжырым жасайды ұлы ағартушы.

Алтынсарин балаларды еңбек арқылы тәрбиелеу, оқыту өз еңбегіңің нәтижесін көруге, одан қанағат, ләззат алуға үйретеді, еңбек етіп үйренген адамға білім беру жеңілірек болады деген пікір ұсынады.

Тәрбиенің қазіргі біз пайдаланып жүрген қай саласын да Алтынсарин еңбектерінен табуға болады. Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Әр баланың табиғи дарын, қабілетін ашу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалану керек, бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, баланы жалықтырмай жүргізуге болады. Сабақ -ізденуден, көп еңбектенуден туатын педагогикалық шығарма. Кезінде Алтынсарин да оқытушыларға дәл осындай талап қойған болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иделарының өміршендігін-байқатады. Жаһандану уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр. Қазіргі таңдағы ағым да оңай болып отырған жоқ. Біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп тұр деген сұрақ әрбір ата-ананың, әрбір педагогтың көкейінде тұр. Жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта тәрбиелеу баланың балабақша табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның әлеуметтік қажеттігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына ықпал етеді. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер, ұстаздар маңызды роль атқарады. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру - бұл адамгершілікке, руханиятқа, интеллектке тәрбиелеу. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. 5-6 жасар балаларға арналған экология жолында, балалар бақша ішінде тәрбиешілермен еңбек жасайды, көкөністердің өсіп-жетілуін бақылайды . Балабақшаның ішіндегі безендіру экологиялық бағытқа сай болуы керек, яғни экология бөлмесі, экологиялық бұрыштар балалармен жұмыс жасауға және балалардың жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Мектепке дейінгі жас үшін маңызды іс-әрекеттердің бірі – бұл қарым-қатынас. Ол тұлғаның дамуының қажетті шарты .

Менің де тәрбиеші ретінде алға қойған мақсатым – балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. Сол себепті ұйымдастырылған оқу қызметі идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, құштарлығын танытуға бағыттаймын. Соңғы кездері өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясының элементтерін қоданып келемін. Әр ұйымдастырылған оқу қызметінде дамыта оқыту технологиясының стратегиялары балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға, ойнай отырып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Жаңашыл тәрбиеші ретінде әр ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиеленушілердің қызығушылық-тарын тудыратын әдіс-тәсілдерді саралап, топтағы әр баланың деңгейін ескеріп, өзіндік пікір, идеялар, өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін тапсырмалады дайындап келемін.

Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті - оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесе отырып жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді шешу, түсіндіру.

Көп жылдар бойы өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясының төмендегі әдіс-тәсілдерін қолданып келемін:

1. «Ой қозғау» әдісі

2. «Ассоциация» әдісі

3. «Салыстыру» әдісі.

4. «Топтау» әдісі.

Мектепке дейінгі мекемелерде дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолдану баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға көп мүмкіндік береді. Аталған педагогикалық технология мен инновациялық құралдар балабақшадағы балалардың жас ерекшеліктерін, балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана сәтті пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады.

Дамыта оқыту жүйесінде тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуын басты назарда ұстаймын. Баланы кішкентай деп қарамай оның пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына зор мүмкіндік береді.

Адамның жеке басының мінез-құлқын қалыптастыру, оның бойына жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп тәрбиелеу ата-ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатындығын белгілі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал біздің ойымыздың айғағы іспеттес. Қазақстанның әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосылу стратегиясы аясында білім мен ғылым, өнер,білімдік технологиялар ,саласындағы жаңа ұмтылыстарға Ы.Алтынсариннің еңбектеріндегі педагогикалық мәселелер мен ұстанымы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру заңдылықтарын жан-жақты ашуға толық мүмкіндік береді, жаңа ғылыми ізденістерге жол ашады





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!