Қазіргі уақыттағы волонтерліктің пайдасы
Волонерлік – бұл өмір салты мен
өмірге деген көзқарас. Қазіргі қоғамда волонтерлік – тек көмек
көрсету ғана емес, сонымен қатар азаматтық белсенділік пен
жауапкершіліктің көрінісі. Волонтер болу – бұл адамгершілік,
жанашырлық пен қоғамдық сананың биік деңгейін танытатын іс. Қай
заманда болмасын бір-біріне көмектесу, қолдау көрсету ұлт пен
ұлыстың, мәдениет пен діннің ажырамас бөлігі болып келеді. Ал
бүгінгі күні бұл әрекеттер арнайы ұйымдасқан түрде «волонтерлік»
деп аталып, түрлі салада белсенді атқарылуда.
Волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі зор. Ол әлеуметтік, мәдени,
медициналық, экологиялық және білім беру салаларында көрініс
табады. Мысалы, қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету,
науқастарға күтім жасау, табиғатты қорғау, мәдени іс-шараларға
атсалысу сынды бағыттарда волонтерлердің еңбегі өлшеусіз. Олар –
қоғамдағы көмекке зәру жандарға үміт сыйлайтын, қиын сәтте жанынан
табылатын жандар.
Қазақстанда да волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. «Жасыл
ел», «Birgemiz», «Жастар рухы» сынды бағдарламалар жастарды қоғам
өміріне белсене араластыруға үлкен мүмкіндік беруде. Бұл тек жеке
тұлғаның дамуына емес, тұтас ұлттың бірлігі мен әлеуметтік
тұрақтылығына әсер ететін маңызды құбылыс.
Волонтерлік – адамдардың бір-біріне деген сенімі мен
сүйіспеншілігін арттырады. Бұл – қоғамды жақсылыққа бастайтын жол.
Сондықтан волонтер болу – бұл тек уақыт бөлу ғана емес, бұл –
жүректің таңдауы. Осы орайда, әрбір жас ұрпақ қоғам алдындағы
азаматтық борышын сезініп, мүмкіндігі келгенше волонтерлікке өз
үлесін қосса – еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазіргі уақыттағы волонтерліктің пайдасы
Қазіргі уақыттағы волонтерліктің пайдасы
Қазіргі уақыттағы волонтерліктің пайдасы
Волонерлік – бұл өмір салты мен
өмірге деген көзқарас. Қазіргі қоғамда волонтерлік – тек көмек
көрсету ғана емес, сонымен қатар азаматтық белсенділік пен
жауапкершіліктің көрінісі. Волонтер болу – бұл адамгершілік,
жанашырлық пен қоғамдық сананың биік деңгейін танытатын іс. Қай
заманда болмасын бір-біріне көмектесу, қолдау көрсету ұлт пен
ұлыстың, мәдениет пен діннің ажырамас бөлігі болып келеді. Ал
бүгінгі күні бұл әрекеттер арнайы ұйымдасқан түрде «волонтерлік»
деп аталып, түрлі салада белсенді атқарылуда.
Волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі зор. Ол әлеуметтік, мәдени,
медициналық, экологиялық және білім беру салаларында көрініс
табады. Мысалы, қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету,
науқастарға күтім жасау, табиғатты қорғау, мәдени іс-шараларға
атсалысу сынды бағыттарда волонтерлердің еңбегі өлшеусіз. Олар –
қоғамдағы көмекке зәру жандарға үміт сыйлайтын, қиын сәтте жанынан
табылатын жандар.
Қазақстанда да волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. «Жасыл
ел», «Birgemiz», «Жастар рухы» сынды бағдарламалар жастарды қоғам
өміріне белсене араластыруға үлкен мүмкіндік беруде. Бұл тек жеке
тұлғаның дамуына емес, тұтас ұлттың бірлігі мен әлеуметтік
тұрақтылығына әсер ететін маңызды құбылыс.
Волонтерлік – адамдардың бір-біріне деген сенімі мен
сүйіспеншілігін арттырады. Бұл – қоғамды жақсылыққа бастайтын жол.
Сондықтан волонтер болу – бұл тек уақыт бөлу ғана емес, бұл –
жүректің таңдауы. Осы орайда, әрбір жас ұрпақ қоғам алдындағы
азаматтық борышын сезініп, мүмкіндігі келгенше волонтерлікке өз
үлесін қосса – еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.
шағым қалдыра аласыз













