400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазіргі заман мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен ой бөлісу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек.

Алматы облысы Райымбек ауданы «Көлсай » кәсіптік техникалық колледж әдіскері Қуанышбек Зейітов Сәпінұлы

Қазіргі заманда ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, тәлім -тәрбие беруден жалықпайтын, еңбекқор , шығармашылығы мол, парасатты ұстаз керек.

Тәуелсіз ел атанып ,төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың , елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне , сапалы білім алуына да мықты көніл бөлінуі қажет.

Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық ұлттық тәрбие беретін адам болуы шарт. Оқушыларды Отанын сүюге , адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт- дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың парызы.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі

ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс- тәжірибесінің шыңдалып қалыптасуына байланысты.

Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім –тәрбиенің маңызы зор.

Мұғалім жан-жақты жетілген, білімді, әдістемелік шығарма-шылығы мол ,халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сананы, қарым-қатынас түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Сонымен қатар алдына қойған мақсатына жету үшін өзінің күш-қайратын, ерік-жігерін жұмылдырып, шыңдауы тиіс. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты , ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.

Кәсіби даярлық, эстетикалық педагогтік қарым-қатынастың маңызды шарты болып табылатын психологиялық даярлықты меңгеруі керек. Осындай дағдыларды меңгерген мұғалім ғана заман талабына сай, оқу- тәрбие жұмыстарының міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыра алады.

Елбасы: Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары.Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе , Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Болашақта біздің жастарымыз саналы , парасатты, білімді боларына сөзсіз сенемін. Себеебі, сыни көзқарасы қлыптасқан , сындарлы ойлай білетін жас ұрпақ біздің кемел болашағымыздың тірегі болады деген ойдамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі